Бағдарламасы ТҮсіндірме жазба мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін



бет10/67
Дата20.01.2020
өлшемі1,61 Mb.
#56236
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   67
Байланысты:
Үлгілік бағдарлама

(2 жастан 3 жасқа дейін)



«ДЕНСАУЛЫҚ» білім беру саласы»
«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны:

- денешынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.

Мақсаты: денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып, дене дағдылары мен негізгі қимыл түрлерін қалыптастыру.

Міндеттері:


- жалпы дамытушы жаттығуларды, қимылды ойындарды, шынықтыру шараларын қолдану арқылы балалардың денсаулығын нығайту;

- негізгі қимыл түрлерін дамыту;



- салауатты өмір салты туралы алғашқы түсініктерінқалыптастыру.

I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ

Дене шынықтыру


Жалпы дамытушы жаттығулар: қол, кеуде, аяққа арналған. Бастыкөтеру және төмен түсіру, бұру (оңға-солға); қолды кеудеде айқастыру және екі жағына жазу; алдына, басынан жоғары шапалақтау; алдына, артына, басынан жоғары сермеу; оларды бүгіп жазу; саусақтарын ашып жұму.

Бір орнында жүру; тізені бүгіп жазу (екіншісіне тұрып); еденде отырған қалпында; таяныштан ұстап отырып аяқтың ұшымен тұру; алға, жанына, артқа қадам жасау; аяқты алға, өкшеге қою; табандарды бүгу (жазу); қатарында тұрған – отырған адамға қолындағы затты бере отырып, тұлғасын оңға-солға бұру; шалқасынан жатқан қалыпта қолдары мен аяқтарын бірдей қимылдатып, аяқтарын көтеру және түсіру; арқасынан бүйіріне, ішіне және кері қарай аударылу; алға, жан-жағына қарай еңкею.



Негізгі қимылдар:

Жүру: жан-жаққа және берілген бағытқа қолдарының әртүрлі қалыптарымен, аяқтың ұшымен, шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен, жұптасып, шеңбер бойымен, қол ұстасып, қарқынды өзгерте отырып, белгі бойынша тоқтап, ирелеңдеген баудың бойымен еркін жүру. Арқаннан, гимнастикалық таяқшадан аттап жүру.

Жүгіру берілген бағытта, әртүрлі қарқынмен, заттардың арасымен шеңбер бойынша, аяқтың ұшымен, белгі бойынша тоқтап, бірінің соңынан бірі (20м дейін), шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен, бағытты өзгертіп, шашырап, 30-40 сек бойына үзіліссіз жүгіру; жүруден жүгіруге және керісінше ауысу.

Секіру:

Бір орында тұрып екі аяқтап секіру, алға қарай ұмтыла екі аяқтап секіру (10-15 см); 10-15 см биіктен секіру; еденде 10-20 см қашықта (2 арқаннан тұратын жолақ арқылы) жатқан арқаннан, таспадан, секіртпен секіру.

Еңбектеу, өрмелеу. Кедергілі жазықтың бетімен, еңіс тақтайдың үстімен, жол бойымен, әртүрлі заттардың: доғаның, орындық, үстел, арқанның астымен нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тіземен тіреп) еңбектеу. Ауданы 50 х 50 см, биіктігі 10 см мінбеге өрмелеу.

Лақтыру, қағып алу, дәлдеп лақтыру. екі қолмен 1-1,25 м арақашықтықтағы (көлденең) нысанаға (кеуде тұсынан, төменнен, жоғарыдан (қағып алмай); баланың көзінің және кеудесінің тұсынан әртүрлі заттардың астымен 0,5-1,5 м арақашықтыққа доптарды домалату; доптарды бір-біріне домалату;

Тепе- теңдік сақтауға жаттығулар: иектері шектелген тура жолақпен (ені 20-25 см, ұзындығы 2-2,5 м) гимнастикалық орындықтың үстімен жүру; заттарға шығу (гимнастикалық орындыққа, жұмсақ модулге және т.б.) тұру, қолын жоғары көтеру, түсу; заттардан ( биіктігі 10-15см), шеңберден шеңберге аттау; төрттағандап тақтаның үстімен 20 см арақашықтықта орналасқан бірнеше кедергіден (таспалардан, текшелерден және т.б.) аттау; орнында баяу айналу.

Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.

Мәдени-гигиеналық ережелерді қолдану білімін бекіту. Дербес қимыл әрекетін қамтамасыз ету.

Дербес ойындарында қозғалыс белсенділігін реттеуге мүмкіндік беретін жағдайларды жасау.

Салауатты өмір салты және сауықтыру-шынықтыру шаралары дағдыларына баулу.

Балаларды шынықтыру серуен кезінде ультракүлгін сәуленің әсерінен ауа, су шараларынаң үйлесімділігімен қамтамасыз етіледі. Жергілікті және жалпы шаралар қолданылады.

Балалар жылдың салқын мезгілінде, ауа температурасы 15°С төмен емес болғанда, 4–5 қабат киіммен далаға шығып, серуендей алады.

Ауа ваннасы бала күніне бірнеше рет киінгенде жүргізіледі, ұзақтығы 2–3 минуттан 6–10 минутқа дейін артады.

Сумен шынықтыруда бала ұсақ тастары бар ваннада жүреді.

Су температурасы +35°С ден +34°С-ге дейін +23°С ден +22°С-ге дейін әр үш күн сайын 2 градусқа төмендетіліп отырады. Басқа күнделікті шараларда су температурасы +30°С градустан +18°С, +16°С-қа дейін біртіндеп төмендетіледі.

Дербес қимыл белсенділігі

Ересектердің көрсетуі бойынша кейбір қимылдарды орындайды, қимыл белсенділігіне жағымды эмоциялық қарым-қатынас білдіреді, бұрын игерген қимылдарды өздігінен орындай алады.

Спорттық жаттығулар


Шанамен сырғанау. Ересектердің баланы сырғататуы; шанаға отырғызып, төбешіктен сырғанату; шананың жіппен сүйрету; баланы ойыншығымен шанада сырғанату.

Велосипед тебу. Үш дөңгелекті велосипедке отырғызу, ересектердің көмегімен және көмегінсіз түсіру; ересектердің көмегімен және өзбетімен рөлді басқару.

Мұз жолдармен сырғанау: ересектер балалардың қолынан жетелеп сырғатуы.


Күтілетін нәтижелер:


- ересектермен бірге дене жаттығуларын орындайды;

- жүгіру, өрмелеу және секірудің, тепе- теңдік сақтаудың бастапқы дағдыларына ие;

- спорттық жаттығуларды орындаудың бастапқы техникасын біледі;



- жеке бас гигиенасының бастапқы дағдыларын біледі;

- өздігінен ұқыпты тамақтанады, қасық, кесе, майлықты дұрыс және орынды қолданады;

- ересектердің көмегімен киімінің сыдырма ілгегін салады, киіну және шешіну, түймесін ағыту, түймелеу дағдыларын игерген;

- шынықтыру шараларын өткізу кезінде жағымды көңіл-күй танытады және қауіпті жағдайда сақтық танытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет