Өлі табиғат заттары мен құбылыстары.
Табиғат құбылыстары туралы түсініктерін қалыптастыру, өлі табиғат нысандары туралы білімдерін байыту.
Табиғаттағы маусымдық өзгерістер
Көктем,қыс,жаз,күз мезгілдерінде табиғатты бақылау дағдыларын дамыту.
Табиғаттағы ауа райының жағдайларын бақылау және бақылаулардың нәтижелерін табиғат күнтізбесіне белгілеу дағдыларын жетілдіру.
Өсімдіктер әлемі
Балабақша ауласындағы және маңайдағы өсімдіктер туралы білімдерін бекіту, оларды ажыратып,атауға үйрету.
Көкөністер мен жемістердің 4-5 түрін, бөлме өсімдіктерін, ағаштар мен бұталарды танып, атай білу дағдыларын бекіту.
Білімдерін қалыптастыру:
- көктем мезгілінде өсімдіктердің тіршілігі туралы;
- шөптесін өсімдіктер (4-5 түрін), жидектер, саңырауқұлақтар туралы;
- орманда, бақшада, далада өсетін өсімдіктер туралы;
- пияздың және шөптің бөлме жағдайында өсуі туралы;
- өсімдіктер әлеміне қамқорлықлық жасауға баулу.
Жануарлар әлемі
Үй және жабайы жануарларды ажыратып, атай білу дағдыларын бекіту. Табиғат бұрышындағы тірі нысандар мен өсімдіктерге күтім жасау дағдыларын жетілдіру.
Көктем, жаз мезгілінде жануарлардың тіршіліктері туралы түсініктерін жетілдіру. Жәндіктердің түрлері, олардың тіршіліктері туралы түсініктерін кеңейту.
Кейбір бауырымен жорғалаушылар туралы түсініктерін қалыптастыру; қос мекенділер туралы білімдерін бекіту.
Табиғатта өзін ұстай білу ережесі
Табиғатта өзін ұстай білу ережесімен таныстыруды жалғастыру және табиғат бұрышындағы жануарлар мен өсімдіктерге күтім жасауға көмектесуге ынталандыру.
Күтілетін нәтижелер:
- үй жануарларын және олардың төлдерін, кейбір жабайы жануарлардың түрлерін атайды;
- бөлме өсімдіктерінің маңызы туралы түсініктерге ие;
- табиғаттағы маусымдық өзгерістерде қарапайым байланыстарды орната алады;
- өсімдіктерді көлеміне, пішініне, жапырақтарының түсіне, сабақтарының құрылымы бойынша салыстыра алады;
- көкөністер мен жемістердің 4-5 түрін, бөлме өсімдіктерін, ағаштар мен бұталарды біледі,үй және жабайы жануарлардың сыртқы ерекшеліктерін, ересектер мен сәбилердің мінез- құлықтарын біледі;
- табиғат бұрышындағы тірі нысандар мен өсімдіктерге күтім жасай алады;
- көктем, жаз мезгілінде жануарлардың тіршіліктері туралы түсініктерді игерген;
- жәндіктердің түрлерін, кейбір бауырымен жорғалаушылардың түрлерін ажыратады және атайды, олардың тіршілік етуі жайлы біледі;
- табиғатта өзін ұстау ережесін біледі.
ОРТАҢҒЫ ТОП
(4 жастан 5 жасқа дейін)
Достарыңызбен бөлісу: |