Балаларды үйрету:
- ертегілердің, әңгімелердің, тақпақтардың мазмұнын түсінуге және олардағы әрекеттердің дамуын қадағалауға;
- тақпақтардың интонациясын қабылдауды;
- кейіпкерлердің пайда болуын, олардың өзара әрекеттерін қадағалауға;
- ертегілердегі, әңгімелердегі, өлеңдердегі қарама-қарсы бейнелерді түсінуді;
- таныс тақпақтарды қайталауды;
- мазмұны күрделі емес ойындарға ойыншықтарды қолданып, қатысуды үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
- тыңдалым және айтылым дағдыларын игерген;
- қысқа тақпақтарды, өлеңдерді жатқа біледі;
- шығармалардың мазмұнына эмоциалы көңіл-күй таныта біледі;
- жақсы таныс шығармаларды көрнекі құралдарсыз тыңдай біледі;
- шығарманың мазмұнын түсініп және эмоциалы қабылдап, кейіпкерлердің бейнелерін ойындарда қарапайым түрде бейнелей алады.
ІІ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ
Сөйлеуді дамыту
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Дағдыларды қалыптастыру:
- сөйлеудің дыбыстық мәдениетін;
- ана тіліндегі дыбыстар мен сөздерді анық айту, дыбыс аппаратын дамыту.
Дағдыларын бекіту:
- түрлі дауыс жоғарылығымен, қарқынымен, биіктігімен дыбыстарға еліктеуші сөздерді айту;
- сөйлеу тілінің екпіні мен ырғағына сәйкес жаңғырту;
- сөз тіркесінде, сөйлемде сөздер мен дыбыстарды айту.
Сөздік қор
- Балалардың белсенді сөздік қорын байытуды жалғастыру: заттардың қасиеттерін және олармен әрекеттерді атау.
- Дағдыларды қалыптастыру:
- тілдік қатынасты, сөйлеу тілін;
- ыдыс-аяқ, киім, жиһаздарды және күнделікті өмірде олармен әрекет жасауды білдіретін сөздерді, сөз таптарын қолдану;
- заттардың белгілерін білу, жануарлар мен олардың төлдері, көкөністер, жемістер, өсімдіктер, еңбек әрекеттерін білдіретін сөздерді қолдану.
Тілдің грамматикалық құрылымы
Дағдыларды қалыптастыру:
- қарапайым сұрақтарға жауап беру;
- сөздің интонациямен: сұраулы және лепті дауыс екпінімен аяқталуын меңгеру.
Байланыстырып сөйлеу
Дағдыларды бекіту:
- сөйлеудің диалогтық түрлерін дамыту;
- оқығандары және көргендері туралы сұрақтар қоя білу, ойыншықтар, суретте бейнеленгендер туралы айтып беру;
- айналасындағылардың сөздерін, тұрмыстық немесе ертегілер тақырыптарындағы әңгімелерді көрнекіліксіз тыңдау;
- сөз тіркестерін айту (3–5 сөзбен), таныс шығармалардан үзінді ойнай білу;
- кітаптағы суреттерді қарау, олардың мазмұны бойынша сұрақ- жауаптар құрастыру, көлемі бойынша шағын өлеңдер мен тақпақтар жаттау.
Күтілетін нәтижелер:
- тілдегі дыбыстар мен сөздерді айтады;
- қысқа сөйлемдерден неғұрлым күрделі сөйлемдерге ауыса біледі;
- өзі, отбасы мүшелері, сүйікті ойыншықтары жайлы сұрақтарға жауап береді;
- тілектерін, сезімдерін, ойларын білдіретін сөздерді қолдана алады;
- дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстай алады;
- ыдыстардың, киімдердің, жиһаздардың атауларын қолданады;
- ақпаратпен бөліседі, ыңғайсыздыққа (шаршадым, ыстықтадым) және құрдастарының әрекетіне (ойыншығын бермейді) шағымданады;
- тілді құрдастарымен қарым-қатынас құралы ретінде қолданады.
ІІ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ
Достарыңызбен бөлісу: |