Өлі және тірі табиғат құбылыстары және заттары
Балалардың өлі табиғат объектілері - су, жер, ауа, күннің көзі туралы білімдерін бекіту.
Табиғат құбылыстары: жел, жаңбыр, тұман туралы түсініктерін кеңейту.
Табиғаттың маусымдық өзгерістері
Күзгі, қысқы табиғатты, олардың қарапайым өзгерістерін бақылау дағдыларын дамыту.
Адамдардың күзгі, қысқы әрекеттеріне балалардың зейін аудару дағдыларын қалыптастыру.
Өсімдіктер әлемі
Көкөністер мен жемістерді ажыратып, атау дағдыларын жетілдіру.
Бөлме өсімдіктері, олардың ерекшеліктері туралы білімдерін жетілдіру. Бөлме өсімдіктеріне және табиғат бұрышындағы жануарларға күтім жасау, өсімдіктердің өсіп-өнуі үшін қажетті жағдайлар туралы білімдерін қалыптастыру. Адамның табиғатқа деген қамқорлық қатынасының маңызы туралы білімдерін қалыптастыру.
Балалардың бөлме өсімдіктерін өсіріп,оларға күтім жасауға қызығушылықтарын және ынталарын тәрбиелеу. Оларға ұқыптылықпен және қамқорлықпен қарауға баулу.
Балабақша ауласындағы кейбір ағаштардың, бұталардың түрлері жайлы білімдерін қалыптастыру. Ағаштардың бөліктерін тауып, атай білу дағдыларын бекіту.
Өсімдіктерге арналған белгілі жағдайлардың қажеттілігін түсіну дағдыларын қадыптастыру.
Жануарлар әлемі
Үй жануарлары және олардың төлдері; жабайы жануарлардың тіршілігі; табиғат бұрышын мекендеуші жануарлар туралы түсініктерін кеңейту. Тірі объектілерге күтім жасауға арналған құралдар және табиғат бұрышындағы өсімдіктер туралы білімдерін қалыптастыру.
Жабайы жануарлардың күз мезгіліндегі тіршілігі жайлы түсініктерін (сыртқы түрі, тіршілік ету ортасы, мекені, азығы, қысық дайындығы) кеңейту.
Үй және дала құстары туралы білімдерін кеңейту.
Қыстап қалатын және жыл құстары туралы білімдерін, оларды ажыратып, атай білулерін қалыптастыру.
Табиғаттағы қарапайым тәртіп ережелері туралы білімдерін қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
- өлі табиғат объектілерін ажыратады және атайды;
- кейбір табиғат құбылыстарын, табиғаттағы және ауа райындағы маусымдық өзгерістерді ажыратады және атайды;
- 4-5 ағаштардың түрлерін, бұталарды, шөптесін өсімдіктерді, гүлдерді, жидектерді, саңырауқұлақтарды, көкөністер мен жемістерді; үй және жабайы жануарларды атайды және ажыратады;
- өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың қарапайым әдістерін біледі.
II ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Достарыңызбен бөлісу: |