2. Таңдап алу қаблеттілігі.
Міне, сондықтан жұрт тәуелсіз елде
ӛмір ӛмір сүруді қалайды. Бізге таңдап aлy мүмкіншілігі керек. Қаржы
тұрғысынан алғанда, қолыңызға тиген 1 доллардан болашақта не бай,
не кедей болу тағдыры қолымызда тұрады. Маған ақшаны қалай
жұмсайтындығыңызды айтсаңыз, мен сонда Сіздің кім екеніңізді
айтамын. Кедейлердің бұл мәселе бойынша дағдылары жаман.
Менің бала кезімде «Монополия» ойынын ойнауға сәті түсті
және оны құмартып ойнайтынмын. Бұны бала ойыны деп, маған
ешкім айтқан жоқ, бұл ойынға есейген шағымда да ойнайтынмын.
Оның сыртында, актив пен пассивтің не екенін, олардың қандай
173
айырмашылықтары бар екенін түсіндіретін менде бай әке болды.
Сондықтан, мен бала кезімнен бай болуға шешім қабылдап, активтерді
сатып алушылыққа үйрену- ең басты мәселе екенін ұқтым.
Менің ең жақсы досым Майк, активтер колонкасын (бӛлігін)
мұралықтан алды, бірақ бәрібір оған оларды сақтап, дамыту керек еді.
Кейбір байлардың балалары, әкелерінің жиған байлықтарын шашып
құртатын, ӛйткені олар оны басқаруды білмейтін. Жұрттың кӛпшілігі
бай болушылықты қаламайды.
Халықтың 90 процентіне байлық «қолайсыз және мазасыз»
сияқты кӛрінеді. Сондықтан, олар әртүрлі: «Мен ешуақытта бай
болмаймын», «Ақша мені қызықтырмайды», «Мен жаспын, маған бай
болу әлі ерте», «Мен кӛп ақша тапқанымда, сол уақытта болашақты
ойластырам» немесе «Біздің үйде ақшаны әйелім немесе күйеуім
ұстайды» деген сылтаулар айтып, қашқақтап жүреді.
Мұның проблемасы: осындай сылтаулар адамды eң құнды
нәрседен мақрұм қылады: уақыт және тәжірбие. Сізде ақшаның
жоқтығы: ол білім және тәжірбиеден бас тартушылыққа дәлел емес.
Ӛзіміздің күнделікті уақытымызды қалай пайдаланамыз, ақшаны
қалай жұмсаймыз, неге кӛңіл бӛлеміз, осының барлығы біздің таңдап
алған қалауымыз болып табылады. Қалап алушылықтың маңызы
рсында. Таңдап, қалап алушылық бәрімізге тән. Мен байлықты
қалаймын, осы қалауымды күнделікті ісіммен дәлелдеймін.
Ең бірінші ақшаңызды білім алуға салыңыз. Сіздің бойыңыздағы
ең құнды дүние-ол Сіздің ақылыңыз. Бұл бізге бағынышты ең құдретті
күш. Қалап алушылықтың маңызын мен айттым. Біздің әрқайсымыз,
есейген шағымызда, ӛз миымызды немен толтыруды қалап алуға
еріктіміз. Күні бойы доп ойнайсыз ба, кітап оқисыз ба, телевизор
кӛресіз бе әлде қаржы туралы семинар-курстарға барып оқисыз ба? Ол
Сіздің еркіңіз.
Жұрттың кӛбі, алдымен ақшаны инвестицияның ӛзінің не екенін
білуге салудың орнына, оны құр инвестицияға сала салады. Жақында,
бізге таныс бір әйеллің үйіне ұры түскен. Ұрылар телевизорды,
бейнемагнитофонды алып кетіп, оның таптырмайтын кітаптарына
174
тимеген. Жоғарыда айтқанымдай қалап алушылық, біздің бӛрімізде
бар. Шындығында, елдің 90 проценті телевизорларды сатып алады, ал
10 проценті бизнес жӛнінде кітаптар және инвестициялар туралы
бейнекассеталар сатып алады.
Ал, мен не істеймін?
Мен семинарларға барамын. Маған семинарлардын 2-3 күн
ӛткізілетіндіктері ұнайды, сонда мағлұматтарды кӛбірек алып, алған
сабаққа терең үңілуге болады. 1973 жылы телевизордан,
жылжымайтын мүлікті қолма-қол ақша тӛлемей, қалай сатып алуға
болатындығы жӛнінде, ӛткізілетін үш күндік семинар туралы жарнама
кӛрдім. Мен осы семинарға қатынасу үшін 385 доллар жұмсадым,
соның арқасында екі миллиорнан астам пайда таптым. Мұның
маңыздысы мен уақытымды үнемдедім. Енді маған, ӛзіме ғұмыр бойы
жұмыс істеуім керек. Жыл сайын кем дегенде осындай екі семинарға
барамын. Маған лекциялар жазылған аудиокассеталар ұнайды. Неге?
Оны қай мезгілде болсада, кайта қарап, кейін қайырып
тыңдауыма болады.
Бірде мен Питер Линчті тыңдадым. оның бір пікірімен, мен
мүлдем келіспеген едім. Бірақ, оны сынаудың орнына, мен оның
айтқанын қайтадан 20 рет тыңдадым. Мүмкін, одан да кӛп болар. Бір
мезетте, оны бар ынтаммен тындаудың арқасында, неге олай деп
айтатынын әбден түсіндім. Бұл бір ғажайып жағдай болды.
Біздің дәуірдің атақты инвесторының миының ішіне «енгендей»
болдым. Оның үлкен білімі мен тәжірбиесінің қорын иеленгендей
болдым. Соның нәтижесінде, енді менде ӛзімнің ескі пікірім және сол
бір проблема мен ахуалды кӛріп, талдайтын Питердің де пікірі болды.
Сӛйтіп, енді менде бір пікірдің орнына, екеу болды, солай қиын
ахуалды талдауға екі тәсіл пайда болды. Бұл бағасы жоқ, дарындық
еді. Осы кезеңде мен, ӛз-ӛзімнен: «Мұны Питер Линн, қалай істеген
болар еді?» деп немесе Дональд Трап, Уоррен Баффет және Джордж
Сорос, деп сұрақ қоямын. Олардың ғаламат білімдерін пайдалану
үшін, ӛзіңнің барлық қайрат-жігеріңді жұмсауың қажет. Олардың
айтқандарын тыңдауға, оқуға ӛзіңді жұмылдыра білуің керек.
175
Ӛр-кӛкіректігі кӛп, сынауға бейім адам, ӛз-ӛзіне баға берудің ең
тӛменгі сатысында болып, қатерлікке (тәуекелділікке) баспайды.
Егерде Сіз жаңа бірдеңені білсеңіз, қателіктер жасауға тура келеді,
онсыз алған сабағыңызды толық түсіне алмайсыз.
Егерде кітаптың осы жеріне дейін келіп оқысаңыз, онда Сіз мен-
мен және ӛркӛкірек адам емессіз. Мен-мендер (ӛздерін кӛп білушілер
қатарына қосатын) кітаптарды аз оқып, аудиокассеталарды ашпайды.
Оларға оңың қажеті қанша?
Ӛздерін олар онсыз да, білгірлер «жердің кіндігі», -деп есептейді.
Ӛмірде мұндай «парасаттылар» кӛп, жаңа бір дүние олардың
қалыптасқан ой-пікірлеріне сәйкес келмесе, айқай-шу кӛтеріп,
таласып
қорғана
бастайды.
Мұндай
жағдайда
олардың
«парасаттылықтары» мен-мендікпен жанасып, надандыққа ауысады.
Бізге тамаша білімділігімен, ӛзінің ақыл-ой қаблеттілігіне
сенімді адамдардың баршылығы белгілі, дегенмен олардың қаржылық
есептері басқа пікірді туғызады. Алғыр адам, және идеяларды құп
алады, себебі: олар оны одан да әрі күшті қыла түседі.
Сӛйлегеннен гӛрі, тыңдау маңызды. Бұлай болмаған жағдайда.
Құдай бізге екі құлақ бір ауыз бермеген болар еді. Жаңа Идеялар мен
мүмкіндіктерді тыңдап және игерудің орнына, адамдардың кӛпшілігі
оларды аузымен «ойлайды». Сұрақтар берудің орнына, олар таласумен
болады.
Байлыққа мен үлкен маңыз берем. Маған лотерея немесе казино
ойыншаларының бір сәтте бай болушының кӛз қарастары ұнамайды.
Бірде мен биржада бірдеңе жоғалтам. бірде ұтам, бірақ менің білімім,
қашанда менін ӛңіммен болады. Ұшқыш болу үшін, алдымен ұшуға
оқу керек.
Мені қашанда, адамдардың кӛпшілігінің акцияларды немесе
жылжымайтын мүлікті жәй ғана сатып алып, бұл жӛнінде ӛз
білімдерін кӛтеруге тырыспайтындықтары таң қалдыратын. Сіздің бір
немесе екі үй сатып алғаныңыз, жылжымайтын мүлік саудасының
маманы қылмайды.
176
Достарыңызбен бөлісу: |