«Ширату»
1. Үстел үстіндегі балықтардың үйі-
2. Онсыз тамақтың дәмі жоқ-
3. Аяқ киімнен жолда қалған таңба –
4. Қыс мезгілінің үшінші айы-
5. Пияз аршысаң көзіңнен не ағады? -
6. Құстың үйі -
«Екі шындық, бір өтірік».
Алма мен пияз: дөңгелек, сары, дәмді.
Қар мен балмұздақ: ақ, суық, дәмді.
Қант пен тұз: ақ, ұсақ, тәтті.
Логикалық есептер
Айнұр мен Асқардың 8 ойыншығы бар. Әпкесі Айнұрға тағы 2 ойыншық сыйлады. Айнұр мен Асқардың , яғни екеуінде барлығы неше ойыншық бар?
Саламаттың пәтері төменнен санағанда және жоғарыдан санағанда да бесінші қабатта.Оның тұратын үйі неше қабатты?
«Суретті аяқта». Оларды төрт түрлі түсті қарындашпен боя.
Сабақты бекіту
Қорытынды
Сабақтың тақырыбы: Ширату. Сөздер шынжыры.
Сабақтың мақсаты: Оқушының ой-өрісін дамыту,танымдық белсенділігін арттыру;
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
«Ширату»
«Кел, балалар, оқылық!» өлеңін кім жазды?
Оқуға үйреткен кітабың қалай аталады?
Есеп шығаруды үйрететін оқулықты ата.
Әңгіме жазатын адамды кім дейміз?
Ән жазатын адамды кім дейміз?
Құрметті қонақ отыратын орынды қалай айтамыз?
«Сөздер шынжыры». Дауысты дыбыстарды қой, Қандай сөз пайда болды?
қ – р - п с – нд – қ
- рм –н т - м – қ
п – рд - н – р
қ – р б – л - п - н
Заңдылығын сақтап, сан қатарын жаз.
1, 3, 5, ....
1, 4, 7, ...
«Суретші» ойын. Сөзді оқы, суретін сал.
алмұрт мектеп машина қарындаш
Сабақты бекіту
Қорытынды
Сабақтың тақырыбы: Ширату. Кеңістікте қиялды дамыту.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастыру
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
«Ширату»Артық сөзді тап. Неге артық деп ойлайсың?
Анар сорпаны тұзбен тұздады.
Жомарттың жас күшігі бар.
Бөлмеге күннің күн сәулесі түсіп тұр.
Раушан жазумен хат жазды.
«Мұқият тыңда, орында»
«Ортақ дыбыстарын тап»
Жүгері, гүл, үкі, күн –
Тап, пішін, шопан, кітап-
Бақ, құбыр, бидай, көбелек-
Пана, мойын, орман, намыс –
Шұбат, құдық, ұрпақ, мұрат-
«Ұқсастығы мен айырмашылығын тап» .Салыстыр, түсіндір.
Сабақты бекіту
Қорытынды
Сабақтың тақырыбы: Ширату. Пішіндермен жұмыс. Қиял.
Сабақтың мақсаты: Оқушының байқағыштыққа, шапшаңдыққа, ойын дәлелдеуге үйрету;
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
«Ширату»
1. Бір жылда неше ай бар?
2. Біріншіжәне жетінші айды ата
3. Барлық бұрыштары бірдей төртбұрыш
4. Қандай жыл мезгілдерін білесің?
5. 21-ден 30-ға дейін және кері сана
6. Көзді жұмғанда не көресің?
Мұқият қара. Үйлерді боя. Кішкентай үй көк пен жасыл үйлердің ортасында, ал жасыл қызыл үйдің қасында орналассын. Түсіндіріп бер.
Мұқият қара.Екінші қабаттың терезелерін сары, төртінші қабаттың оң жақ терезесін көк түске, ал бірінші қабаттың сол жақ терезесін жасыл түске боя.
Сабақты бекітуҚорытынды
Сабақтың тақырыбы: «Бұрын-кейін»
Сабақтың мақсаты: Оқушының ой-өрісін дамыту,танымдық белсенділігін арттыру;
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
2.Ширату
Д әрпінен басталатын бес қыздың атын айт.
Ең кіші екі таңбалы санды ата
Сен және мен, біз екеуміз. Сонда біз нешеуміз?
Екі ұл және екі әке үш жұмыртқа жеді. Әр қайсысы неше жұмыртқадан жеді?
3.Тапсырма. Сөздерді дұрыс құрастыр және артық сөзді алып таста қалғанын топта. ҚРАЫБЗ, АУЫҚН, МААЛ, ЛАМАҚ, МҰТРЛА
«Жазуды жалғастыр»
01122334........
«Көңілді үзіліс». Балалар өлең шумақтарына сәйкес қимылдар жасайды.
Орнымыздан тұрайық,
Қолды алға созайық.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары - төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Жыл мезгілі
«Бұрын-кейін» Қай жыл мезгілі бұрын, қайсысы кейін болады?
көктем
жаз
күз
қыс
Сабақты бекіту
Қорытынды
Сабақтың тақырыбы: Керісінше айт
Сабақтың мақсаты: Оқушының байқағыштыққа, шапшаңдыққа, ойын дәлелдеуге үйрету;
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
ІІ. Ширату (тез жауап бер) Әр топқа екі сұрақтан беріледі.
1. Бес тышқанның құлағы - 10
2. Жеті сиырдың мүйізі - 14
3. Дүйсенбі сөзіндегі әріптер саны - 8
4. Есту мүшесі - құлақ
5. Жаз айларын ата - маусым, шілде, тамыз
6. Ағзаның қорғаныс мүшесі - тері
7. Қан айналымының негізгі мүшесі - жүрек
8. Ауаның қозғалысы - жел
«Керісінше айт» ойыны. Бұл ойында қарама-қарсы мағыналы сөздерді өткенде пайдалану тиімді. Мысалы, толық- жіңішке, қара-ақ, ыстық-суық, бос-толы.
3. Қосындыны табуға арналған есептер :1.Дымбілмес алдында 4 құлпынай , содан кейін 3 құлпынай жеді.Дымбілмес барлыға неше құлпынай жеді?
4. Айнұр 2 пирамида, ал Гүлнұр 3 пирамида құрастырды.Екі қыз неше пирамида құрастырды?
5. Алпамыс аптасына 3 кітап, ал Берік сонша кітап оқыды.Балалар қанша кітап оқыды?
«Суретшіге көмектес». Суретті аяқта.
Жаңбырдан қорғайтын зат.
Суда жүзетін көлік.
Орманда өсетін өсімдік.
Жеміс жинайтын ыдыс.
Сабақты бекіту
Қорытынды
Сабақтың тақырыбы: «Артық сөзді тап»
Сабақтың мақсаты: Оқушының ой-өрісін дамыту,танымдық белсенділігін арттыру;
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
Ширату.
Есектің неше мүйізі бар?
Үлкен ожауы бар машина қалай аталады?
Мұрты бар балық-
Орман дәрігері-
Өзіңді неден көре аласың?
Қоян туған күніне қандай сыйлық алды?
Под тағас
анишам зібәс
«Артық сөзді тап» ,дәптеріңе жаз,себебін айт.
Сәбіз қайың алма қауын
Қызылша емен сәбіз қарбыз
Алма шырша алмұрт алмұрт
Пияз итмұрын анар асқабақ
«Суретті мұқият қара». Қарамай осы суреттерді дәлдеп сал.
Сабақты бекіту
Қорытынды
Сабақтың тақырыбы: Жұмбақтар әлемінде
Сабақтың мақсаты: Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеуге икемдеу.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
Ширату. Саған кім болады?
Әкеңнің әкесі –
Әкеңнің шешесі-
Шешеңнің әкесі –
Шешеңнің әкесі-
Өзіңнен кіші қыз бала-
Өзіңнен кіші ұл бала -
«Жұмбақтар әлемінде»
1.Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым.
2. Ұшады қонады,
Гүлдердің қонағы.
3. Тік ұшақтан аумайды,
Маса, шыбын айдайды.
«Суретші» ойын. Сөзді оқы, суретін сал.
Кітап торғай гүл кесе
Сабақты бекіту
Қорытынды
Сабақтың тақырыбы: «Есептер шығарайық»
Сабақтың мақсаты: Оқушының ой-өрісін дамыту,танымдық белсенділігін арттыру;
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
Ширату:Әр топтағы сөздерді бір сөзбен қалай айтуға болады?
Қасық, кесе, таба, қазан –
Алма, жүзім, өрік, шабдалы-
Үйрек, тауық, қаз, әтеш –
Піл, қасқыр, арыстан, түлкі-
Доп, шар, қуыршақ, зырылдауық
«Есептер шығарайық»
1. 8 тоқаш болды. 2 - уі желінді. Қанша қалды?
2. Үстелде 5 алмұрт пен 3 апельсин. Барлығы қанша?
3. Тимурда 6 кітап бар, ал Алинада 2 кітап артық. Алинада неше кітап бар?
4. Біз 3 газет жаздырттық, ал журналдың 2 - і кем. Журнал нешеу?
5. Құмырада 10 гүл. Оның 3 - уі бәйшешек, ал қалғаны раушан. Раушан нешеу?
6. Құмырада 3 гүл бар еді, тағы 4 гүл салды, ал 2 гүлді алды. Қанша қалды?
7. Құмырада 5 раушангүл және 4 бәйшешек. Раушангүлдің бәйшешекке қарағанда нешеуі артық?
«Сандарды қойып ,шығар.»
Достарыңызбен бөлісу: |