Бай әКЕ, кедей әКЕ



Pdf көрінісі
бет13/61
Дата07.02.2022
өлшемі1,29 Mb.
#92347
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   61
Байланысты:
Бай әке, кедей әке (Р.Кийосаки)

 
 
 
 
 
 


66 
 
 
 
 
Ең бай бизнесмендер
1923 жылы Чикагоның «Эджуотер Бич»қонақ үйінде еліміздің 
саясаткерлері мен бай бизнесмендерінің кездесуі ӛтті. Олардың ішінде 
болғандар, мыналар:
Чарльз Шваб, ең ірі, тәуелсіз болат құю компаниясының 
басшысы, Сэмюэль Инсула, әлемдегі муниципиалды кәсіп орынның 
Президенті, Говард Хопсон, ірі газ компаниясының басшысы, Айвер 
Крюгер, «Интернационал Матш Со» сол кездегі, әлемдегі ең ірі 
компаниялардың бірінің Президенті, Леон Фрейзер халықаралық 
сеттельменттер банкісінің Президенті. Ричард Уитни, НьюИорк 
биржасының Президенті, Артур Коттон және Джесс Лайвермор, екі 
белгілі биржевиктер және Альберт Фолл Президент әкімшілігінен.
Жиырма бес жылдан кейін, осы кездесуге қатынасқан 9 адамды 
(жоғарыда атап етілген) мына жағдайлар күтіп тұрды:
Шваб-бес жыл бойы қарыз алумен ӛмір сүріп, соңында кӛк 
тиынсыз қалып, ӛледі. Инсула шет жерде банкрот болып енеді. 
Крюгер және Коттон банкроттықтан ӛледі. Хопсон жынданып кетеді. 
Уитни және Альберт Фолл түрмеге түседі. Фрейзер мен Ливермор 
ӛздерін-ӛздері ӛлтіреді.
Шындығында, бұл адамдармен не болғанын нақтылы айта 
алатын, сірә біреу бар ма? .. оны мен білмеймін. Егерде, Сіз бұлардың 
кездесу датасына кӛңіл аударсаңыз, бұл 1923 жыл еді, яғни I929 
жылғы және Ұлы депрессияның қарсаны болатын, мүмкін осы 
жағдайлар, олардың тағдырларына әсер еткен болар.
Сондағы менің айтпағым: біздің уақытымыздағы ӛзгерістер, ол 
кезеңнен гӛрі, әрі шапшаң, әрі радикалды түрде болады.
Алдағы 25 жыл ішінде, бізді күтіп тұрған, оқыс кӛтерілулер мен 
құлдыраулар, сол бизнесмендердің бастарынан кешкендіктерінен 
кемде-кем болмайтындығы түсінікті.
Міне, сондықтан мені қатты алаңдататын бір жәйт, ол жұрттың 
кӛпшілігінің зейіні тек қана ақшаға ауған, ал ӛздерінің ең басты 
байлығы білімдеріне кӛңіл аудармаушылықтары.
Егерде Сіз жаңа идеяларға ашық сӛзімтал болсаңыз, онда
болатын ӛзгерістер сізді бай қылады. Ал барлық проблемаларды тек 
қана ақша шешеді, деп ойласаңыз, онда сізге оңай болмайды. 
Қаржылық қараңғылығы, ақшаның тез жоғалуына әкеліп соқтырады.


67 
Жұрттың кӛпшілігі, ӛмірде қанша ақша тапқандықтан емес, оның 
қаншасы есінде сақталғаннын маңызды екенін аңғармайды.
Мысалы, лотореядан үлкен ұлысқа шыққан бақыттылар туралы, 
біз жиі естиміз. Алдында олар кедей еді, бір сәтте бай болады, 
артынан қайта кедей болады. Олар миллион ақшаны қолдарына 
алғанымен, жуық арада қайтадан ӛздерінің, тез қалыптарына түседі. 
Не болмаса кәсіби спортшыларды естеріңізге түсіріңіздерші, олар 24 
жасында жылына миллиондаған доллар табыс тауып, 34 жасында 
жоқшылықтың салдарынан, кепір астында түнейді.
Бүгінгі газетте осыдан бір жыл бұрын миллионер болған жас 
баскетболшы туралы әңгіме оқыдым. Ӛзінің айтуы бойынша: оның 
жолдастары, заңгері мен бухгалтері барлық ақшаларын алып 
қойғандықтан, машина жуу орнына. бірнеше тиын кӛлеміндегі жалақы 
үшін, жұмысқа тұрады. Ол 29-ақ жаста.
Алайда, саусағындағы чемпиондық сақинаны алып тастауға 
кӛнбегені үшін, оны машина жуу жұмысынан да шығарып жібереді. 
Оның кӛрген зәбірі осылай газет бетінде пайда болады. Қазір ол ӛз 
құқығы жӛнінде соттасуда. Оның айтуынша: қолындағы сақинасы- ең 
соңғы заты. Егер одан айырса. онда мен ӛлемін, дейді ол.
1997 жылдын казіргі кезеңінде, бір сәтте миллионер болған кӛп 
адамдар маған белгілі. Мен, әрине адамдардың бай болғанына қуанам, 
бірақ ескертетінім мынау: ұзақ мерзімді кезеңде сізде қанша ақшаның 
барлығы маңызды емес, оның маңыздылығы: сол ақшаны ӛзіңіз және 
қанша ұрпағыңыз үшін жеткізе аласыз, әңгіме осында. Сондықтан, 
«Неден бастауға болады?» немесе «Қалай тез байуға болады?» деген 
сұрақтарға менің берген жауаптарым, жұрттың кӛпшілігін 
қанағаттандырмай, таңқалдыратын.
Мен, оларға негізінде бай әкеден естігендерімді ғана 
айтатынбын: «Егерде бай болғың келсе, қаржы туралы сауатты 
болуың керек». Бұл пікір, бай әке тарапынан, маған жатқан сайын, 
басыма шұқығандай қылып, әрдайым айтылатын.
Жоғарыда атап еткенімдей, менің оқымысты әкем, әрқашанда 
кітап оқу керек, деп айтатын, ал бай әке қаржылық сауаттылық қажет,- 
дейтін.
Егер Сіз зәулім үй (небоскреб) салғыңыз келсе, алдымен терең 
шұңқыр қазып, содан кейін мықты фундамент құюңыз керек. Егерде 
қала маңында үй салғыңыз келсе, оған 15 сантиметрлік бетон 


68 
жеткілікті. Ал, «шапшаң» бай болғысы келгендер бірден «Эмпайр 
стейтбилдинг» зәулім (небоскреб) үйін 15 сантиметрлік фундаментке 
отырғыза сальш, тік тұрғызғылары келеді.
Ақырында кӛп ұзамай «пизан мұнарасы» тәрізді қисайған зәулім 
үйді кӛреді.
Ауыл шаруашылығы үстем болып тұрған дәуірде құрылған біздің 
оқыту жүйесі, фундаментсіз салынған үймен пара-пар.
Ӛкінішке орай, сол мектептерде айтарлықтай ӛзгерістер әлі 
болған жоқ. Сондықтан, балалар мектепті каржы туралы ештеңе 
білмей аяқтайды. Соңында бұлардың кӛпшілігі кедейлер легіне 
қосылып, белшесінен қарызға батып, түн ұйқысынан айырылып: 
«Егерде тез баюдың тәсілі табылса, меніқ ақша проблемаларым 
шешілер еді», деп дӛңбекшумен болады. Фудаментсіз үй салғанмен 
бірдей, әртүрлі іс-қимылдарынан береке шықпай, ұйқысыз мазаң 
түндерге қайта оралады.
Ал, Майк екеуімізде барлық мүмкіншіліктер бар еді, себебі: бізді 
бала кӛзімізде, мықты қаржы фундаментің қалай қалауға 
болатындығы жӛнінде оқытқан еді.
Бухгалтерлік есеп, іш пыстыртатын және шатасқан оқулардың 
бір түрі. Дегенмен, Сіз ұзақ мерзімді және тұрақты түрде бай 
болғыңыз келсе, бұл оқу сіз үшін, ең маңызды білім болуы ықтимал. 
Осы күрделі салаға баланы қалай оқытуға болады, әңгіме сонда. Оны 
жеңілдетіп, тартымды әрі қызықты қылу керек. Алдымен суреттерді 
қолдану қажет.
Бай әке, Майк екеуіміздің ойымызға мықты қаржы фундаментің 
салып еді. Біз бала едік, бірақ ол. бізді оқыту үшін ең қарапайым 
тәсілін тапқан болатын.
Кӛп жылдар бойы, ол суреттер салып, солар бойынша түсіндіріп 
оқытатын. Біз кӛрсетілген қарапайым жобалар мен терминдерді, ақша 
айналымын түсініп, игерген сайын, ол біртіндеп цифрларды қоса 
бастайтын.
Майк ақырында күрделі бухгалтерлік талдауды меңгерді, бұл
оған ӛте қажет еді. Қазір ол миллиардтаған қаржы империясын 
басқарады. Менің білімім, оған қарағанда қарапайымдау, себебі: менің 
империям кіші, бірақ фундаментіміз бірдей.
Келесі беттерде. Майктің әкесінің біз үшін, салған қарапайым 
схемаларын кӛресіздер. Бұлар біздей кішкентай екі балаға, келешекте 


69 
байлықтың тегеуірінді фундаментін қалауға септігін тигізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет