Орта арнаулы оқу орындарындағы сауықтыру-дене тәрбиесі және көпшілік спорт жұмысы Барлық орта арнаулы оқу орындарында оқуға қосымша сабақтан тыс сауықтыру дене тәрбиесі және көпшілік спорт жұмыстары ұйымдастырылып, өткізіледі. Оқу мен оқудан тыс түрлердің бірлігі жаңа бағдарламалық материалдарды жемісті меңгеруді және өтілгенін бекітуді қамтамасыз етеді. Оқу орыңдарында сабақтан тыс уақытта оқытушының тапсырмасы бойынша оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі жақсы жолға қойылған. Көптеген оқушылар үйлерінде немесе жатақханада таңертеңгі гигиеналық гимнастикамен (ТГГ) айналысады. Оқу күні барысында көптеген колледждер мен кәсіптік-мектептерде "дене тәрбиелік үзілістер" өткізіледі. Бұл шаралар оқушы денсаулығына көп пайда келтіреді.
Денсаулығының мықты болуы үшін және денесінің жақсы дамуы үшін оқушылар белсенді демалыс құралдары, ауыр оқу жұмыстарынан кейін жұмыс қабілетін қалпына келтіру сияқты дәрістерді қарастыра отырып, дене жаттығуларымен және спортпен өз бетінше айналысу керек.
Сауықтыру-дене тәрбиесі, көпшілік спорт шараларына қатысу, дене жаттығуларымен өз бетінше айналысу, ары қарай сабақтарда меңгерген дағдыларды жүзеге асыруға көмектеседі, оқушылардың Президенттік тест кешені мен спорттық нормаларын орындау дайындығын жеделдетеді.
Оның бағдарламасына белсенді демалыс үшін шаралар, көпшілік ойындар, Президенттік тест кешені жаттығулары бойынша жарыстар енеді. Дене тәрбиесі бағдарламасына сай семестрде бір рет оқу орнында «Денсаулық күні» өткізіледі.
Каникул кезінде (қыста және жазда) жеке колледждер мен кәсіптік-мектептер оқушылардың белсенді демалысы үшін сауықтыру-спорт лагерлерін, еңбек пен демалыс лагерьлерін құрады, бұл лагерьлерде спорт шеберлігін көтеру мен Президенттік тест кешені мөлшерін орындауға дайындау үшін оқушылармен оқу-жаттықтыру жұмыстары жүргізіледі.
Орта арнаулы оқу орындарындағы дене тәрбиесі ұжымы. Қазақстандағы дене тәрбиесі қозғалысының негізгі буыны дене тәрбиесі ұжымы болып табылады. Дене тәрбиесі ұжымы кәсіпорындарда, мекемелерді, құрылыстарда, ұжымшарларда, оқу орындарында құрылады.
Орта арнаулы оқу орындарының дене тәрбиесі ұжымы - дене тәрбиесі мен спортты олардың тұрмысына өндіретін оқушылардың дене тәрбиесі бойынша жұмыс орталығы. Дене тәрбиесі ұжымы өз қызметін оқу орнындағы кәсіподақ ұйымының басшылығымен жүргізеді. Әрине жұмысты дене тәрбиесі ұжымының кеңесі ұйымдастырады.
Дене тәрбиесі ұжымының кеңесі (спорт клубы басқармасы) оқу жылының басында дене тәрбиешілерінің жалпы жиналысыңда сайланады. Ол оқушы-дене шынықтырушылар мен педагогикалық ұжым арасындағы барлық ұйымдастыру, сауықтыру, көпшілік спорт жұмыстарын жүргізеді. Кеңес төрағасы дене тәрбиесі және колледждердің (училищенің) алғашқы әскерге дайындық басшылығымен, тығыз байланыста жұмыс істейді.
Дене тәрбиесі ұжымының кеңесінде жеке бағыттарда басшылық жасау жұмысы үшін түрлі комиссия құрылады, мысалы, оқу спорттық, үгіт-насихат, қаржы-шаруашылық және т.б. Оны барынша қабілетті оқушы немесе оқытушы басқарады. Мысалы, үгіт-насихат жұмысы бойынша комиссияны облыстық дене тәрбиесі және спорт комитетінің мүшесі, шаруашылық комиссиясын оқу орнының кәсіподақ комитетінің мүшесі басқара алады.
Оқу топтарында дене тәрбиесі ұйымдастырушылары сайланады, жұмысқа спорт төрешілері, белсенді қоғамдық дене тәрбиесі сабақтарында, спорт секцияларында, сол сияқты арнайы ұйымдастырылған семинарларда жүргізіледі.
Оқу-спорт жұмысы негізгі, өзара тығыз байланысты бағытта жүзеге асырылады:
Көпшілік спортты дамыту және спортшы шеберліктерін көтеру. Спорт-оқу жұмысы процесінде мына міндеттер орындалады:
1. Спортпен айналысатындардың денсаулығын нығайту, олардың қызмет мүмкіндіктерін, дене дамуын көтеру.
2. Еңбек пен Отанды қорғау үшін қажетті өмірлік маңызды қолданбалы қимыл сапаларын істеуді, дағдыны студенттерде қалыптастыру. Оларға Бүкілодақтық дене тәрбиесі кешенінің талаптары мен нормаларын орындату.
3. Студенттерге дене тәрбиесі мен спорт туралы және таңдаған спорт түрлерінен арнайы теориялық білімдерді меңгерту.
4. Спорт секцияларына қатысатындардың спорт шеберліктерін бірте-бірте көтеру, оларға тандаған спорт түрлерінен Президенттік тест талаптары мен санаттық нормаларды орындату.
5. Спортшыларды Отандық рухта, спорт этикасына, Отан туына адалдыққа тәрбиелеу.
Дене тәрбиесі ұжымының кеңесі (спорт клубы басшылығы), спорт секциясының бюросы, жаттықтырушылар мен қоғамдық инструкторлар, денсаулығы мықты адамдармен жұмыс істейді. Оларға дене тәрбиесімен және спортпен айналысатындардың денсаулығын сақтап қана қоймай, оны нығайту да жүктеледі.
Дене жаттығулары тек оларды дұрыс қолдана білгенде ғана жүзеге асады. Оны дұрыс қолданбау денсаулықтың бұзылуына себепкер болуы мүмкін. Сондықтан, дене тәрбиесі мен спорт оқу жаттығу сабақтарында адамның анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін, оның жынысын, жасын, денсаулық жағдайын және дайындық деңгейін ескеру қажет, әрі күнделікті дәрігерлік-педагогикалық бақылауды орындаған жөн.
Дене тәрбиесі ұжымы кеңесінің жұмысында әр алуан спорт түрлерінен спорт секциялары мен командалардың оқу-жаттықтыру үдерісі үлкен орын алады. Студенттер бұл секциялар мен командаларда оқу орны ішіндегі және жоғарғы спорт ұйымдары өткізілетін спорт жарыстарына қатысуға дайындалады және өз спорт шеберліктерін жетілдіріп көтереді.
Оқу орындарында сауықтыру топтары мен спорт секциялары неғұрлым көп ұйымдастырылған болса, студенттер сұранысы соғұрлым қанағаттандырылады және дене тәрбиесі ұжымының саны көбейеді. Ескере кететін жәйт ұжымнан тыс бірде-бір студент қалмауы керек.
Оқу орындарында студенттердің жан-жақты дене дайындығын қамтитын спорт түрлерінен, атап айтқанда, гимнастикадан, жеңіл атлетикадан, бокстан, күрестен, шаңғы спортынан, жүзуден, спорт ойындарынан және т.б. топтар мен секциялар құру ұсынылады.
Оқу-жаттықтыру сабақтары, спорт жарыстары және де басқа шаралар оқу күні тәртібіне сәйкес сабақтан бос уақытта ұйымдастырылады.
Спорт түрлерінен қоғамдық инструкторлар, жаттықтырушылар мен төрешілер арнайы ұйымдастырылған семинарларда белсенді спортшылар қатарында дайындалады, сонымен бірге оқу-жаттықтыру сабақтары мен жарыстарда оқып үйренеді. Олар туристік жорықтарды, шаңғымен сырғанауды, велосипед тебуді және де басқа көпшілік спорт шараларын өткізуге ұсынылуы мүмкін.