Бағдарламасы ТҮсіндірме жазба мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін



бет4/67
Дата20.01.2020
өлшемі1,61 Mb.
#56236
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
Үлгілік бағдарлама

«КОММУНИКАЦИЯ» білім беру саласы



«Коммуникация» білім беру саласының базалық мазмұны:

- сөйлеуді дамыту;



- көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.

«Коммуникация» білім беру саласының мазмұны баланың тілін дамытуды, коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруды, белсенді және пассивті сөздік қорын, тілдің грамматикалық құрылымын, дыбыстық мәдениетін, баланың байланыстырып сөйлеуін басқа білім салаларымен кіріктіру арқылы жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Мақсаты: тілдік қарым-қатынасқа қажеттілікті қалыптастыратын жағдайлармен қамтамасыз ету.

Міндеттері:

- қарым-қатынастың коммуникативтік дағдыларын және тыңдау мәдениетін қалыптастыру;



- тілдің сөздік қорын дамыту;

- тілдің грамматикалық құрылымына, сөзді дыбыстау мәдениетіне және байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Сөйлеуді дамыту

Бірінші жартыжылдықтың маңызды міндеті ересектердің сөйлеу тілін түсінуін дамыту болып табылады. Екінші жартыжылдықта белсенді сөйлеуін дамытуға аса назар аударылады.

1 жастан 1 жас 6 айға дейін


Бірінші жартыжылдықта балалардың сөздік қоры заттардың атын, тіршілік иелерінің қимыл-әрекетін (ұйықтайды, тамақ жейді, ән айтады, тыңдайды және т.б.), сонымен қатар, балаларға таныс заттардың белгілерін білдіретін (үлкен, кіші, қызыл және т.б.) сөздермен кеңейтіледі.

Балалар:


- өзінің, жақын туыстарының есімін, киім, жиһаз, ыдыс- аяқтардың, кейбір көлік құралдарының, бірнеше таныс жануарлар мен өсімдіктерді атауды;

- өзінің (қол, аяқ, бас, ауыз, көз, құлақ) және ойыншық- жануарлардың дене мүшелерін ажыратып, атай білуді;

- құрылымы және мазмұны бойынша қарапайым сөз тіркестерін түсінуді, өтініштерді орындауды, ойыншықтармен күрделі емес шағын қойылымдар көрсетуді,тұрмыстық және қызықты жағдайларды суреттейтін 1– 3 әрекетті;

- тілді көрнекіліксіз түсіну, заттарды табу және оларды суреттен тану, елеулі белгілері бойынша заттарды іріктеуді, тапсырмаларды орындауды;

- сәйкес суреттерді, ойыншықтарды, іс-әрекеттерді көрсету арқылы кейіннен көрнекіліксіз мазмұны бойынша шағын, қарапайым әңгімелерді, өлеңдерді, санамақтарды түсінуді;

- шығармаларды тыңдау, оны қабылдау, мазмұнына эмоционалды жауап беруді үйренеді.

Белсенді сөйлеуді дамыту

Белсенді сөйлеу қажетті ақпаратты түрлі жолдармен жеткізу негізінде дамиды: ыммен, қимылмен, былдыр сөздермен. Бұл жастағы балалар жиі еститін сөз тіркестері мен сөздерге еліктейді, таңдануды, қуанышты, наразылықты, өкінуді және т.б. білдіретін кейбір эмоциялық екпіндерді жаңғыртады.

Сөздік қор туыс адамдардың атауын (ата, әже, әке, ана), таныс заттар мен ойыншықтарды (шыныаяқ, кереует, үстел, қонжық, қуыршақ), кейбір тағам түрлерін (ботқа, сүт), белгілі қимылдарды (ал, тұр, жібер) білдіретін сөздермен толықтырылады.

Балалар ересектердің сөздерін тыңдай біледі, «Бұл не?», «Не істеді?» сұрақтарына жауап беруге, сұрақ қоя білуге, жеңіл тапсырмаларды орындай білуге, «болмайды», «рұқсат» сөздерін түсініп, дұрыс әрекет жасайды.

Дене жаттығуларын, сауықтыру және гигиеналық шараларды, қоршаған ортамен таныстыруды өткізу кезінде қимылдарды орындау, сурет салу, мүсіндеу, ән салуда баланың ауызша сөйлеуі дамиды, тілдің сөздік қоры толықтырылады.

1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін


Аталған жастағы балалардың сөйлеу тілін түсінуі:

- бөлмедегі және бөлмеден тыс заттар;

- кейбір жануарлар, олардың қимылдары;

- ойыншықтар (көжек, қонжық, балық, құс);

- заттардың белгілері, заттардың жай-күйлері, орны;

- мезгілдік және сандық қатынастар;

- тілегіне байланысты (су ішкісі, тамақ жегісі, ұйқысы келеді) іс- әрекеттер;

- дене күйі, көмек, қуаныш, жанашырлық сезімі;

- жасы мен жынысына сәйкес айналасындағы адамдарға қатысты сөздер есебінен кеңейтіледі.

Дағдыларын:



- тұрғын үй бөлмелерінің атауын, бұл бөлмелерде еркін бағдарлай білуді және олардың қолданылуын;

- таныс заттарды атауы, түстері, дыбысталуы бойынша топтастыра білуді;

- ересектердің айтқанын мұқият тыңдау, оның нұсқауларын орындау, екі-үш әрекеттен тұратын жеңіл тапсырмаларды есте сақтап, орындау, жалғаулары бар сөйлемдерді түсінуді;

- қоршаған ортамен қарым-қатынасты реттеуге және тілектерін білдіруге қажетті сөздерді (алғым келеді, берші, жібер, әрі жылжы) қолдана білуді қалыптастыру.

Баламен тілдесу барысында сергек, қуанышты көңіл-күйді, ересектермен әңгімелесу ниетін қолдау, олардың нұсқауларын орындау, олардың әрекеттері мен сөздеріне еліктеу үшін бесік жырларын, әзілді тапқыр сөздерді, ертегілердің күлкілі кіріспесін қолдану.

Мәнерлі сөйлеуде: шығарманың мазмұнына қатысты айтылатын сұраулы, бұйрықты, лепті интонацияны түсінуді дамытуды жалғастыру.

Белсенді сөйлеу ересектердің сөйлеген сөздерін қайталау арқылы жеке сөздер мен тіркестерді жаңғырта білу, ән, өлең, тақпақтарды тыңдай отырып, жекелеген сөздерді дауыстап және әндетіп айту арқылы дамиды.

Белсенді сөздікті байыту, былдыр сөздер мен дыбыстарға еліктеуді біртіндеп жалпы қолданатын тілдік формамен ауыстыру, заттар мен іс-әрекеттерді білдіретін жаңа сөздерді енгізу, енжар сөздік қордағы сөздерді айтуға үйрету.

Табиғи жағдайдағы, айналасындағы, суреттердегі заттарды атауды, ересектер мен құрбыларына жүгіне білу (сұрашы, алғыс айт, қара, кім келді және т.б.),еліктеу бойынша жаңа сөздерді, екі-үш сөзден тұратын сөйлемдерді айту, түсінікті сұрақтарға жауап беруді жалғастыру.

Айналасындағы адамдардың сөзін мұқият тыңдау, олардың ауызша талаптарын орындау қабілеттерін дамыту.

Дұрыс үлгілік сөйлеу дағдыларын, ана тілінің грамматикалық ережелерін ескеріп, сөйлемдерді құруды қалыптастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет