Өзін - өзі тексеру сұрақтары:
Антенна деп қандай құрылғыны айтады?
Антенна түрлерін тізіп айтыңыз.
Фидер деп қандай құрылғыны айтады?
Әдебиет: Силлабусты қара.
13– дәріс
Тақырыбы: Күшейткіштер.
Дәріс мазмұны:
1.Күшейткішке негізгі сипаттама
2. Күшейткіштердің классификациясы.
мақсаты: Радиоэлектрониканың маңызды құрамдас бөлігі –күшейткіштер жайында түсінік беру.
Күшейткіштердің түрлері, сипаттамалары.
Күшейткіштер – аналогтық микроэлектронды құрылғыға жатады. Міндеті: кіріске түскен радиосигналды күшейтіп, кейінгі тармақтарға жеткізу. Бірақ сигналды бұрмаламай жеткізуі мақсат.жалпылама түрде сұлбасы:
Бұл үшін күшейткіште сызықсыз басқарылатын элемент болу керек. Бұл электронды шам, не транзистор, не басқа элемент болуы мүмкін.Осы элементтің түрі бойынша: транзисторлық, лампылы және т.б бөлінеді. Күшейткіш әлсіз сигналды қуатты сигналға айналдыру үшін бірнеше күшейткіш каскадтан құралады. Каскад деп күшейту функциясын атқаратын сұлбаның ең кіші бөлігін айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |