Бағдарламасы мектеп тренеріне арналған нұСҚаулық


Оқытудағы уәждеу тәсілдері



Pdf көрінісі
бет6/163
Дата05.08.2020
өлшемі1,1 Mb.
#76190
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   163
Байланысты:
билеты по истории Казахстана, Презентация, Презентация, Презентация, Презентация, Презентация, Презентация, «Двадцать Вершин Независимости»
Оқытудағы уәждеу тәсілдері
Мектеп  тренерлері  адамдарды  оқуға  және  өмір  бойы  білім  алушы  болуға  не 
ынталандыратынын біледі.
Мектеп  тренерлері  өз  тобындағы  мұғалімдерді  оқуға  не  ынталандыратынын  түсінуге 
тырысады. Олар мұғалімдер курсқа не себепті жазылғанын және бағдарламаны аяқтағаннан 
кейін неге қол жеткізуге үміттенетінін анықтау үшін оқу үдерісінің басында сауалнама жүргізе 
алады. Оқу кезеңінің барысында мектеп тренерлері уәж мәселелерін мұғалімдермен жеке-дара 
және/немесе топтарда талқылайды. Олар оқу мен дамуға қолдау көрсетіп, ынталандыру үшін 
алынған деректерді пайдаланады.
Мектеп  тренерлері  тыңдаушылар  таным  үдерісіне  қызығушылығын  жоғалтпау 
үшін  оқу  ортасы  мен  жұмыс  ағымын  басқарады.  Олар  сабақ  кезеңі  мен  тыңдаушылар 
қажеттіліктеріне  қарай  оқыту  стилін  өзгерте  отырып,  жеке  тыңдаушылар,  жұптар, 
топтар және тұтас сыныптарда оқытуды бақылайды.
Мектеп тренерлері сабақтың белгілі бір мақсатына жету үшін оқытудың әртүрлі белсенді 
тәсілдерін пайдаланады. Күні бойы мұғалімдер сабаққа ынтасын сақтап, белсенді араласып 
отыру  үшін  әртүрлі  тапсырмаларды  орындауға  қатысады.  Мектеп  тренерлері  өз  тобындағы 
мұғалімдердің  қажеттіліктеріне  сезімтал  болып,  олардың  бойындағы  өзгерістерге  сәйкес 
өзінің пайдаланатын тәсілдерін бейімдеп отырады. Тәсілдерге мыналар жатады:
•  мектеп  тренерінің  ол  идеяларды,  модельдер  мен  т.б.  ұсынған  кездегі  немесе  нұсқау 
берудегі үлесі;
•  өз бетінше оқу және зерттеу жүргізу;
•  жеке-дара тапсырмалармен жұмыс, мысалы, іс-әрекеттегі зерттеуді сипаттай отырып 
плакат әзірлеу;
•  шағын топтағы жеке таныстырылымдар;
•  жұптық немесе шағын топтардағы талқылау;
•  тапсырманы  орындауға  бағытталған  жұптық  немесе  шағын  топтардағы  бірлескен 
жұмыс  (плакат,  PowerPoint  таныстырылымдарын  дайындауға  болады  немесе  шағын 
қойылым жасауға болады, мысалы, «стоп-кадр», рөлдік ойын және т.б.);
•  жеке рефлексиялық есеп жазу;
•  өзін-өзі бағалау;
•  өзара бағалау және т.б.
Мұғалімдер сабақтың басым бөлігін белсенді өткізеді, яғни ақпарат іздейді, талқы жүргізеді 
немесе жеке не бірлескен тапсырмаларды орындауға қатысады. 
Мектеп тренерлері оқуға ынталандыратын және сын тұрғысынан ойлауға ықпал ететін 
жаттығулар әзірлейді. Олар тыңдаушылардың білімқұмарлығы, шығармашылығы мен сын 
тұрғысынан  ойлау  қабілеттерін  дамытуға  ықпал  ететін  жеке,  жұптық,  топтық  және 
бүкіл сынып қатысатын жұмыстарды пайдаланады.
Мектеп тренерлері тыңдаушыларға белсенді қатысуды талап ететін, олардың талаптары 
мен  қызығушылықтарына  жауап  беретін  тапсырмаларды  ұсынады.  Қандай  жұмыс  түрі 
қолданылатынына  қарамастан,  әріптестермен  және/немесе  мектеп  тренерімен  талқылауға 
үнемі мүмкіндік беріледі. Мектеп тренерлері мұғалімдерге әртүрлі бағытта, тереңнен немесе 


| 10 |
сын тұрғысынан ойлануға көмектесу үшін олардың тапсырмаларына және берген жауаптарына 
байланыстыра сұрақ қояды. Тыңдаушылардың бір-біріне шығармашылық және сын тұрғысынан 
ойлау қабілетін дамытатын сұрақ қоюы ынталандырылады. Мұғалімдерге оқылым, талқылау 
және зерттеу арқылы өз идеяларын жүзеге асыру ұсынылады.
Мектеп тренерлері неліктен оқыту мен оқудың қағидаттары, құрылымы мен теориялары 
жұмыс әдістерін дамытуға және өзгертуге көмектесе алатынын біледі.
Бағдарламаны  жүзеге  асыруда  мектеп  тренерлері  оқыту  мен  оқу  туралы  заманауи 
идеяларды  түсінетіндігін  көрсетеді.  Олар  мұғалімдерге  оқу  тәсілдері  мен  стратегияларын 
жақсылап ойластырып (зерттеп) өзгерту оқушылардың оқу үдерісіне жағымды әсер ететінін 
түсінуге көмектеседі. Мектеп тренерлері алдағы тәжірибелік қызметтерінде пайдалы болу үшін 
мұғалімдердің белгілі бір қағидаттарды, құрылым мен теорияларды қолдануды ойластырып, 
оның нәтижелерін талқылауын көтермелейді. Олар мұғалімдерге өзгеріс енгізу қажеттігі мен 
талап етілетін өзгерістерді бағамдау тәсілдерін анықтау үшін осы қағидаттарды, құрылым мен 
теорияларды пайдалануды ұсынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет