9. Батырларға қажеттілік. Мен бала кезімде, бейсбол ойыншылары Уилли Мэйсомды,
Хэнком Аарномды, Йоги Берройды мақтан тұтатынмын. Бұлар менің
ең сүйікті ойыншыларым болды. Мен солардай болуды армандадым.
Мен үшін олардың бейсбол карточкалары, ең құнды зат болды. Олар
туралы барлығын да білгім келді. Барлық статистикалық мәліметтерді
білетін едім: олар қанша доп соқты, орта есеппен қанша доп соғады,
қанша ақша тӛлейді, атаққа қалай жетті. Қолыма бейсбол қолғабын
алғанымда, ӛзімді Йоги немесе Хэнком сияқты сезіненетінмін. Бұл
бірдеңеге ұмтылып, үйренудің тиімді түрлерінің бірі еді.
Батырларға еліктеу- тәрбиелеудің жақсы түрі. Ӛсе келе менің жаңа
батырларым пайда болды. Олар гольф ойыншылары: Питер Якобсен,
Фред Капез, Тайгер Вуде. Менде бұлардан да басқа еліктейтін адамдар
бар, мысалы: Қаржы алыптары-Дональд Трамп, Уоррен Баффет,
Питер Линч, Джордж Сорос және Джим Роджерс. Мен, бұлар жӛнінде
де барлық статистикалық деректерді білемін.
Уоррен Баффеттің ақшаны қайда салатындығын қадағалаймын,
оның нарық туралы пікірлері жарияланған бірде-бір басылымдарды
құр жібермеймін. Мен, Питер Линчтің «Уоллстриттен асып түсу» атты
кітабын оқимын, онда ӛзі акцияларды қалай таңдап алатындығы
жӛнінде жазған. Дональд Трамптың: әңгімелерді қалай жүргізеді,
мәліметтерді қалай жасайтындығы жӛнінде де оқимын. Қаржылық
жұмыстарымды жүргізгенімде осыларға еліктеймін. Олар осындай
болса, мен неге олардай бола алмаймын, деген ой келеді. Сіз, ӛз
193
батырыңызды іздеп кӛріңіз, соның арқасында бұл мәселелер
қарапайым болып кӛрінеді.