Әдебиет: Силлабусты қара.
11- дәріс
Тақырыбы: Радиотолқындарды тарату шарттары.
Дәріс мазмұны:
Жер бетінде, атмосферада радиотолқындардың таралу шарттары.
Электромагниттік толқындардың диапазондары және олардың таралу шарттары.
Мақсаты: Радиотолқындардың таралу шарттарымен таныстыру.
1. Жер бетінде, атмосферада радиотолқындардың таралу шарттары.
Радиотолқындардың таралуына әсер тигізбей қоймайтын жер бетінен басқа үш облысты көрсетуге болады: тропосфера, стратосфера, ионосфера.Осы облыстарда таралатын толқындарды: тура, жер беткейлік және ионосфералық деп бөледі. Ионосфералық толқындар ионосфера қабатынан шағылады. Сол арқылы Жер бетіндегі қашық пункттердің арасында байланыс орнатуға болады. Жер беткейлік толқындар Жер беті бойымен таралады.
Толқындарды ұзындығы бойынша: ультрақысқа(УКВ), қысқа, орташа, ұзын және аса ұзын деп бөледі. Немесе жиілігі бойынша аса жоғары жиілікті (СВЧ), жоғары жиілікті, орта жиілікті, төмен жиілікті толқындар деп бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: |