Бірдеңеге үйрену үшін, қандай жеңіл және қарапайым тәсілдері бар? 1994 жылы мен қаржылық тәуелсіздікке қолымды жеткізіп,
ӛзімді бай әке не нәрсеге оқытқанына, жұртты оқыту тәсілдерін
ойластыра бастадым. Кітап -оқудың бір бӛлігін ғана береді. Бірде
менің ойыма, бай әкенің кайталаумен оқыту тәсілі есіме түсті.
Меніңше, бұл күрделі мәселелерді игеруде, оңтайлы тәсіл деп
есептеймін. Егер Сіз, пассив және құнды қағаздар табыстарын табуды
үйренгіңіз келсе, онда «Ақша ағымы» ойыны бірінші қадам болады.
Егер Сіз, ӛзіңіздің қаржылық біліміңізді кӛтергіңіз келсе, біздің
құралымызды 90 күн бойы тегін пайдаланып кӛріңіз. Жалғыз
сұрайтыным-осы уақыт ішінде, жолдастарыңызбен бірге ойынды
аяғына шейін, кем дегенде 6 рет ойнаңыз. Егер Сізге бұл ӛте күрделі
болып ештеңе үйрене алмасаңыз, онда құралдарды ұқыпты түрде кері
қайырыңыз. біз Сізге акшаңызды қайырап беруге бақыттымыз.
Ойынның тәсілдері мен ережелерін білу үшін, кем дегенде екі рет
ойнау керек. Осыдан кейін ойын жеңілірек және қызығырақ болады,
сӛйтіп оқу процессі тез ӛтеді. Егер Сіз «Ақша ағымы» ойынын сатып
алып қолданбасаңыз, ол әрине, Сіз үшін қымбат болады. Бірақ, Сіз
осы ойынға кем дегенде 6 рет ойнасаңыз, онда Сіз, бұл ойынның
теңдесі жоқ екеніне бізбен келісесіз.