Екінші себеп.
Ӛз күшіне сенбеушілікті қалай жеңуге болады? «Аспан шайды!
Аспан құлайды!» Аулада зыр жүгіріп, «келе» жатқан қатер жӛнінде
159
жар салған, Кішкентай балапан жӛніндегі ертегі әңгімені бәріміз
білеміз. Мұндай адамдардың да баршылығын тағы бәріміз білеміз.
Кішкене балапан, баршамыздың ішімізде бар. Ӛз күшіне сенбеген
адам бол кіші балапан тәрізді. Ақылды, үрей мен сенбеушілік
жеңгенде, бәрімізде осындай күйге түсеміз. Сізге, мынандай
сенбеушілік түрлері белгілі деп есептеймін. мысалы: «Мен
соншалықты ақылды емеспін», «Менің мұндайға қабілетім жетпейді»,
«Ол менен артық». Мұндай сенбеушіліктер, адамды тырп еткізбейді.
Сӛйтіп, біз «ертең не болады?...»атты ойынын ойнағандаймыз:
«Мен ақшамды салғаннан кейін, экономикада дағдарыс болса не
болады?», «Мен табыс таба алмай, алған ақшаны қайыра алмасам не
болады?»сияқтылар. Оның сыртында, біздің достарымызбен,
туыстарымыз, олардан бұл жӛнінде ештеңе сұрамасақта, біздің
«ағаттығымыз» туралы, ӛзімізге жамырап айта бастайды.
Мысалы, «Сен мұны істей аламын деп сенесің бе?» немесе «Егер
бұл жақсы идея болса, онда басқалар оны неге істемейді?», «Бұл еш
уақытта болмайды», «Сен не айтып тұрғаныңды түсінбейсің»-дейді.
Мұндай сенбеушіліктің ықпалы соншалықты, біз қандайда болмасын
қимыл жасауды тоқтатамыз. Іштей сенімсіздік пайда болады. Кейде
ұйқы қашады. Солай, біз қауіпсіз «жерде қаламыз, ал мүмкіндіктер
Сізді айналып ӛтеді. Ӛмір бізді айналып ӛтіп жатқанын кӛреміз, ал
ӛзіміз қалшылдап-дірілдеп, қара терге түсіп, қимылсыз отырамыз.
Осындай сезім аз болсын, кӛп болсын бәрімізге мәлім.
Питер Линч «аспан құлайды» деген айғайды, жәй дақпырт,- деп
атайды. Мұндай дақпырт не біздің басымызда болады немесе сырттан
келеді-дейді. Кӛбіне мұны жолдастар, туыстар, әріптестер және
жаппай ақпараттық құралдар шығарады. Линн 50-жылдары, газеттерде
ядролық соғыс туралы қаншама шу кӛтерілгенін еске алады, сол
уақытта жұрт бомбадан қорғану орындарын салып, тамақ, су
қорларын жинақтай бастайды. Осыларға кеткен қаржыларды,
инвестицияларды нарыққа салғанда, қаржылық тәуелсіздікке тезірек
қол жеткізген болар еді.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Лос-Анджелесте тәртіпсіздіктер
160
басталғанда, қару сату мемлекет бойынша арта түсті. Дәрі жасайтын
компания, адамдардың гриппен қалай ауыратынын теледидар арқылы
кӛрсетеді, содан кейін жұрт олардың дәрілерін жаппай сатып ала
бастайды.
Сондықтан, осындай алып-қашпа сӛздерге мән бермеуге,
ӛсектерге құлақ аспауға, үлкен батырлық керек,1992 жылы Финикске,
бізге Ричард деген жолдасым Бостон қаласынан келді. Ол біздің
акциялар және жылжымайтын мүлік арқылы қандай дәрежеге
жеткенімізге таң қалды. Ол уақытта Финиксте жылжымайтын мүлік
бағасы тӛмен болатын. Біз, оған екі күн бойы, ақша ағымы мен
капиталды ӛсірудің әртүрлі жақсы амалдарын кӛрсетумен болдық. Біз,
әйеліміз екеуіміз,жылжымайтын мүлік саудасы агенттігінің кәсіби
маманы емеспіз. Біз тек қана Инвесторлармыз. Біз әдемі жерден жақсы
үй тауып, агентке телефон соқтық, ол сол күні үйді біздің досымызға
сатты. Екі демалыс бӛлмесі бар, бүл үйдің құны 42 мың долларды
құрады. Осындай үйлер, сол уақытта 65 мың долларға сатылатын.
Ричард пайдалы мәмілеге (сделкаға) риза болып, Бостонға кетті. Екі
аптадан кейін, агент телефон соғып, біздің досымыздың саудадан бас
тартқанын айтты. Не жағдай болғанын білу үшін, мен лезде Ричардқа
телефон соқтым. Ол кӛршісімен сӛйлескенін, кӛршісі бұл мәміленің
(сделканың) пайдалы емес, сен артық тӛледің, -деп айтқанын тілге
тиек етті.
-Кӛршің инвестор ма еді? деп сұрадым мен.
-Жоқ. Онда сен оны неге тыңдайсың дегенімде. Ричард қорғана
бастап, кішкене күте тұратындығын айтты.
Финиксте жылжымайтын мүлік нарығында жағдай ӛзгеріп, 1994
жылы мұндай үй айына 1000 доллардан жалға берілетін, ал қыс
айларында 2,5 мың долларға дейін кӛтерілетін. 1995 жылы бұл үй 95
мың доллар тұрды. Ричардқа небәрі қолма-қол 5 мың доллар ақша
тӛлеу керек еді, сӛйтіп ол «егеуқұйрық жүгірісінен» шыға бастаған
болар еді. Ол баяғыдай қимылсыз отыр. Финиксте қолайлы жағдайлар
бар, бірақ енді оларды табу оңай емес. Ричардтың мәміледен
(сделкадан) бас тартуы мені таң қалдырған жоқ. Бұл баяғы
161
сенбеушілік. Кіші балапан жеңді, бостандық мүмкіншілігі жіберіліп
қойды.
Тағы бір кішкене мысал. Менің активтерімнің шамалы бӛлігі
депозиттік сертификатқа емес, салық сертификатына салынған. Менің
ақшам жылына 16 процент пайда түсіреді, әрине бұл банктің
ұсынатын 5 процентінен әлдеқайда жақсы. Еш сертификаттар
жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген және мемлекеттік
заңдылықпен бекітілген, айту керек мұндай жағдай банкімен жұмыс
істегеннен гӛрі кӛп пайдалы. Менің сатып алу тәсілім, оларды қауіпсіз
етеді. Жоғалып кету қауіпі жоқ. Сондықтан, мен оларды екі жылдан
жеті жылға дейінгі мерзім ішінде депозиттік сертификаттар деп
есептеймін.
Біреулер мұны маған қауіпті деп түсіндіргілері келіп, неге істеуге
болмайтындығын айта бастайды. Ал мұны қайдан білесіз?- дегенімде,
бір танысымнан естідім немесе инвесторларға арналған журналдан
оқыдым дейді. Ӛзі мұны істемесе де, басқа адамдарға ақыл айта
бастайды. Осы сертификаттардан менің жылдық табысымның ең
тӛменгі бӛлігі кем дегенде 16 процентті құрайды, ал күмәнданушы бес
процентке риза болады.
Менің айтайын дегенім, нақ осы күмәнділік жұрттың кӛпшілігін
кедей қылып, қатерсіз іс-қимыл жасауға тұсау болады. Нақтылы ӛмір
Сізге бай болу үшін, қандай да болмасын мүмкіншілікті беруге даяр.
Адамды тек қана оның сенбеушілігі мен күмәнділігі-кедей қылады.
Кайталап айтам. «егеуқұйрық жүгірісі» шеңберінен шығу жеңіл. Бірақ,
осы күмәнділік жұрттың күшін құртады.
«Күмәнданушы
ешқашан
жеңбейді»-дейтін
бай
әке.
Дәлелденбеген сенбеушілік және үрей, адамдарды қорқақтар мен
арсыздарға айналдырады. Олар тек қана сынайды, ал жеңімпаздар
талдайды»-дейтін. Талдаушылық кӛзді ашады. Талдау жеңімпаздарға
біреулердің кӛрмегенін кӛруге, ықпал етеді. Басқалардың кӛрмегенін
кӛрушілік қаблеті ол жеңістің барлық түрлеріне келетін кілті.
Жылжымайтын мүлік қаржылық тәуелсіздікке немесе бостандыққа
қолдарын жеткізгісі келгендердің барлығы үшін, инвестиция салудың
162
күшті құралы. Бұл ғажайып құрал. Жылжымайтын мүліктің осы
касиетін айтқанымда кейбіреулердің: «Мен әжетхананы жӛндегім
келмейді»-дегенді де естідім. Міне, осыны Питер Линч «шу» деп
атайды. Мұны талдаушылар емес сынаушылар айтады. Оны ӛз-ӛздерін
күмәнданумен, сенбеушілікпен әлсіреткендер ғана айтады. Біреудің:
«Мен әжетхананы жӛндегім келмейді» дегеніне, мен: «Ал саған оны,
мен істегім келеді,-деп кім айтты?»-деймін. Сӛйтіп, оларға
«егеуқұйрық жүгірісінен» қалай шығу жолдарын айтып отырғанымда,
кӛңіл аударғаны әжетхана ғана болды. Бұл бай болғысы келмеген
адамдардың ойлау үлгісі. Талдап түсінудің орнына, олар сынауды ғана
біледі.
Сендердің «керек емес, істегім келмейді» дегендер істің кілті»-
дейтін бай әке. Ӛзімде әжетханаларды жӛндегім келмейді, сондықтан
мен жӛндеу жұмыстарын жүргізетін Жылжымайтын мүлік менеджерін
тауып алуға тырысамын.
Егерде, мен үйлер мен пәтерлердің жақсы менеджерін тауып
алғанымда, менің ақша ағымым ӛсе бастайды. Тағы бір мұның
маңыздылығы, жақсы менеджер, маған бұдан да үлкен жылжымайтын
мүлік алуға кемектеседі, сӛйтіп әжетханалармен айналысудың қажеті
жоқ. Мұндай адамды табу, жылжымайтын мүлікті іздеуден
маңыздырақ. Ол пайдалы мәмілені (сделканы) жылжымайтын сауда
агнеттерінен бұрын біледі. сондықтан ол бұданда құнды қызметшіге
айналады. Бай әкенің: «Керек емес, істегім келмейді дегендерін -істің
кілті» дегені, осыны кӛздегені еді. Менде әжетханаларды жӛндегім
келмегендіктен, басқа тәсіл тауып, оданда кӛп жылжымайтын мүлікті
сатып алып, ӛзімнің «егеуқұйрык жүгірісінен» тезірек шығу жолын
таптым. «Мен әжетхананы тазартқым келмейді», -деп айғайлаушылар,
ӛз-ӛздерін инвестиция салудан аластатады. Солай әжетханалар оларға
қаржылық бостандындығынан да гӛрі маңызды болса керек.
Құнды қағаздар жӛнінде әңгіме кӛтерілгенде, жұрттың кӛпшілігі:
«Мен ақшамды жоғалтқым келмейді»-дейді. Ал, оларға мен немесе
басқа біреулер акшаларын жоғалтқасы келеді, -деп кім айтты?
Олар ақша істей алмайды, себебі: оны жоғалтқылары келмейді.
163
Талдау жасаудың орнына, олар тағыда бір күшті инвестициядан
айырылады.
1996 жылдың желтоқсанында, мен бір жолдасыммен бірге еріп
АЗС-ке (машинаға май құйып алу орны) келдім. Ол бензиннің
бағасының ӛскенін кӛрді. Менің бұл жолдасым байбалам салушы кіші
балапанның нақ ӛзі еді. Ол үшін аспан қашанда «құлағалы» тұратын.
Оның айтқанындай болатын, бірақ ол оның ӛз басына «құлайтын».
Жолшыбай маған әртүрлі деректерді келтіре отырып, бірнеше жылдар
бойы мұнайдың бағасы кӛтерілумен болады деді. Мен мұндай
мәліметтерді кӛргенім жоқ еді, бірақ менде бір мұнай компаниясының
әжептәуір акциялары бар болатын. Осы мәліметтерді ескере отырып,
мен іздестіруді бастадым, сӛйтіп кезінде мән бермеген бір компания
жаңа құбырлар ашайын деп жатқанын білдім.
Менің брокерім бұл іске құлшыныспен кірісті, сӛйтіп мен 15 мың
акцияны 65 центтен сатып алдым. 1997 жылдың ақпанында сол
жолдасыммен, АЗС-тің жанынан ӛтіп бара жатқанымызда, бағаның 15
процентке кӛтерілгенін кӛрдік. Ол тағыда мазасыздана бастады.
Мен күлдім, себебі: 1997 жылдың қаңтарында, сол кіші мұнай
компаниясы жаңа құбырларын іске қосқан еді, енді менің 15 мың
акциямның әрқайсысының құны үш долларға жеткен еді, сӛйтіп оның
ӛзі мән бермеген дерегінің арқасында пайдаға шықтым. Оның айтқаны
дұрыс болса, мұнай бағасы одан да әрі ӛсетін кӛрінеді.
Егерде жұрттың кӛпшілігі, биржа қорында «стоп»(тоқта)
дегеннің не екенін білсе, ұтылу үшін емес, жеңу үшін инвестиция
салуға тырысар еді. «Стоп»-бұл компьютерлік бұйрық, акция құны
тӛмендегенде Сіздің салған акцияларыңыз зиян шекпеу үшін, осы
бұйрық бойынша автоматты түрде сатыла бастайды және баға
кӛтерілгенде, қандай да болмасын пайда келтіру үшін, осы бұйрық
қайта қолданылады. Бұл, ұтылудан зәрелері кететіндер үшін, ақша
табудың таптырмайтын құралы.
Достарыңызбен бөлісу: |