Біліктерін қалыптастыру:
- парақ бетіне бояу жағу арқылы қарама-қайшы түстегі дақтарды үйлестіріп бейнелей білу;
- қағаз бетіне тура, көлденеңінен, тік және толқын тәрізді сызықтарды бейнелеу, дәстүрден тыс тәсілмен сурет салу (шарлар, күннің көзі, балықтар және т.б.);
- бояулармен жұмыс;
- қағазға, құмға саусақпен сурет салу;
- балаларды ересектермен бірге әрекет етуге (ересектердің салған суреттерін толықтыру) қызығушылықтарын тудыру;
- бейнелеу өнері әрекетінің нәтижесіне қызығушылық танытуын қалыптастыру: балалардың жұмысын қарау және талдау, таныс заттар мен кейіпкерлерді табу;
- қағаз парағында бағдарлай білуге үйрету. Дағдыларды қалыптастыру:
- белгілі бір ережелерді орындау дағдыларын қалыптастыру: түзу отыру, тек қағаз бетіне сурет салу, қағазды жұмарламау, қарындашты тықылдатпау;
- жұмысты ұқыпты орындау.
Күтілетін нәтижелер: - қағазға және құмға сурет салудың бастапқы техникасын меңгерген;
- түрлі-түсті қарындаштармен, фломастердің, гуашьтің төрт түсімен сурет салу біледі;
- қағаз бетіне түзу, тік, көлденең және үздіксіз сызықтар жүргізу біледі;
- бояулармен жұмыс жасаудың бастапқы техникасын игерген;
- қағаз бетіне бояулармен штрихтар, жақпалар, сызықтар салады;
- орындалған жұмысқа эмоциясын танытады;
- өз суреттерінде таныс заттарды, кейіпкерлерді салыстырады;
- қағаз бетінде бағдарлай алады.
Мүсіндеу
Дағдыларын қалыптастыру:
- шыны аяқ, табақты илеп жасауда саз кесегін саусақпен басып, тереңдету;
- заттардың ұқсастықтарын табу;
- кесектерді біріктіруге үйрету;
- қуыршаққа арналған әшекейлер: білезік, жүзік, қол сағаттар мүсіндей біледі;
- мүсіндеуге арналған материалдарды қолданады;
- арнайы тақтайша үстінде илеу;
- қолды дымқыл шүберекпен сүрту;
- дайын болған бұйымды тұғырға орналастыру,жұмыстан кейін материалдарды жинастыру.
Күтілетін нәтижелер:
- сазбалшықтың кесегін алақан арасына салып илей алады (шар), жоғарғы бөлігін саусақпен басып тереңдету (қуыршақтарға арналған печенье);
- түрлі пішіндерді біріктіру әдісімен заттарды мүсіндейді (саңырауқұлақ);
- мүсінделген пішіндерді өзіне таныс заттармен салыстыра біледі;
- мүсіндеудің техникалық дағдыларын біледі және қолданады;
- халықтық ойыншықтарды қарастыру барысында қуаныш білдіреді, олардың ашықтығын, әдемілігін атап көрсетеді;
- заттармен ұқсастықты табады;
- қуыршаққа арнап әшекейлер жасайды;
- мүсіндеуге арналған құралдар туралы түсініктерге ие;
- орындалған жұмыс туралы әсерлерімен бөліседі;
- жұмыс аяқталған соң қолдарын дымқыл шүберекпен сүрте алады.
Симметриялы пішіндерді орналастыра білуді және жапсырумен сурет салуды кіріктіруді қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
- түрлі пішіндерді біріктіру арқылы заттарды фланелеграфта орналастырады (жіпке байланған шар, үйшік);
- дайын сұлбаға элементтерін салып аяқтайды (марғаудың құйрығын салады);
- халықтық ойыншықтарды қарастыруда қуаныш сезімдерін білдіреді, олардың ашықтығын әсемдігін атап көрсетеді;
- бастапқы техникалық дағдыларды біледі және қолданады;
- қағаз бетіне симметриялық пішіндерді орналастыра біледі.
Достарыңызбен бөлісу: |