Бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н



Pdf көрінісі
бет36/49
Дата24.08.2020
өлшемі477,85 Kb.
#76716
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49
Бақылау сұрақтары

1. Қазақстандағы аналитикалық бағдарламаларға талдау жаса.  

2. Аналитикалық бағдарлама сценраииін құрып көр.

Әдебиеттер тізімі:1,5,6.

Дәріс №24. Қоғамның саяси жүйесіндегі аналитикалық журналистика 

Жоспар: 

1. Қазақстандағы саяси жүйе 

2. Саясат саласындағы аналитика

Лекция мақсаты: Саясат саласында біліктілікті арттыру.

Лекция     мәтіні. 1.  Саяси жүйе қоғамның өмір сүруінде өте маңызды рөл

атқарады. Оның міндеті қоғамдағы саяси қатынастар мен саяси процестерді

реттеуге   негізделген.   Саяси   жүйе   дегеніміз   –   мемлекеттік   және   саяси

мекемелер мен институттардың, саяси қатынастардың, саяси және құқықтық

нормалардың   жиынтығы.   Саяси   мекемелер   мен   ұйымдардың   қызметі

қоғамдағы   таптар   мен   басқа   да   әлеуметтік   топтардың   саяси   мүдделерін

жүзеге   асыруға   бағытталған.   Олардың   саяси   мүдделері   қоғамдағы   саяси

қатынастардың   көрінісі   болып   табылады   және   саяси   билік   мәселелерін

шешуге негізделген:  оған ие болу, жүзеге асыру мен қорғау, азаматтардың

саяси құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру. Мұндай саяси мүдделер

саяси   жүйенің   элементтері   арқылы   жүзеге   асады.   Саяси   жүйенің   негізгі

элементтеріне жатады: мемлекет және оның органдары; армия, құқық-қорғау

органдары   (сот,   прокуратура,   полиция);   мемлекеттік   арбитраж;   саяси

партиялар мен қозғалыстар; қоғамдық ұйымдар. Бұл элементтердің бәрі бір-

бірімен   тығыз   байланыста   болады   да   біртұтас   саяси   жүйені

құрайды.  Қоғамның   саяси   жүйесінің   ең   маңызды   институттарына   –   саяси

билік,   құқық   және   идеология   институттарын   жатқызуға   болады.   Олар

қоғамның   тұрақты   дамуын   қамтамасыз   ететін   саяси   құрылыстын   аса

маңыызды механизмдері. Бұған тиісті мемлекеттік органдардың  қызметі, сол

секілді саяси партиялар мен қозғалыстардың, бұқаралық ақпарат құралдары

қызметі   арқылы   жетеміз.   Саяси   жүйенің   аталған   әр   бір   жеке   институты

белгілі бір міндеттер атқарады. Олардың қызметі әр түрлі сипатта болатын

саяси   процестерді   реттеуге   бағытталған.   Мұндай   саяси   институттардың

жүйесі қоғамның бүкіл саяси өмірінің дұрыс қызмет етуін қамтамасыз етуге

тиісті.  Саяси   жүйенің   негізгі   элементі   ретінде   мемлекетті   қарастырамыз.

Мемлекет саяси жүйенің өзегі болып табылады. Бұл кездейсоқ емес. Өйткені

саяси   қатынастарда   ең   бастысы   –   билік   туралы   мәселе.  Билік   арқылы

мемлекеттің   органдары   саяси   жүйенің   басқа   да   буындарына   ықпал   тигізе

алады. Мемлекет дегеніміз – қоғамды басқаруды жүзеге асыратын және де

өзара байланыста болатын мекемелер мен ұйымдардың жиынтығы. Мемлекет

қоғамдағы үстем әлеуметтік-таптық  күштердің мүдесіне  сай қызмет ететін



саяси   институт.   Мемлекеттік   билік   арқылы   мұндай   күштер   қоғамның

экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани өмірінде өздерінің үстемдігін

орнатады. Мемлекеттің   келесі   негізгі   белгілерін   атап   көрсетуге   болады:

мемлекеттік   билік   функцияларын   жүзеге   асыратын   органдар   мен

мекемелердің   ерекше   жүйесінің   болуы;   сол   мемлекеттің   заңқұзыреті

тарайтын   белгілі   бір   территорияның   болуы;   мемлекет   тарапынан   болған

нормалар   жүйесін   бекітетін   құқықтың   болуы.   Мемлекет   саяси   қызметтің

басты   субъектісі   болып   табылады.  Мемлекет   биліктің   қалыптасқан

механизмі ретінде бір қатар міндеттер атқарады: қоғамдағы саяси жүйенің

дұрыс   қызмет   етуін   қамтамасыз   ету;   экономикалық   және   әлеуметтік

қатынастарды   реттеу;   құқықтық   реттеу;   салық   пен   салымдар   жинау;

халықаралық   қатынастарға   араласу;   елді   қорғауды   қамтамасыз   ету;   басқа

мемлекеттермен дұрыс қатынастарды дамыту және т.б. Мемлекет – қоғамды

басқарудың,   оның   экономикалық   және   әлеуметтік   құрылымын   қорғауды   іс

жүзінде   асырушы   қоғамның   саяси   жүйесінің   негізгі   институты.Мемлекет

типі оның қай тапқа (таптарға) қызмет ететініне, демек түбінде белгілі бір

қоғамның экономикалық негізіне қарай анықталады. Тарихтан мемлекеттің

төмендегідей   негізгі   әлеуметтік-таптық   типтері   белгілі:   құлиеленушілік,

феодалдық, буржуазиялық және социалистік. Бір формациядан екіншісіне өту

кезеңдерінде   мемлекеттің   тарихи   өтпелі   типтері   өмір   сүрген   және   өмір

сүреді.

Тайпа –   алғашқы   қауымдық   құрылысқа   тән   адамдар   бірлігінің   формасы.

Тайпа рулық қатынастарға негізделді, яғни оның мүшелері қандас туыстардан

тұрды, рулар мен атауларға бөлінді. Олардың бірегей ортақ тілдері (диалекті),

көсемдері, ақсақалдары, жер-суы, экономикалық бірлестігі (қауымдасып аң

аулау,  бір-біріне көмектесу  т.б) өңдірілген өнімнен үлес алуына, тайпаның

қоғамдық   өміріне   қатысуына   құқығы   болмады.   Тайпаның   ыдырауына

мүліктік оқшаулану мен ақсүйектердің жіктелуі, қолбасылар рөлінің артуы

себеп   болды.   Рулық   қатынастардың   товарлық   қатынастармен   алмасуына

байланысты   тайпалар   халыққа   біріге   бастады.   Қазақстанда   б.з.б.   1-мың

жылдықта тайпалар одағы пайда болды. Тайпалардың одаққа бірігуі олардың

барлығына   ортақ   мәдени   формалардың   қалыптасып,   шаруашылықтың,

тілдерінің   жақындасуына   жағдай   жасады.   Қазақстан   жерінде   сақ   (сақтар),

үйсін, дулу (дулат), қаңлы (кангюй) т.б. тайпалар одағының болғаны белгілі.

Олардың   көбі   кейін   (6   ғ.)   ерте   феод,   мемл.   –   Батыс   түрік   қағанатының

құрамына енді.



2.П.   Прохоровтың   «Введение   в   журналистику»   оқулығында

журналистиканың

 

алты


 

басты


 

қызметін


 

анықтайды.

Біріншіден, журналистика саласында өзара ақпараттық ықпалдасудың негізгі

де басты міндеті – яғни бұқаралық аудиториямен, әлеуметтік институттармен

байланыс   орнату.   Сондықтан   журналистиканың   табан   тірер   функциясы   –

коммуникациялық

 

(лат.   communication   –   хабарлама   жолы,   байланыс   пішіні)   функция.   Бұл



қызмет   түрі   пікірлесуге   контакт   орнатуға   арналады.   Бір   қарағанда   таза

техникалық   термин   болып   көрінетін   «коммуникация»   ұғымы   ақпараттық




мән-мазмұнмен   толыққан   кезде,   жаңа   сипатқа   ие   болады.   Көп   ретте

журналистиканы бұқаралық коммуникация құралы, mass media дейтіні де сол

себептен.

Екіншіден,   журналистің   қоғамдағы   «төртінші   билік»   ретіндегі

ұйымдастырушылық

 

қызметін



 

атап


 

өту


 

қажет.


 

Үшіншіден,   идеологиялық   әлеуметтік   бағдарлаушы   ретіндегі,   яғни

аудиторияның   дүниетанымына,   көзқарасына   терең   әсер   ете   алу   қызметі.  

Төртіншіден, қоршаған ортаны тану, құндылықтарды анықтауда бағыт-бағдар

беру, жеке тұлғаны әлеуметтендіру, ағарту және тәрбиелеу, мәдениет тарату

сияқты функциялары да ауызға алынып жүр. Сонымен қатар оның қоғамдық

процестерді реттеу және қадағалау, азаматтарды әлеуметтік жағынан қорғау

және әрбір адамды кәделік мәліметпен қамтамасыз ету секілді қырлары да

бар.

Бесіншіден,   жарнамалық   қызметі.   Бұқаралық   аудитория   мен   әлеуметтік



институттардың   ақпараттық   сұраныстарына   сай   олардың   өмір   сүруін

қамтамасыз ету. Барлық қырларынан алғанда, қоғамда болып жатқан барлық

жағдайлармен

 

таныстыру.



Алтыншыдан,   рекреативтілік   қызметі.   Компенсаторлық   (өтемдеу)   бағасын,

тонусты   (лат.   tonus   –   ширығу)   түзеу   қызметін   (көңіл   көтеру,   дамылдату,

сергіту)   жоққа   шығаруға   болмайды.   Міне,   осылардың   бәрінің   де

журналистика

 

қызметіне



 

қатысы


 

бар.


Аталған функциялардан бөлек журналистиканың әлеуметтік жағынан алғанда

басты   функциясын   қарастырамыз.   Әлеуметтік   практиканың   қоғамның

заманға сай қажетті ақпарат сұранысын бақылаушы функциясы. Ол қоғаммен

үнемі байланыста болуды білдіреді. Басқа функциялардан биік тұрады.

Тіл- әрбір адамның өмір бойы қолданатын ең маңызды құралы.

Ғылым   атаулы,  әдетте,   екі   топқа   бөлінеді:   оның   бірі-жаратылыс   тану

ғылымдары,   екіншісі-қоғамдық   ғылымдар.  Ғылым   атаулының   бұлайша   екі

үлкен   топқа   бөлінуі,   сайып   келгенде,   олардың   нені   зерттейтіндігімен

байланысты.  Шындық   болмыстағы   құбылыстардың   бір   тобы   материалдық

құбылыстар,  жаратылыс   құбылыстары   болса,   екінші   тобы   –   қоғамдық

құбылыстар.  Материалдық   құбылыстарды,   жаратылыс   құбылыстарын

жаратылыс   тану   ғылымдары   (физика,   химия,   биология,   математика   және

осылардан   бөлініп   шыққан   басқа   ғылымдар)   зерттесе,   адам   баласы

қоғамындағы   құбылыстарды   (яғни   қоғамдық   құбылыстарды)   қоғамдық

ғылымдар   (тарих,   философия,   саяси   экономия,   заң   ғылымдары   және   т.б.)

зертейді.

Тіл білімі ғылымдардың осы аталған екі тобының қайсысына жатады?  Бұл

мәселе ғылым тарихында түрліше қаралып, осыған орай, түрліше шешіліп

келеді.   Мысалы,   XIX   ғасырда   кейбір   ғалымдар   тілді   жаратылыс

құбылыстарының қатарына жатқызды да, осыған орай, тілді зерттейтін тіл

білімін   де   жаратылыс   тану   ғылымындарының   қатарына   қосты.   Неміс

лингвисі Август Шлейхер (1821-1868) дәл осындай пікірде болып, тілді тірі

организм   сияқты   құбылыс   деп   есептеді.Оның   пікірінше,   тіл   де   тірі

организмше   туады,   өседі,   қартайып   тозады,   өледі.   Август   Шлейхер   тілді




биологиялық құбылыстардың қатарына жатқыза келіп, оны (тілді) зерттейтін

тіл   білімін   де   жаратылыс   тану   ғылымдарының   қатарына   қосты.  Алайда,

Август Шлейхердің бұл тұжырымы мүлдем қате. Бұлай дейтініміз: тіл мен

тірі  организмнің  арасында   түбірлі  айырмашылықтар   бар.  Тірі  организмнің

өлуі биологиялық тұрғыдан болмай қойылмайтын шарасыздық. Ал тіл қандай

бір тірі организмнен болсын анағұрлым ұзақ өмір сүреді. Тіл өз дамуының

ішкі заңдары бойынша дамып отырады, бірақ оның тірі организм сияқты өлуі

шарт емес.Тірі организм   биологиялық құбылыстардың қатарына жатса, тіл

қоғамдық құбылыстардың қатарына жатады. Демек, Август Шлейхердің тілді

тірі организм деп, табиғат құбылыстарының қатарына жатқызуы қаншалықты

қате   болса,   тіл   білімін   қоғамдық   ғылымдардың   емес,   жаратылыс   тану

ғылымдарының қатарына қосуы соншалықты қате. Тіл – қоғамдық құбылыс,

сондықтан   оны   зерттейтін   ғылым   –   тіл   білімі   де   қоғамдық   ғылымдардың

қатарынан орын алады.

Тіл   білімінің   ғылымдар   жүйесінде   алатын   орнын   және   оның   басқа

ғылымдармен   байланысын жете түсіну үшін, қазіргі замандағы ғылымның

сипаты туралы мәселеден хабардар болу өте-мөте қажет.Қазіргі заманда бір

жағынан,   ғылымның   бұрын   болмаған   жаңа   салалары   жасалып,   ғылымда

диференциация   процесі   жүріп   жатса,   екінші   жағынан,   екі   немесе   бірнеше

ғылымның өз ара түйіскен жерінен сол ғылымдардың бәріне ортақ, бәріне

бірдей   қатысты   проблемаларды   бірлесе   зертейтін   дербес   ғылыми

дисциплиналар жасалып, ғылымда интеграция процесі жүріп жатыр.

Ғылым атаулының осылайша даму барысында тіл білімі де басқа көптеген

ғылымдармен   байланысқа   түсіп,   солармен   қанатаса   дамып   келеді.   Ол,   ең

алдымен,   қоғамдық   ғылымдармен   тығыз   байланысты.   Бұлай   болатыны

мынадан: тіл білімі тілді қоғамның тууымен бірге туып, қоғамның дамуымен

бірге дамитын қоғамдық құбылыс ретінде, қоғам мүшелерінің пікір алысу,

қатынас   жасау   құралы   ретінде   қарастырады.Тіл   білімі   тілдің   шығу   тегін,

жасалуын   және   дамуын   зерттегенде,   тарих   ғылымының   деректерінде

пайдаланатыны   сияқты,   тарих   ғылымы   халық   тарихын,   қоғам   тарихын

зерттеу барысында тіл білімінің деректері мен жетістіктерін де пайдаланады.

Сондай-ақ,   тіл   білімі   археологиямен   де,   этнографиямен   де   байланыста

болады.  Бұл  байланыс  мынадан:  тіл  талай  заманның  жемісі,  қазіргі  тілдің

элементтері   өте   ерте   заманда   жасалған.   Ал   археология   болса,   ол

халықтардың ежелгі көне мәдениетін зертейді,этнография халықтардың ерте

кездегі   тұрмысы   мен   әдет   ғұрпын   зертейді.Осыған   орай,   археология   мен

этнографияның   деректері   тіл   тарихына   қатысты   мәселелерді   зертеуде,

айқындауда өте құнды материал ретінде қызмет ете алады.Тіл білімінің бір

саласы     -   этнолингвистика   тілді   сол   тілдің   иесі-   халықтың   мәдениетімен

байланысында   зерттейді.Тіл   білімінің   археология   мен   этнографиямен

байланысы бір жақты байланыс емес, екі жақты байланыс. Бұлай дейтініміз:

археологиялық және этнографиялық деректер лингвистика үшін қаншалықты

пайдалы   болса,   лингвистикалық   деректер   археология   этнография   үшін

соншалықты пайдалы болмақ.




Тіл білімі қоғамдық ғылымдармен қатар жаратылыс тану ғылымдарымен де

тығыз байланысты. Тілдің дыбыстық жағын тіл білімінің фонетика саласы,

физиканың акустика саласы қарастырады. Сөйлеу процесі дыбыстарды айту

және   тіл   дыбыстарын   қабылдаумен   тікелей   байланысты.Ал   бұл   процесті

дыбыстардың артикуляциясы (сөйлеу мүшелері арқылы тіл дыбыстарының

жасалуы)   жағынан   және   сөйлеуді   есту   мүшесі   арқылы   қабылдау   жағынан

физиология   зертейді.Тілдің   күрмелу   себебін   медицина   мамандары   атап

айтқанда, психиаторлар, дефектологтар, логопедтер зертейді. Мұның үстіне,

элоктронды машинамен аударма жасаудың, инфармация теориясының және

кибернетиканың бірсыпыра мәселелерінің тікелей тіл біліміне қатысты болуы

лингвистика мен математика ғылымдарының байланысын тудырып отыр.

Бұл айтылғандар тіл білімінің дербес ғылым бола отырып, әр түрлі қоғамдық

ғылымдармен де, жаратылыс тану ғылымдарымен де қарым-қатынаста, өз ара

байланыста   болатынын   және   жалпы   білімдік   үлкен   мәні   бар   екендігін

көрсетеді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет