Музыка
Музыкаға, ән салуға, музыкалық-ырғақтық қимылдарға қызығушылықтарын қалыптастыру.
1 жастан 1 жас 6 айға дейін
Балалар үйренеді:
- мазмұны бойынша жақын әндерді тыңдауды, олардың көңіл- күйіне эмоционалды үн қатуды, оларды сәйкесінше қимылдармен көрсетуді;
- фортепианода 3–4 минуттық үзілістермен, 20–40 секунд үздіксіз орындалатын, сондай-ақ балалар музыкалық аспаптарда орындалатын әуендерді тыңдауды;
- дыбысқа еліктеулерді қайталау, әндегі жекелеген сөздерді айтуды;
- ересектердің созылыңқы айтқан екпіндерге еліктеу, тіркестердің соңын қосылып айтуды;
- әндегі қайталанып айтылатын интонацияларды әндетіп айтуды;
- педагогтың айтқан әнімен жүруді;
- қарапайым бейнелі қимылдарды көрсету, музыкамен сылдырмақты сылдырлатуды, бубенді соғуды;
- сюжетті ойыншықтардың музыкалық-қимылдық көрсетілімдерін көруді;
- ересектердің көрсетуі бойынша қарапайым би қимылдарын орындау, әннің сөзі мен музыка сипаты бойынша, көрсетусіз қимылдарды елестетуді;
- сүйемелдейтін әннің сөздеріне байланысты екі қимылдың ауысуын есте сақтау, осы қимылдарды алдымен ересектің көрсетуімен, кейіннен әннің сөзі бойынша орындауды үйренеді.
1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін
Балаларға үйрету жалғастырылады:
- әннің әуені мен сөздерін тыңдау және оларды тану (әуенді тыңдау ұзақтығы жылдың басында 15–20 сек., ал жылдың соңына 40–45 сек. құрайды);
- музыкалық шығармаға, көңілді және байыпты сипаттағы әндер және пьесаларға эмоционалды үн қату;
- музыканы зейін қойып тыңдау және музыкалық дыбысталуды ажырата білу;
- түрлі музыкалық аспаптарда орындалған халықтық әуендерді тыңдату;
-ересектердің орындауында ән тыңдау және одан соң қайталау, ересектермен қосылып айтуға баулу;
- музыкамен жүру, жүгіру, ересектердің салған әніне жалаушамен жүру,дабыл соғу;
- жоғары және төмен дыбыстарды тыңдап,ойын әрекеттерін орындау;
- ересектің көрсетуімен би қимылдарын орындау;
- музыкалық-қимылдық көрсетілімдердегі жекелеген әрекеттерді дербес ойында қолдану, оларды сөздермен және дыбыстық еліктеулермен сүйемелдеу;
- заттармен қарапайым қимылдарды орындау: жалаушаны жоғары көтеру, бұлғау, сылдырмақты сылдырлату;
- музыка сипатының ауысуын түсіндіру.
Күтілетін нәтижелер:
- музыкамен жүре біледі;
- ересектердің орындаған әндерін тыңдауды және одан соң қайталауды, ересектермен қосылып айтуды, әнді орындағанда интонацияларын қайталауды біледі;
- ойын әрекеттерін музыкалық сүйемелдеумен орындауды біледі;
- би әуендерінің көңілді сипатын күрделі емес қимылдармен: аяқтан аяққа ауысу, өкшелерін соғу, қолдың буынын айналдыру, орнында айналу, музыкамен сылдырмақты соғу арқылы бере біледі;
- ересектерге еліктеп, музыканың баяу және қатты дыбысталуын шапалақтап белгілеуді біледі;
- қарапайым бейнелі қимылдарды орындайды.
БІРІНШІ КІШІ ТОП
Достарыңызбен бөлісу: |