«Қазақ хандары»
Махмутова Айнагүл Серікқызы
АПК 13-19 тобы
Алғашқы хандар Керей және Жәнібек Олар Абылқайыр хандығында сұлтандар болатын. Уақытымен олар Абылқайыр ханмен ұрысып қалды да Мағолстан хандығына барды, ал Мағолстан екі сұлтанға жер берді. Дәл сол жерде Қазақ хандығы құрылды. Ең алғашқы хан Керей болды өйткені Керей Жәнібектен үлкен болды. Керей хан (1456-1473) Керей хан - Керей хан (туылған жылы белгісіз, XVғасырдың 70-жылдарының басында қайтыс болған)- Қазақ хандығының негізін қалағандардың бірі. Керей хан- Орыс хан немересі Болат ханның ұлы.
- XV ғасырдың 50-жылдарға дейінгі тарихи мәліметтерінде Керей хан туралы деректер жоқ. «Тарихи Рашиди» еңбегіндегі деректерге сай, XV ғ. 50жылд. Аяғында Керей хан Жәнібек ханмен бірге Өзбек хандығы тайпаларының бір бөлігін басқарып, Моғолстанға қоныс аударған.
- Моғолдардың ханы Есенбұға (1432-1464) Шу өзенінің бойыннан жер бөліп берген. Сонымен бірге, Есенбұға Әбілқайыр хан билеп отырған «Көшпенді өзбектер мемлекеті» тұрғындарының біраз бөлігін Керей мен Жәнібектің қол астына өтуіне қарсы болмады.
Жәнібек хан (1478-1480) Жәнібек хан - Жәнібек Әбусағит- Қазақ хандығы мен қазақ хандары әулетінің негізін қалаушы, Барақ ханның ұлы, Орыс ханның шөбересі. XV ғ. Өмір сүрген.
- 1456 жылы Дешті-Қыпшақта шайбанид Әбілқайыр билікті қолына алған соң, көшпенді халықтың Жәнібек пен Керей бастаған бір бөлігі Моғолстанға қоныс аударып, Шу мен Қозыбасы өзендерінің аңғарында орын тепті.
Қасым хан (1511-1518) Қасым хан - Шамамен 1445 жылы дүниеге келген, 1518 жылы қайтыс болған. Қазақ хандығының негізін салған Әз Жәнібектің ұлы. Анасы Жағанбегім-Мұхаммед Шайбани ханның кенже інісі Махмұд сұлтанның апасының сіңілісі.
- Қасым хан билік құрған кезде де қазақтар мен Шайбани әулеті арасындағы Сырдарияға жақын қалалар үшін қақтығыстар мен шайқастар болып жатты. 1510жылф қыста Шайбани ханның әскерлері Ұлытау баурайындағы қасым хан ұлысына шабуыл жасайды. Қасым хан олардың бетін қайтара алмайтының біліп шегінді, біраз уақыт өткесін күтпеген жерден шабуыл жасап қарсыласын жеңді.
Хақназар хан (1538-1580) - XVI ғ. Екінші жартысында Хақназар хан қазақ хандығын қайта өрлеуінің басында тұрғанкемеңгер басшы болды. Ол жекелеген сұлтандар билігіне бөлініп кеткен Қазақ хандығын бір орталыққа біріктірді.
Тәуекел хан (1586-1598) - Хақназар ханның мұрагері әрі ізбасарларының бірі. Ол Бұхар мен Моғолстан бұғауының босау жолында үздіксіз соғыс жүргізді. Бұхар әскерін талқандаған соң, Ташкент пен Самарқанды басып алды.
- 1594 жылдың қаңтар айында патша үкіметі Тәуекел ханға көмек беруге бел байлады. Тәуекел хан ұлы Құсайынды Мәскеуге аманат ретінде жіберуге келісім берді.
- 1598 жылы Бұхар үшін болған шайқаста Тәуекел хан қайтыс болды.
Есім хан (1598-) - Керей мен Жәнібек қалаған Қазақ хандығы әуелде әлсіз, жаңа-жаңа қаз тұрып келе жатқанды. Қазақстанның күншығысында, Жетісуда дулаттар, жалайырлар, албандар, суан, наймандар, ру-тайпалар құрған күшті мемлекет Моғолстанға келіп, Қозыбасыға дейінгі жерді бөліп берген.
Тәуке хан 1680-1718 Тәуке хан - Әз Тәуке атанған қазақ ханы- Жәңгір ханның ұлы. Билерге сүйене отырып, Тәуке хан сұлтандардың ықпалын бәсеңдетуге тырысты. Атақты «Жеті жарғы» заңдарын жасады. Ол XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғ.басында қалыптаса бастаған қазақ құқығының ережелер жинағы болып табылады.
- Тәуке ханның жеті жарғысын атаңыз!
Тәукенің жеті жарғысы: - 1-жарғы. Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын.
- 2-жарғы.Түркі халқының мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын
- 3-жарғы. Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын
- 4-жарғы. Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап, ақ некені бұзушыларға өлім жазасына бұйырылсын
- 5-жарғы. Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын
- 6-жарғы. Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін
- 7-жарғы. Ұрланған жылқы, өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірілсін.
Әбілқайыр хан 1693-1748 Әбілқайыр хан - Кіші жүз ханы. Шыңғыс ханның он бесінші ұрпағы.
- 1710ж Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерлерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты батыр Бөгенбай тағайындалды.
- Бабаларының иелігінде болған Сайрас, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. 1718ж. Аягөзде Әбілқайыр хан Қайып ханның 30мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді.
Абылай хан 1771-1781 Абылай хан - Қазақ Ордасының ханы, Қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері. 1743жылға дейін Орта жүздің сұлтаны болған. Әбілмәмбет қаза болған соң, Абылай ұлы жүздің ханы болады.
- Әбілмансұрдың әкесі жау қолыннан қаза табады. Абылай жастайыннан қиындықты көп көреді және Ораз құлға арқа сүйеп өседі. Ол жас кезіннен-ақ Отан қорғауға жауынгерлік қасиеттерімен танылады. Ол қашанда қанды шайқастын бел ортасында жүреді.
Жәңгір хан 1643-1652 - Ол хан тағына Есім хан өлген соң отырды. Жәңгір хан бойы аласа, бірақ мол денелі кісі екен сондықтан да халық оны «Салқам Жәңгір« атап кеткен. Жәңгір хан тұсында қазаөтар мен Ойрат жоңғарлар арасында 3 ірі шайқас болған.
- Бірінші шайқас 1635жылы
- Екінші 1643-1644жылдары
- Үшінші 1652жылы
Хандар жайлы не білдіңіздер? Назарларыңызға рахмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |