Бағдарламасы Орта арнаулы оқу орындарындағы сауықтыру-дене тәрбиесі және көпшілік спорт жұмысы



бет6/8
Дата16.04.2023
өлшемі36,11 Kb.
#174627
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Мага ашық сабақ

Сонымен сабақты ұйымдастыру әдістемесі. Сабақты ұйымдастыру әдістемесі оқытушының белгіленген оқушылар санымен (сынып, команда, үйірме) жұмыс істеу әдісіне, шұғылданушылардың тапсырманы орындау тәртібіне, оқытушылар мен оқушылардың және шұғылданатын орындағы спорт қондырғыларының орналасуына (зал, стадион, спорт алаңы және т.б.) байланысты. Сабақтың дұрыс ұйымдастырылуы оқу-тәрбие міндеттерін шешу үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз етеді.
Сабақта шұғылданушыларды ұйымдастырудың негізгі үш әдісі айырмаланады: фронтальді (маңдай алдынан), топтық және жеке.
Фронтальді әдісі кезінде оқытушы бірегей оқу материалы бойынша барлық оқушылармен бір уақытта жұмыс істейді.
Сабақты топпен өткізу әдісі кезінде оқушылар топтарға бөлініп, әр топ жеке оқу тапсырмаларын алады. Оқытушы барлық оқушыларды өз бақылауында ұстап, бір топпен басымырақ жұмыс жүргізеді немесе кезекпен бірінен кейін келесі топқа өтеді.
Жеке өткізу әдісі кезінде әрбір оқушы жеке тапсырма алып, оны өздігінен орындайды. Мұнда оқытушы, оқушылардың жұмысына таңдап, іріктеп басшылық жасайды.
Бұл әдістердің әрқайсысының өзіндік артықшылығы және кемшіліктері бар. Сабақты фронтальді әдіспен өткізу кезінде барлық оқушылардың қимыл-қозғалысын назарда жақсы ұстауға және олардың қимыл әрекеттерін тікелей басқаруға болады. Алайда бұл кезде оқушылардың әрқайсысына қимылын дербес, өздігінен басқару қиындайды. Топтық және жеке әдістерді қолдану керісінше, оқытушының барлық оқушыларды бақылау мүмкіндіктерін шектейді. Бұл әдістердің қайсысының берілген сабақты өткізуге жарамды екені, оқу материалдарының жаңалығына және күрделілігіне, сабақ өткізілетін орыннның материалдық жабдықталуына, шұғылданушылардың жасына, жаттығу өткізілетін орынның кеңдігіне және т.б. байлынысты.
Мысалы, бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабағын фронтальді әдіспен жиі өткізеді, өйткені жае ерекшелік күшіне қарай олар өздігінен қозғалысты қажетті мүмкіндікті меңгеруге қабілетсіз. Сабақты спортшы-гимнасттармен топтық әдіспен өткізу басымырақ, өйткені жекелеген гимнастикалық қондырғылардың сыйымдылық мүмкіндігінің аздығы және т.б., шебер-жеңіл атлеттерге жеке әдіспен сабақ өткізу тән, өйткені бұл спорт түріндегі оқытып үйрету жүйесін спорттық шеберліктерінің артуына байланысты жаттығуды жекешелендіру талабы артады.
Сабақтық шұғылдануда тәртіп бойынша оқушыларды ұйымдастырудың әдістерін араластырып қолдану тән. Сабақтың басталуы әдетте фронтальді әдіспен, негізгі бөлімінде шұғылданушыларды топқа бөледі немесе олармен жеке жұмыс жүргізеді, ең соңында, сабақты қайтадан фронтальді әдіспен аяқтайды.
Сабақтың әдістемесін, сонымен бірге шұғылданушылардың берілген тапсырмаларды орындау тәртібін анықтау. Қажет сабақтың әдістемесін анықтайтын екі тәсілі бар: бір уақытта және кезекпен.
Біріншісі, жаттығу немесе басқа қызмет түрлерінде барлық оқушылармен орындалады, ал екіншісінде әрқайсысын кезекпен орындайды.
Екі әдісте де оқушылар үзіліссіз (ағыммен) немесе арақашықтықпен жұмыс істеуі мүмкін.
Үзіліссіз, толассыз орындаудың мәні, мұнда оқушылар жаттығулардың бірінен кейін бірін дем алмай орындайды.
Мысалы, гимнастика сабағында денені жалпы дамыту жаттығуларының лайықтыларын таңдағанда алдыңғы сабақтың соңындағы жаттығу келесілері үшін негіз болатындай болса, онда жаттығулар сериясын үзіліссіз орындауға болады. Мысалы, жеңіл атлетика сабағында жүгіріп келіп, екпінмен ұзындыққа секіру кезінде бір оқушы жерден серпінді күш алып секіргенде, екінші оқушы жүгіруді бастаса, үшінші оқушы бастапқы дайындық қалпында тұрады, төртіншісі секіру шұқырынан оралып қайтадан дайындалатын орынға келіп тұрады және т.б.
Толассыз әдістің ерекше әр түрлілігі дене сапаларын қарқынды дамытуға мүмкіндік жасайтын жаттығуларды айналма әдіспен орындау болып табылады. Мұнда оқушылар жаттығулар кешенін толассыз арнайы жерде немесе шеңбер бойына орналастырылған спорт қондырғылары «бекеттерінде» («станция») біреуінен кейін екіншісіне («тұтқалы аттан», белтемірге тартыну «бекетіне») өтіп орындайды.
Жаттығуларды толассыз орындау бөліп өткізуге қарағанда үлкен қарқындылықты қамтамасыз етеді. Алайда оның жалпы білім беру қатынасында әсерлілігі төмендеу, өйткені жаттығулардың арасында үзілістің болмауы түсіндіруді, қозғалысты талдауды және оқытып үйретудің басқа да элементтерін пайдалануды қиындатады. Сабақта жаттығуларды толассыз немесе бөлек-бөлек орындауды таңдау бәрінен бұрын оқу материалының жаңалық дәрежесіне және сабақтың нақтылы міндеттеріне байланысты. Мысалы, жаңа оқу материалын таныстыру және үйрену кезінде жаттығуды бөлек-бөлек орындау орынды, қозғалысты жетілдірудегі дене сапаларының қарқынды даму міндеттері қойылғанда, жаттығуды үзіліссіз орындау мақсатқа сәйкес келеді.
Оқушылардың жаттығуларды жақсы орындауы сабақ өтілетін орындағы оқытушының, оқушылардың және спорт қондырғыларының дұрыс орналасуына тікелей байланысты. Егер оқушылар бір қатарда сапқа сап бойынша тұрса, ал мұғалім осы қатардың оң немесе сол жақ шетіне жақын тұрса, онда оның түсіндіруін, көрсетуін және т.б. саптың екінші жақ шетіндегілері нашар қабылдайды. Егер мұғалім спорт қондырғыларының ортасында тұрса, онда шұғылданушы топтардың бірі оның назарынан тыс қалады. Егер оқушылар сапқа күнге қарсы қарап тұрса, онда олар мұғалімнің көрсеткенінің барлығын нашар көреді. Осы мысалдардың бәрі мұғалімнің, оқушылардың және сабақ өтілетін жердегі орынның орналасуынан оқу-тәрбие жүйесінің маңызды бөліктері, яғни көру және есту түйсіктері, жаттығуларды орындауды бақылауы және т.б. тікелей осыларға байланысты. Барынша әр түрлі сапқа тұрғызулар үйлесімді болуы мүмкін, бірақ барлық жағдайларда олар келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
а) мұғалім мен оқушыға сабақта болған нәрсенің барлығын естуге және көруге мүмкіндікті қамтамасыз ету;
ә) жеке және қоғамдық гигиена ережесіне сай болу;
б) бөгет және жарақат алу мүмкіндіктерін болдырмау.
Сабақта шұғылданушылардың жақсы ойластырылып орналастырылуы тәртіптілікке және ұжымшылдықка тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды.
Сақтандыру және жәрдем беру үлкен дене жүктемесі жағдайындағы қозғалыс әрекетінің белсенділігі барысында шұғылданушылардың дене, психикалық және қызметтік жарақат алуы мүмкіндігінің кездесуі мүмкін.
Шұғылдану сабақтарында сайыстармен және басқа сабақ түрлерімен салыстырғанда статистикалық мәліметтерге жүгінсек, әр түрлі сипаттағы жарақат алудың көпшілік пайызы, яғни 50%-ға түседі екен. Ал спорт шеберлерімен өткізілетін сабақта бұл көрсеткіш 80% -ға дейін жетеді. Бұл шұғылдану сабақтарында қозғалыс әрекетінің жаңа үлгілерін меңгеру өзгешелігімен және жоғары нәтижелерге жету дайындығымен түсіндіріледі. Сабақты өткізу барысында ерекше назарды жарақат алмау жолдарына аудару қажет. Осы жағына байланысты оқытушының қызметтік шарасын, әдетте сақтандыру деп атайды.
Сақтандырудың әсерлілігі сөздің кең ұғымда бәрінен бұрын оқытып үйрету және тәрбиелеу принциптерін қатаң сақтаумен түсіндіріледі.
Оқушылардың жоғары саналылығы және белсенділігі, сабақты құрудағы жүйелілік және бірізділік, оқу материалының игерілу мүмкіндігі және оны меңгеру беріктігі – жарақаттың алдын алып, сақтандырудың бірінші дәрежелі жағдайы.
Жарақаттанудың алдын алуға дене жаттығуларының жүктемелерін ақылмен мөлшерлеп бөлудің, шұғылданушылардың жақсы тәртіптілігінің, жаттығуды орындауды жүйелі ұйымдастырудың нәтижесінде қол жеткізуге болады.
Көптеген жаттығуларды орындау кезінде (суға секіру, акробатика, спорттық қондырғылардағы гимнастика, семсерлесу және т.б.) барынша тар ұғымда сақтануға деген қажеттілік, яғни олқылықты, құлауды, қарсыластың қатты соққысын, ауруды сезінуді және т.б. тікелей алдын ала ескертетін шара ретінде пайда болады. Бұл шараларға оқытушының арнайы әрекеті (көтермелеу әдістері, ұстап қалу, шұғылданушыларды ажырату), оқушыларды қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуі (белбеу, маска-шлем, қалың киім және т.б.), өзін-өзі сақтандыру, оқытып үйрету кіреді. Мұндай сақтандыру орындалуы қауіпті емес жаттығуларды орындаумен қатар іске асады. Топтық әдісімен жұмыс жүргізу кезінде оқытушы барынша қауіпті жаттығуларды орындау кезінде топты алдын ала сақтандыруы тиіс.
Басқа топтардағы шұғылданушыларды жарақат алудан сақтандыру үшін жоғары дайындығы бар оқушыны сақтандыру әдістерін меңгеруге байланысты олармен сабақ өткізіп, нұсқаушылыққа тағайындау керек.
Сақтандырудың сақтық шаралары былай жүргізілуі тиіс: сабақ өтілетін орын мен спорт қондырғыларының дайындығын алдын ала тексеру, жаттығуларды орындау кезінде шұғылданушыларды қауіпсіз орынға орналастыру (мысалы, лақтыру кезінде). Сүйемелдегенде, итермелегенде және басқа әдістерде сақтандыру оқытып үйретудің әдістемелік тәсілдері сияқты жиі көмек берумен үзіліссіз байланысты. Мұндай көмек беру сияқты сақтандыруды жарақат алу қауіптілігі айкын болған жағдайда ғана пайдалану керек (мысалы, спортты жаңа бастағандармен күрделі жаттығуларды үйрену кезінде және т.б.). Мұндай сақтандыруды теріс пайдалануға болмайды, өйткені оны шұғылданушылар дағдыға айналдырып батылдық, ұстамдылық, өзін-өзі игере білу және жаттығуды өздігінен орындауға қажетті басқа да сапаларын тәрбиелеуді тежейді. Сондықтан әдістемелік өтілген, бірінші жағынан, жарақат алу мүмкіндігін болдырмайтын, бірақ басқа жағынан кейбір тәуекелге барып, қауіптіліктің болатынын алдын ала ескеруді қарастырады.
Оқытушының жеткілікті дәрежедегі байсалды жарақат алудың алдын алуға назар аударуы дене тәрбиесі сабағында жарақат алудың болмауын қамтамасыз етеді. Жарақатты емдеудегі табыс көп жағдайда оқушыға дәрігерге дейінгі көмек: көрсетуде анықталады. Оқытушы мамандық саласына қарамастан әр түрлі деңгейдегі алған жарақаттарға бірінші көмек көрсете білуі тиіс. Дәрігерге дейінгі көмек дене жаттығулары сабағындағы оқытушы жұмысының маңызды жақтарының бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет