Монтессори/ЕДШ бөлмесінде ойнату
|
11.00-11.30
|
Монтессори ойыны
Кел, ойнайық!
Мақсаты: Қатты дауысты пайдалана білуді шынықтыру.
Қажетті құралдар: Ойыншықтар: аю, қоян, түлкі жене басқа аңдар.
Ойын барысы: Тәрбиеші баладан 2 – 3 метр қашықтықта ойыншықтарды орналастырып, айтады: «Аю, қоян, түлкі жалғыз отырып зерікті.Оларды бізбен ойнауға шақырайық.Олар бізді есту үшін қатты: «Аю, кел» осылай шақыру керек. Балалар тәрбиешімен бірге аюды, қоянды, түлкіні шақырып, бірге ойнайды. Мұнда ең маңыздысы балалардың ойыншықтарды айқайламай, қатты шақырғанын қадағалау болып табылады
|
Монтессори ойыны
Қуыршақты оятпа
Мақсаты: Ақырын дауысты қолдана білуді дамыту.
Қажетті құралдар: Жабылатын көздері бар қуыршақ, төсек орын жабдықтарымен кереует,майда ойыншықтар (текше, доп, мәшине және т. б.) ойыншықтарға арналған қораб.
Ойын барысы: Тәрбиеші ұйықтап жатқан қуыршағы бар кереуетті көрсетіп: « Кәусар көп қыдырды, шаршады, түстенді және ұйықтап қалды. Ал бізге Кәусәрді оятып алмау үшін ойыншықтарды тыныш жинау керек. Маған ақырын айтшы, қандай ойыншықты қорапқа салу керек?». Мұнда баланың ақырын, бірақ сыбырламай айтқанын бақылау қажет.
|
Монтессори ойыны
Жел соғып тұр
Мақсаты: Кез – келген жағдайларда қатты немесе ақырын дауысты қолдана білуді дамыту.
Қажетті құралдар: 2 сурет, біреуінде жапырақтарды, гүлдерді тербеткен самал жел бейнеленген, ал екіншісінде ағаштарды тербеткен өткір жел бейнеленген.
Ойын барысы: Тәрбиеші балаға самал желдің суреттін көрсетіп, айтады: «Біз жазда орманға серуенге бардық. Самал жел соғып жапырақтар мен гүлдерді тербейді.Ол жай «у-у-у» осылай соғады(дыбыс жай және ұзақ айтылады)». Сонан соң өткір жел бейнеленген суретті көрсетіп, айтады «Кенеттен өткір жел тұрып, ол қатты гуілдеді «у-у-у»(дыбыс қатты және ұзақ айтылады). Бала тәрбиешіден кейін самал жел қалай соғады және өткір жел қалай гуілдейді соны қайталайды. Мұнда тәрбиешіден кейін қайталай отырып бала сол дауыс күшін сақтағаны маңызды.
|
Монтессори ойыны
Көпіршік
Мақсаты: Балалардың сөйлеу тынысын және дыбыстық аппаратын дамыту.
Ойын барысы: Ойынды бірнеше адам ойнайды. Олар тығыз шеңбер жасап тұрады және бір-біріне «түтікше» етіп жұдырықтарын қойып, ойдан көпіршік үрлейді.
«Көпіршік, көпіршік үлкен бол үрлен,
Осылай қал, жарылма түрлен».
Сосын үлкен көпіршік үрленеді (балалар «ү-ү-ү-п» деген дыбысты ұзақ шығарады). Ойын қайталанады.
|