2. Оқу үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер
Білім беру ұйымдары, оқушылардың қалай "білім алуды үйрену" керектігін білетін, дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, сенімді, жауапты, зерделі, дамыған шығармашыл тұлға болу қағидасын ұстанады.
Құндылықты-бағдарланған ұстанымдар. Оқу іс-әрекетін жоспарлау мен ұйымдастыру, оның нәтижелерін алу мен пайдалану белгілі бір құндылықтар тұрғысынан іске асырылады.
Құндылықты бағытталу - бұл белгілі құндылықтарды өзінің белсенділігіне бағдарламалық сапа ретінде таңдаған тұлғаның қабілеті (құндылықтарды бағдарлай алатын) сондай-ақ өзінің жеке әлеуметтік мағыналы құндылығы ретінде сезіну және қабылдау қабілеті.Құндылықтың мағынасы белгілі қошаған ортада нәтижелі қызмет атқару үшін норманы қалыптастыру ортасында дағдысы, өмір салты және мінез-құлықтың қалыпы айқындалады.
Орта білім берудегі құндылықтардың идеялық негізі – «Мәңгілік ел» ұлттық идея құндылықтары болып табылады. Орта білім беру құндылықтары: қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік, құрметтеу, ынтымақтастық, еңбек және шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу болып айқындалған.
Достарыңызбен бөлісу: |