Өзін - өзі тексеру сұрақтары:
- Реактив элементтер деп конденсатор мен катушканы атайтыны неліктен?
- Актив элемент деп қандай элементті атайды?
- Контур сапалылығы деп қандай шаманы айтады?
- Тербелмелі контурлардың түрі қандай?
Әдебиет: Силлабусты қара.
10 - дәріс
Тақырыбы: Тізбекті және параллель тербелмелі жүйелер.
Дәріс мазмұны:
1. Тізбекті және параллель тербелмелі контурлар.
2. Кернеулер резонансы және токтар резонансы.
Мақсаты: Тербелмелі контурлардың түрлерімен, резонанс күйлерімен таныстыру.
1. Тізбекті және параллель тербелмелі контурлар.
К онтурда L және C элементтерінің контурда жалғану әдісіне қарай: тізбекті және параллель тербелмелі контур деп бөледі. Тізбекті контурда L, C –тізбектеп жалғанады. .Параллель тербелме-лі контурда L және C параллель жалғанады. Тербелмелі контурларды генераторларда және және электр сүзгіштерде қолданады. Тізбекті және параллель тербелмелі контурлар әртүрлі жиіліктегі сигналдарды өткізу қабілеті бірдей болмағандықтан, оларды электр сүзгілерінде пайдаланады. Бұл кезде тербелмелі контурлардың өткізу жолағы басты сипаттамасы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |