Біреулердің нені кӛрмегендерін, қалай кӛруге болады?
Дүкеннің жанында тұрған пикап машинасына отырып жатып
айтқаны:
-Балалар, жұмыстарыңды жалғастырыңдар. Жалақы туралы
қаншалықты тез ұмытсаңдар, ӛскендеріңде соншалықты ӛмір
сүрулеріңе жеңіл болады.
Ӛз ойларыңды пайдаланындар, тегін жұмыс істеңдер, сонда
осының ықпалымен, ақыл-ой тезарада, ақшаны қалай табуға
болатындығы жӛнінде ӛз бағытын береді. Сӛйтіп, жұрттың
кӛпшілігіне белгісіз жағдайларды, қолдары жетпейтіндерді кӛріп,
айыра аласыңдар. Мүмкіндіктер олардың мұрындарының астында
тұрады. Кӛпшілігі оны байқамайды, себебі: олар жақсы жалақысы бар
тұрақты орынды іздейді және сонымен шектеледі. Бір ғана
мүмкіншілікті кӛру жеткілікті, әрі қарай басқаларын кӛруді де
үйренесіңдер. Сендер мұны істегенде, мен тағыда бірдеңеге үйретем.
Осы сабақты игеріңдер, сонда сендер ӛмірдегі ең үлкен
тұзақтарға түспейсіңдер. Сендер еш уақытта «қарамай қуыршаққа»
жуымайсыңдар.
Біз, Майк екеуіміз дүкендегі заттарымызды алып Мартин
апаймен қоштасып, шығып кеттік. Содан паркке оралып, отырған
жерімізге келіп, бірер сағат естігенімізді әңгіме қылып, талқыладық.
Келесі аптада мектепке бардық, бұрынғыдай ой тұңғиығында болумен
болдық. Тағы екі аптадай айтыстартыстан кейін, тегін жұмыс істуге
кірістік.
Екінші сенбінің аяғында Мартин апаймен тағы қоштасып,
сӛредегі комикстерге мұңая қарадым. Отыз центтің ӛзін алмаушылық
барып тұрған зәбірлік еді, енді комикстерді де сатып алуға ақшам
болмайды-ау, деп мұңайдым. Сол сәтте, Мартин апай бізбен қоштасып
жатқанда, мен бірдеңені байқап қалдым. Ол кісі мен бұрын
байқамаған бір шаруаны істеп жатыр екен. Расында, мұны бұрын
63
кӛргенмін, бірақ оған мән бермегенмін.
Мартин апай, комикс кітаптарының сыртқы тыстарын ортасынан
қақ бӛліп, жоғарғы бет жағын ӛзіне қалдырып. Қалғандарын картон
жәшікке лақтырып тастап жатыр екен.
Мен, ол кісіден,бұлармен не істейсіз?-дегенімде, шығарып
тастаймын,-деді. Тыстың сыртқы бетін, комикс кітаптарын сатушыға
беремін, ол жаңаларын әкеледі. Сатушы бір сағаттан соң келеді.
Майк екеуіміз оны шыдамдылықпен бір сағат күттік. Кешікпей
ол да келді. Ол кісіден, мына кітаптардың қалғанын алуға бола ма?-
деп сұрадым.
-Болады, - деді ол, егерде сендер осы дүкенде жұмыс істесеңдер
және оларды қайта сатпасаңдар.
Біздің серіктестігіміз қайта жанданды.Майктің шешесінің
пайдаланбай жүрген, үй астындағы бӛлігінен орын табылды. Біз оны
әртүрлі қоқыстардан тазартып, жүздеген комикс кітаптарының қалған
бӛліктерін жинап тасумен болдық.
Сӛйтіп, жуыр арада біздің кӛпшілік үшін, комикс кітапханамыз
ашылды. Біз кітапхананың бас кітапханашысы ретінде, оқу үздігі
Майктің қарындасын жалдап алдық. Ол әр баладан, кітапханаға
кіргені үшін, 10 центтен ақша алды. Кітапхана күнде, сабақтан кейін
14:30 дан 16:30 дейін ашық болатын. Келушілер кӛршілердің
балалары, 2 сағат бойынша үлгергендерінше комикстерді оқитын. Бұл
оларға пайдалы еді, себебі: бір комикс кітабы 10 цент тұратын, ал екі
сағаттың ішінде 5-6 кітап оқып шығуға болады. Майктің қарындасы,
кітаптарды біреулердің алып кетпеушілігін бақылап отыратын. Оның
сыртында келушілердің тіркеу кітабын жүргізетін және күнде
кімдердің келетін есебін жүргізетін, пікірлерін жазатын. Үш айдың
ішінде, біз Майк екеуіміз, аптасына орта есеппен тоғыз доллар 50 цент
ақша таптық. Біз, оның қарындасына 1 доллардан ақша тӛлеп,
кітаптарды тегін оқуға рұқсат ететінбіз. Дегенмен, ол кітаптарды
сирек
оқитын,
кӛбіне
сабақтарын
дайындап
отыратын.
Біз, Майк екеуіміз, шарт бойынша сәрсенбі сайын бұрынғыдай
дүкенде жұмыс істедік. Біз комикстер сатушысына берген уәдемізді
64
орындадық, оның кітаптарын қайта сатқанымыз жоқ. Кітаптар әбден
тозығы жетіп жыртылғанда, пайдалануға келмегенде, ӛртеп
жіберетінбіз.
Біз кітапханамыздың филиалдарын ашуға тырысып кӛрдік, бірақ
Майктің қарындасындай, сенімді кітапханашыны таба алмадық. Міне,
осылай біз, кадр проблемаларының не екенін ерте түсіндік. Үш айдан
соң, кітапханада тӛбелес басталды. Оның ішіне кӛршілес кӛшелерде
тұратын, бұзақы балалар кіріп кеткен болатын. Майктің әкесі істі жабу
керек, -деп ұсыныс берді.
Сӛйтіп, іс жабылды, бізде сенбі сайын дүкенде жұмыс істеуімізді
тоқтаттық. Оның сыртында, бай әке, былайда бізді тағы басқа жаңа
нәрсеге үйретуді ойлаған еді.
Біздің, оның бірінші сабағын жақсы игергенімізге ӛте қуанышты
еді. Біз ақшаны, ӛзіңе қалай жұмыс істетуді кӛріп, үйрендік.
Дүкендегі жұмысымыз үшін, кӛк тиында алмай; ӛзіміздің
ойсанамызға жүгініп, ақша табудың қандай, мүмкіншіліктері бар
екенін кӛрдік.
Ӛзіміздің бизнесімізді бастап, комикс кітапханасын қүрып біз
қандайда болмасын жұмыс берушіге тәуелді болмай, ӛз қаржымыздың
қожайыны болдық.
Мұның ең жақсысы, мынада еді: біз кітапхананың ӛз ішінде
жүмыс істемесек те, біздің бизнесіміз табыс әкелді.
Біз үшін, біздің ақшамыз жұмыс істеді. Бай әке бізге жалақы
тӛлеген жоқ. Ол бізге бұдан да кӛпті берді.
|