Бай әКЕ, кедей әКЕ


Тағыда бірнеше практикалык кеңестер



Pdf көрінісі
бет53/61
Дата07.02.2022
өлшемі1,29 Mb.
#92347
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   61
Байланысты:
Бай әке, кедей әке (Р.Кийосаки)

Тағыда бірнеше практикалык кеңестер
 
 
 
 
Х ТАРАУ
 
Кӛп адамдарға алдыңғы тараудағы 10 тармақтар жеткіліксіз 
болып кӛрінуі мүмкін. Олар оны басшылыққа алу емес, жәй әшейін 
құрғақ философия деулері мүмкін. Мен үшін, философияның 
маңыздылығы азшылық танытпайды: расында біреулер алдымен 
әрекет етеді де, соңынан ойланады. Сонымен қатар кӛп ойланып, 
артынан ештеңе де істемейтіндер бар. Маған осы екеуінің де 
ортақтығы бар деп есептеймін. Мен жаңа идеяларды жақсы кӛремін 
және қимыл жасауды сүйемін. Сонымен кімдерге тереңірек 
практикалық 
кеңес 
керек, 
оларға 
мен 
қалай 
іс-әрекет 
жасайтындығымды қысқаша айтып беремін.
Алдымен не істеп жүрсіз, соны істеуді, тоқтатыңыз. Басқаша 
айтқанда, үзіліс жасаңыз және қайсысы тиімді, қайсысы тиімсіз соны 
ойлауға тырысыңыз. Бір нәрсені қайта-қайта істеп, одан нәтиже 
күтушілік аймақтық іс екеніне келісетін шығарсыз. Нәтиже бермеген 
істі дереу тоқтатыңыз, басқа бірдеңені табыңыз.
-Жана идеяларды іздеңіз. Мен жаңа инвестициялық Идеяларды 
кітап дүкендерінен іздеймін, оларда әртүрлі тақырыптарға арналған 
кітаптар болады. Мен ӛзіме мүлдем белгісіз формулалары және 
схемалары бар, әртүрлі кеңестер қамтылған кітаптарды сатып аламын. 
Мысалы, кітап дүкенінен Джоэла Московицаның «Он алты проценттік 
шешім» деген кітабын сатып алып оқып шықтым.
Қимылды бастаңыз!
Келесі бейсенбіде, кітапта қалай айтылған, мен тура солай 
істедім. Барлық келтірілген тәсілдерінен ауытқыған жоқпын. Жұрттың 
кӛбі іс-әрекет жасамай немесе біреудің кері ықпал етуіне кӛнеді. 
Менің кӛршім 16 проценттік тәсілді неге істей алмайтындығы туралы 
айтты. Мен оны тыңдағаным жоқ, ӛйткені оның мұндай мәселелер мен 
ешуақытта айналыспағанын жақсы білетінмін.
-Сіз істегіңіз келген істі, әлдеқашан істеген адамды тауып 


196 
алыңыз. Оны түстенуге шақырыңыз. Осы шаруа жӛнінде азғантай 
болсада белісуін, ұрымтал жерлерін айтуға ӛтініңіз. Он алты 
проценттік 
салықтық 
сертификат 
туралы 
жергілікті 
салық 
кызметкерімен сӛйлестім (ол кісіде осыған ақша салады екен). Сол 
сәтте оны түстенуге шақырдым. Ас үстінде ол кісі не істеп, не қою 
керек бәрін түгел айтты. Астан кейін жарты күн бойы, бұл мәселе 
бойынша ӛз проблемаларын айтып берді. Ертеңгі күні сол кісінің 
кӛмегімен екі тамаша мәміле (сделка) таптым, міне содан бері 16 
процентті алудамын. Маған бұл үшін бір күн кітап оқуға, бір күн 
қимыл жасауға, бір сағат түстенуге, тағы бір күн пайдалы мәміле 
жасауға керек болды.
Семинарларға 
барыңыз 
және 
лекциялар 
жазылған 
аудиокассеталарды сатып алыңыз. Мен газеттерден жаңа қызықты 
курс туралы жарнамаларды іздеумен боламын. Олардың кӛпшілігі 
тегін ӛткізіледі. Рас, мен басқа да қымбат тұратын семинарларға 
барамын. Міне осындай оқулардың арқасында баймын және 
тәуелсізбін. Осындай курстарға барып ғұмырында оқып кӛрмеген. ол 
текке ақша шығарушылық, -деп есептейтін менің жолдастарым да жоқ 
емес. Сӛйтіп, олар осы уақытқа дейін, сол орындарында жұмыс 
істейді.
- Ұсыныс жасауға кысылмаңыз. Мен жылжымайтын мүлікті 
сатып алғым келгенде, барлық амалдарын қарап және барлығына 
ұсыныс жасаймын. Осы ұсыныстардың қайсысы «дұрыс» оны Сіз 
білесіз бе? Айту керек, маған да бұл белгісіз. Мұнымен жылжымайтын 
мүлік саудасының агенті айналысуы керек. Мен аз жұмыс істеуге 
тырысамын. Маған бір таныс әйел, кӛп пәтерлі үйлерді қалай сатып 
алуға болатындығы жайында кӛрсетуді сұрады. Сӛйтіп, бір сенбіде 
бәріміз,оның агентімен бірге 6 үйді қарадық. Бұл үйлердің 4-уі 
жарамсыз, 2-уі жақсы еді. Мен 6-уына да жарты бағасына ұсыныс 
жасаңдар дедім. Олардың зәре-құттары қалмады. Бұл оларға ӛте 
ӛрескел кӛрінді, үй иелерін мұндай баға ӛкпелетуі мүмкін деді. Бірақ, 
менің ойымша оның агенті, мұндай іспен шүғылданғысы келмеді. 
Ештеңе шешпей, басқа «пайдалы» мәміле іздеуге кетті. Сӛйтіп, ол 


197 
әйел осы уақытқа дейін «дұрыс» бағамен, «дұрыс» мәмілені 
(сделканы) іздестіруде. Алайда, «дұрыс» бағаны қалай айқындауға 
болады, егерде екінші жағынан ұсынушы болмаса?
Сатушылар қашанда кӛп сұрайды, тауардың ӛзіндік құнынан кем 
бағаны, олар ӛте сирек ұсынады. Мұның имандылығы мынада: 
ұсыныс жасауға қысылмаңыз. Инвестор емес адамдардың, бірдеңені 
сату жӛнінде ешқандай хабарлары жоқ. Менде кӛптен бері ӛткізе 
алмай жүрген бір жылжымайтын мүлік бар болатын. Мен ол үшін 
қандай да болмасын баға жӛнінде ұсынысқа даяр едім. Егер 10 торай 
ұсынса, бұған да келіскен болар едім. Әңгіме, үйдің бағасында емес, 
оған екінші біреудің қызығушылығында еді. Мен оған қарсы ұсыныс 
жасап, мүмкін үйді шошқа фермасына айырбастауға ұсынармын. 
Ойынның мәні-оның приципінде. Сату және сатып алу-бұл тамаша!
Есіңізде болсын, бұл қашанда қызықты ойын.
Ұсыныс жасаңыз, бәлкім біреу келісіп қалар?
Мен ұсынысты қашанда, бірдеңеге сілтеме жасап жасаймын. 
Әңгіме жылжымайтын мүлік жайында болса, былай деп айтатынмын: 
«Егерде іскер» серіктесім мақұлдаса». Рас, іскер серіктесім кім? ол 
туралы ештеңе демейтінмін. Бұл менің үйдегі мысығым екенін, жұрт 
қайдан білсін. Олар ұсынысты қабылдаса да, бірақ маған мәміле 
ұнамаса, үйіме телефон соғып «мысығыммен сӛйлесетінмін». Мұндай 
мағанасы жоқ әңгімені айтып отырғаным, Сізге ойынның қаншалықты 
күлкілі жағдайға дейінгі қарапайымдылығын кӛрсету болатын. 
Кейбіреулер мұндай жағдайларды сонша күрделі, -деп есептеп 
барлығына да үрейлікпен қарауда болады. Пайдалы мәміле іздеу, 
саудаласу инвестиция жүргізуде және ӛзіне ыңғайлы саланы таңдап 
алудың бәріде маңызды. Осылардың барлығының ӛмірде ӛзіндік 
орындары бар.
-Ӛзіңізді қызықтыратын жерлерге, кем дегенде айына бір рет 15 
минут болсаңызда, барып тұрыңыз. Мен қашанда таңертеңгі 
жүгірісімде, жақсы мәмілерге кезігем. Мен жыл бойы бір мӛлтек 
аудан бойынша жүгіремін. Онда болып жатқан ӛзгерістер 
қызықтырады. Мәміленің (сделканың) пайдалы болуына, екі жағдай 


198 
ықпал етеді- ақша және ӛзгерістер. Арзан ұсынастар қашанда 
жеткілікті, бірақ ол үтымды бағаға, қалайда-бір оңтайлы ӛзгерістердің 
нәтижесінде ғана айнала алады. Мен жүгіретін ауданды әдейі таңдап 
алу себебім: сол ауданда қандай да бір мүмкіндіктер пайда болса, 
ақшамды соларға салмақшы едім. Күнде жүгіргендіктен, онда болып 
жатқан ӛзгерістерді кӛремін. Бір үйлердің алдында «сатылады» деген 
хабарламалардың кӛптен ілулі тұрғандарын байқаймын. Мұндай 
жағдай, сатушы-ұсынған бағаға тез кӛнуі мүмкін,- деген сӛз.
Бір машиналардан жүктердің түсіріліп, не болмаса тиеліп 
жатқандықтарын кӛремін, сонда жұрт кӛшіп жатыр ма, әлде келіп 
жатыр ма? Мен тоқтап жүргізушілермен сӛйлесемін. Пошта 
тасушылармен кездесем- мұның барлығы аудан туралы таптырмайтын 
ақпараттар еді. Сонымен бірге, мен шеткі аудандарда да боламын 
(кейде бірнеше жылдар бойынша) және онда болып жатқан 
ӛзгерістерді байқаймын. Сауда нүктелерінің сатушыларымен 
кездесем, әсіресе жаңа келгендерімен, олардың мұнда неге 
келгендерін сұраймын. Бұл барлығы бірнеше минут қана уақыт алады, 
бірақ біраз мағлұматтар аламын.
-Құнды қағаздар туралы.
Бұл жӛнінде, маған Питер Линчтің «Уоллстриттен асып түсу» 
атты кітабындағы бағасы ӛсетін акцияларды қалай таңдап алуға 
болатындығы жӛніндегі формуласы ұнайды. Бұл принциптер: 
жылжымайтын мүлікке, акцияларға, үй малдарына, тиісті кір жуу 
ұнтағының құнының тӛмендеуіне дейін маңызы бар. Сол бір қалыпты 
процесс. Ӛзіңіздің не істейтіндігіңізді білуіңіз керекте, соны табуға 
кірісуіңіз керек.
-Тұтынушылар қашанда, неліктен ұтылыста қалады?
Супермаркетте заттардың бағасы тӛмендетіліп сатылса, 
тұтынушылардың барлығы соған жүгіреді. Ал құнды қағаздар 
нарығында бағасы тӛмендетілген акциялар сатылса (мұны күйреу 
немесе бағаның кері қайтуы, -деп жиі атайды), тұтынушылар оған 
жоламайды. Супермаркет бағаны кӛтергенде, тұтынушы басқа дүкенге 
барады. Биржада баға кӛтерілгенде, тұтынушы акцияларды сатып ала 


199 
бастайды.
-Мәмілені (сделканы) қай жерде ұтымдырақ, сол жерден іздеңіз. 
Менің бір кӛршім, үйді 100 мың долларға алды. Мен оның жанындағы 
сондай үйді жарты бағасына алдым. Ол бағаның ӛсушілігін 
күтетіндігін айтты. Мен оған пайданы сатып алғанда емес, сатқанда 
алады дедім. Ол үйді сатып алғанда, ӛзінің жеке меншігінде ештеңесі 
жоқ, жылжымайтын мүлік саудасының агентінің кӛмегін пайдаланған. 
Ал мен сауданы банктің кепілдікте тұрған үйлерді сату бӛлімінде 
жасадым. Бұған үйрену үшін, семинарда оқып, оған 500 доллар 
тӛледім. Менің кӛршім мұндай оқуға 500 доллар тӛлеу, ӛте қымбат, -
деп есептеді. Бұған ақшам да, уақытым да жоқ, -деді. Сонымен, ол 
үйдің бағасының кӛтерілуін әлі күтуде.
Алдымен мен бірдеңені сатып алғысы келетіндерді іздеймін, 
содан кейін барып қана, сатқысы келетіндерді. Менің бір досым жер 
учаскесін іздеді. Оның ақшасы бар еді, бірақ уақыты жоқ. Оған керек, 
мен бір үлкен учаске таптым, бірақ ол бір бӛлігін ғана алатындығын 
айтты. Оған қажетті кӛлемін саттым да, қалғандарын түгелдей сатып 
алдым. Бұл маған тегін түсті. Мұндай істің жӛні мынада: мысалы, 
пирогты сатып алыңызда оны бірнеше бӛлікке бӛліңіз. Жұрттың 
кӛпшілігі, ӛзіне керектісін ғана іздейді де, сондықтан жеңіл ойлайды. 
Олар пирогтің бір кішкене ғана бӛлігін сатып алады, осы кіші 
бӛлік үшін артық тӛлейді. Терең ойланбаған, үлкен пайда таба 
алмайды. Бай болғыңыз келсе, терең ойлануға үйреніңіз.
Кӛтерме сауданың сатушылары жеңілдік ( скидка) жасауды 
ұнатады, оның себебі: бизнесмендерге бірдеңені жаппай сатып 
алушылық ұнайды. Сондықтан, ақшаңыз аз болсада, ірі сауда туралы 
қашанда ойлану керек. Менің компанияма компьютерлер қажет 
болғанда, мен басқа жолдастарыма телефон соғып, олар компьютерлер 
ала ма, жоқ па? алдымен соны білдім. Кӛптеген сатушылармен 
сӛйлесіп, соңында ұтымды мәміле жасап,бірден кӛп компьютерлер 
сатып алдық. Акциялармен де тура осылай жасаймын. Үстірт 
ойлайтын адам бай бола алмайды, себебі: ол жападан-жалғыз әрекет 
етеді.


200 
Тарихтан үйреніңіз. Биржадағы барлық ірі компаниялар, істерін 
кішкене нәрседен бастаған. Полковник Сандерс бәрін жоғалтып 
болғаннан кейін, 65-жасында бай болған. Билл Гейтс 30-ға жетпей 
әлемдегі ең бай адамдардың бірі болған.
Қимыл қашанда қол қусырып отырушылықтан артық. 
Мүмкіншіліктер пайда болғанда, менің қолданатын тәсілдерімнің 
бірнеше түрлері осындай. «Қимыл» және «іс» деген сӛздер нарықта 
ӛте маңызды. Мен осы кітабымда бірнеше рет айтқанымдай. іске 
кірісу керек, сонда ғана Сізді қаржы табысы күтеді. Қазірден бастап 
іске кірісіңіз! 


201 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет