Бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н



Pdf көрінісі
бет37/49
Дата24.08.2020
өлшемі477,85 Kb.
#76716
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49
Тіл білімі немесе лингвистика – тіл және оның даму заңдары туралы ғылым.

Тіл-қоғамдғы   адамдардың   өз   ара   пікір   алысу   ,   бір-бірімен   қарым-қатынас

жасау.   Әрбір   тілдің   дыбыс   жүйесі,   сөздік   құрамы   және   грамматикакалық

құрылысы болады.Тілдің осы аталған әр түрлі жақтары тіл білімінің тиісті

салаларында,   мысалы,   тілдің   дыбыс   жүйесі   тіл   білімінің    фонетика

саласында   қарастырылса,   сөздік   құрамы  лексикология  саласында,

грамматикалық   құрылысы  грамматика  саласында   қарастырылады.Тіл

білімінің   осы   аталған   салаларының   әрқайсысы   өз   ішінде   бірнеше   салаға

немесе   бөлімге,   мысалы,   фонетика   саласы   сипаттама   фонетика,

салыстырмалы   –тарихи   фонетика,   экстриментальды   фонетика   және   т.б.

болып  бөлінеді.Мұндай  ішкі  салалар  немесе  тармақтар   жайында  мағлұмат

осы кітаптың әр тарауының тұс-тұсында беріледі.

Бүтіндей тіл және оның әр түрлі салалары даму, біртіндеп жетілу күйінде

болады.   Тілдің   әртүрлі   салаларының   даму   сипаты   мен   қарқыны   түрліше

болуы мүмкін. Бүтіндей тіл және оның әр түрлі салалары тілдің ішкі даму

заңдары бойынша дамиды. Тіл білімі (немесе лингвистика) тілдің әр түрлі

жақтары мен салаларын, олардың дамуын, өз ара байланысын, тіл дамуының

ішкі заңдарын зерттейді. Тілдің әр түрлі жақтары (дыбыс жүйесі мен сөздік

құрамы және грамматикалыққұрылысы) бір-бірімен өз ара тығыз байланысты

болатыны сияқты, тіл білімінің оларды (тілдің әр түрлі жақтары) зертейтін

салаларыда (фонетика мен лексикология және грамматика) бір-бірімен өз ара

тығыз байланыста болады. 

Тілді белгілі бір дәуірде өмір сүріп тұрған қалпы тұрғысынан қарастырып,

сипаттама беретін тіл білімі бар да, тілді шығуы мен тарих бойында дамуы

тұрғысынан зерттейтін тіл білімі бар. Алдыңғысы сипаттама тіл білімі немесе

синхрониялық лингвистика, соңғысы тарихи тіл білімі немесе диахрониялық

лингвистика деп аталады.      

Белгілі бір тілді,  оның жүйесі  мен құрылымын ғылыми тұрғыдан    талдап

түсіндіру және оның даму заңдарын ашып айқындау  үшін , ол тілді және

ондағы   фонетикалық,   лекси   калық,   грамматикалық   құбылыстарды




біріншіден,   шығуы   мен   дамуы   тұрғысынан,   екіншіден,   ол   құбылыстарды

туыстас тілдердегі біртектес құбылыстармен салыстыру тұрғысынан зерттну

қажет.   Ф.   Энгельс   тілді   тарихи   тұрғыдан   зертеудің   және   оны   туыстас

тілдермен салыстыру тұрғысынан қарастырудың маңызы туралы былай деп

жазды: “…Ана тілінің материясы мен формасы” түсінікті болғанда , оның

пайда   болуы   мен   бірте-бірте   дамуы   зерттеліп   отырғанда   ғана   түсінікті

болады,   ал   егер,   біріншіден,   ана   тілінің   өзінің   өшкен   формаларын   және,

екіншіден,   түбірлес   тірі   және   өлі   тілдерді   назарсыз   қалдыратын   болсақ   ,

әлгілердің   түсінікті   болуы   мүмкін   емес.   Демек,   тілді,   ондағы   әр   түрлі

құбылыстарды шығу мен дамуы тұрғысынан және ол құбылыстарды туыстас

тілдардегі  ұқсас  немесе  біртектес  құбылыстармен  салыстыру  тұұрғысынан

қарастыру   тілдің   шынайы   табиғатын,   оның   даму   заңдарын   ашып

айқындаудың басты шарты болып саналады.

Толық мағынасындағы  ғылым ретінде тіл білімінің өзі тілдерді тарихи және

салыстыру   тұрғысынан   зерттеудің   негізінде,   дәлірек   айтқанда,   тілдерді

зерттеуде   салыстырмалы-тарихи   методты   қолданудың   нәтижесінде,

салыстырмалы-тарихи   грамматиканың   негізінде   XIX   ғасырдың   басында

жасалды. Бұған дейін де, әрине, тіл білімі болған. Бірақ XIX ғасырға дейінгі

тіл білімінде тілдің және ондағы сан алуан құбылыстардың шығуы, дамуы

және олардың себептері айқындалмай, тек сипаттама берумен шектеліп келді.

Бір сөзбен  айтқанда,  XIX  ғасырға  дейінгі тіл білімі тілдегі құбылыстарды

ғылыми   талдау   тұрғысынан   түсіндіру   дәрежесіне   көтеріле   алмай,   оларға

сипаттама берумен ғана шектелді.

Ал ХІХ ғасырда ғылым атаулыда , әсіресе қоғамдық ғылымдар садасында,

соның ішінде тіл білімінде әр түрлі құбылыстардың өзгеруі, тарихи дамуы

тұрғысынан   қарастыратын   көзқарас   пайда   болып,   ғылыми   зерттеулерде

историзм     принципі   қолданыла   бастады.   Осы   дәуірдегі   ғылым   туралы

Гегельдің ғылымға сіңірген еңбегі жайында Ф.Энгельс “Анти-Дюринг” деген

кітабында былай деп жазды: “…Ол тұңғыш рет бүкіл табиғи, тарихи және

рухани дүниені процесс   түріндегі нәрсе , яғни үнемі қозғалуда,  өзгеруде,

қайта құрылуда және дамуда деп таныды, сөйтіп осы қозғалу мен дамудың

ішкі   байланысын   ашуға   тырысты”.   Тілдердің   өзгеру   және   даму   заңдары

ашылып   айқындалды.   Осының   нәтижесінде   тіл   білімі   ғылым   ретінде

жасалып қалыптасты.

Жеке бір тілдің жүйесі мен құрылысын және оның даму заңдарын зерттеп

айқындайтын жеке тіл білімі бар да (мысалы: қазақ тіл білімі, ағылшын тіл

білімі және т.б ), ғылым ретіндегі тіл білімінің теориясы болып саналатын

жалпы тіл білімі бар. Жалпы тіл білімі – нақты бір тіл туралы немесе оның

дамуының   заңдары   туралы   емес,   қатынас   құралы   ретінде   қаралатын   адам

баласы тілінің дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Демек, жалпы тіл

білімі   мен   жалқы   тіл   білімі   бір   емес.   Алайда,   бұл   екеуінің   арасында   өз

арасында қарым-қатынас әрқашан сақталады. Тіл білімінің жалпы теориялық

саласы   болып   саналатын   жалпы   тіл   білімі,   әдетте   бір   ғана   тілдің   емес,

көптеген   тілдердің   деректерін   есепке   алады,   олардың   ғылыми   тұрғыдан

зерттеудің нәтижелерін сүйеніш етеді және осылардың бәрін жинақтай келіп,



жалпы   териялық   топшылаулар   мен   қорытындылар   жасайды.   Зерттелген

тілдер   мен   олар   жайындағы   деректер   неғұрлым   көп   болса,   жалпы   тіл

білімінің теориялық топшылаулар мен қорытындылар жасауға мүмкіндіктер

де   соғұрлым   мол   болады.  Жалпы   тіл   білімі   дамуының   қазіргі   кезеңінде

мұндай мүмкіндіктер, бұрынғы дәуірлердің қай-қайсынан болсын анағұрлым

мол. Қазіргі замандағы ғылымның барлық салалары сияқты тіл білімі дежан-

жақты дамып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет