Бала шоқан повестер



Pdf көрінісі
бет17/29
Дата07.02.2022
өлшемі1,6 Mb.
#94641
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29
Байланысты:
pdf Бала Шоқан Сапарғали Бегалин

Ш. УƏЛИХАНОВҚА ХАТ
«Сіздің хатыңызды маған менің мейірбан досым, Александр
Николаевич табыс етті. Əдепті əрі əдемі жазғаныңыз сондай, мен Сізді
қайтадан өз көзіммен көргендей болғам. Мені сүйемін депсіз. Ал өзім
ұялмай-ақ айтайын... Мен Сізге тура ғашықпын. Мен ешқашан жəне
ешкімге дəл» Сізге секілді ықыластанбаған шытармын. Бұл қалай болғанын
құдайым өзі білсін. Əйткенмен бұған көптеген түсіндірме беруге де болар
еді, Сізге мақтаудың қажеті жоқ қой! Өйткені Сіз менің адал көңіліме
айтпай-ақ ақиқат сенетініңізді білемін, қымбаттым менің Уəлиханым. Жəне
бұл туралы он кітап жазылса да жартымды ештеңе айтып болмас еді: сезім
мен ықылас деген нəрселерді түсіндіру өте қиын. Біз Өзіңізбен қоштасып
жүріп кеткеннен кейін күні бойы қам көңіл болдық. Жол үстінде Сізді ылғи
еске алып, мақтау сөз айттым. Егер Сіз бізбен бірге кеткеніңізде тіпті ғажап
болатын еді. Сіз Барнаулда зор əсер қалдырған болар едіңіз. Кузнецкіде
(жалғыз болған кезімде) (В. бұл құпия сыр) — Сізді мен өзімнің ең жақын
досым саналатын ақылды, жан-жүрегі пəк бір əйелге əңгіме етіп
таныстырдым. Оған Сіз туралы кəп айтқаным сондай, ол Сізге көрмей-ақ
ғашық болды. Мұны ол Сізді өте жақсы суреттегенімнен деп түсіндірді.
Бұл тамаша əйелді сіз бір кездері көрерсіз де, оның жақсы достарының
санатында боларсыз. Мен өзім сондай болуыңызды тілер едім. Сондықтан
да Сізге осыны жазып отырмын. Барнаулды пəлендей аралай алғаным жоқ.
Тек балда ғана болып, танысатын адамдармен танысып алдым. Көбінесе
Кузнецкіде тұрдым (бес күн). Сонан соң Змиев пе Локтада болдым.
Демченский əдеттегісінше жұртты ылғи күлдіріп жүрді. Семенов дегеніңіз
тамаша адам ғой.
Мен онымен жете жақындасып кеттім. Сізге көп нəрсе айтуға болар еді,
хатқа жазу мүмкін емес. Алайда бір уақытта кейбір жайттарды есітіп
білерсіз, ал тап қазір дүниедегі ең қымбаттым туралы үрей, қайты мен
қамқорлық жүрегіме кенет толған шақта (мұны өзім күттім де, күтпедім
де), жападан-жалғыз қалған кезімде (ал əрекет жасау керек-ақ) — Сізге ең
негізгі мақсат-мұратымды, екі жыл бойы жанымды езген жағдаяттарды
толық ашып айтпағаныма өкінемін. Ашып айтқаным жақсы болатын еді.
Аяулы досым, сүйікті Шоқан Шыңғысұлы, мен өзімді жұмбақтап кеттім


білем. Бірақ оны шешемін демей-ақ қойыңыз, тек маған табыс тілеңіз.
Мүмкін барша жайды көп ұзамай өзімнен естірсіз. Қолыңыз тисе, бізге
тезірек келе көріңіз, əйтеуір, апрельден қалмаңыз. Айнып қалып жүрмеңіз.
Сізді сондай көргім келеді, келсеңіз Сіз де зерікпес едіңіз. Омбыдан зерігіп
кеттім депсіз — өйтпегенде қайтесіз! Кеңес беруді өтініпсіз: қызметіңіздің
жайын, сосын жалпы жағдайды, не істеу керектігін сұрапсыз. Менің
ойымша былай: еңбектенуді қоймаңыз. Сіздің материалыңыз бай. Дала
жөнінде мақала жазыңыз. Ол сөзсіз басылады (ол хақында əңгімелесіп едік
қой, есіңізде болар). Өз жазбаларыңыз тұрғысынан дала салты, өз өміріңіз,
таты басқа нəрселер туралы жазғаныңыз тіпті жақсы болар еді. Ол жұрт
қызығатындай жаңалық саналар еді. Тың нəрсе болатын себебі Сіз не
жазғаныңызды білесіз ғой (мəселең, есіңізде болар, Пушкин аударған Джон
Теннер шығармалары тұрғысында). Сіз сонда Омбыда да, Петербургта да
жұрт 
назарына 
түсесіз. 
Қолыңыздағы 
бар 
материалдар 
арқылы
географиялық қоғамға таныласыз. Қысқасы, Омбының өзінде-ақ жұрт Сізге
басқаша қарай бастайды. Сонда Сіз өмір жолыңыздың басқаша болу
мүмкіндігіне тіпті өз тума-туысқандарыңыздың көңілін аудара алар едіңіз.
Келер жазды қырда өткізбек болсаңыз, уақыт көп қой. Ал ендігі жылдың 1
сентябрінен бастап Россияға бір жылдық демалысқа келуіңізге болар еді.
Онда бір жыл тұрсаңыз, не істейтініңізді білер едіңіз. Бір жылдық қаражат
табатыныңыз хақ. Маған сеніңіз, оншама көп қаржы да қажет емес. Ең
негізгісі бұл іске жаңаша көзқарас жəне белгілі бір есеппен өмір сүре білу
керек. Мұның бəрі біршама болжаммен шартты нəрсе ғой. Сіз осы бір жыл
ішінде өз өміріңізде жаңа қадам жасауға шешім қабылдар едіңіз. Өз
нысанаңызды өзіңіз көре алар едіңіз, яғни одан əрі не істейтініңізді білер
едіңіз. Содан соң Сібірге оралып, өз туысқандарыңызға пайда болатын ой
айтып, ұсыныс жасаңыз (не ойлап табуға болмайды, не армандауға
болмайды!), олар Сізді тіпті шетелге яғни Еуропаға бір-екі жылдық
саяхатқа жіберуі де ықтимал ғой. Содан 7-8 жылдан кейін Сіз өміріңізді
Отаныңызға зор пайда келтірердей етіп орайластырар едіңіз. Мəселен,
даланың жай-жапсарын, оның маңызын жəне өз халқыңыздың Россияға
қандай қатысы барын өз əулетіңізде бірінші болып Россия жұртшылығына
таныстыру, сонымен бірге өз халқыңыздың орыстар ішіндегі сауатты
мүддегері ретінде туған еліңізге еңбек ету ұлы мақсат, игілікті іс емес пе?
Сіз өзіңіздің еуропаша толық білім алған тұңғыш қазақ екеніңізді
ұмытпаңыз. Оның үстіне тағдыр Сізге үлкен жүрек пен кереметтей жан
беріп, ғажап бір адам етіп жаратқан. Еш нəрседен кенже қалмаңыз, қалуға
болмайды; дəлелдеңіз, тырысыңыз, тіпті реті келсе қулық істеңіз. Бəрінің
де жүзеге асуы мүмкін, тек табанды болыңыз. Сіздің тағдырыңыз


хақындағы утопиялық ұғымдарыммен бал ашқанымды мазақ етпеңіз, менің
қымбаттым Уəлиханым. Мен Сізді сүйетіндігім сондай, Сіз туралы жəне
Сіздің тағдырыңыз туралы күні бойы толғандым. Əрине, өз ойымша Сізге
жақсылық тіледім. Сол ой-арман арасында бір шындық бар. Сіз əулетіңіз
ішінде еуропалық білім алған ең алғашқы адамсыз. Осының өзі — керемет
нəрсе жəне ол Сізге көптеген міндет жүктейді. Алғашқы қадамыңыздың
қандай болуы керектігін анықтау қиын. Бірақ бір кеңес берейін, асылында
аз болжап, аз қиялдаңыз да, көп қимылдаңыз, бірдеңеден болса да,
бастаңыз, өз карьераңыз үшін бірдеңе болса да істеңіз. Ештеңе
істемегеннен гөрі бірдеңе болса да тындырған жақсы. Алла жар болсын
Сізге.
Хош болыңыз, қымбаттым менің. Сізді 10 рет құшып, сүюіме рұқсат
етіңіз. Мені ұмытпаңыз, жиі-жиі жазып тұрыңыз. Цуриков маған ұнайды,
ойын жасырмайды, бірақ мен оны əлі аз білемін. Семеновпен кездесіп,
Семейге бірге келесіздер ме? Онда біз бір қауым жұрт болар едік. Мүмкін,
сонда менің өмірімде де өзгеріс болып қалар. Тəңір жарылқаса болғаны.
Сізге Демчинский тағзым етіп, сəлем айтты. Хатты соның үйінде, өзіміз
таңертең тамақтанатын немесе сорлы жетімдерді күтіп, шай ішетін стол
басында жазып отырмын.
Менің қарсы алдымда Цуриков отыр. Ол да Сізге хат жазу үстінде.
Демчинский қорылдап ұйқтап жатыр. Қазір сағат кешкі 10. Оның неге
шаршап-шалдыққанын түсінбеймін. Сізге Семей туралы бірдеңелер
жазайын деп едім, қызық жайттар бар. Бірақ шынтуайттап келгенде, оннан
бірін де жазу мүмкін емес. Хош болыңыз, менің мейірбан досым. Жиі
жазып тұрыңыз. Мен де Сізге əрқашан жауап қайыратын боламын. Мүмкін,
реті келгенде өз жұмысым жайын жазуға да батылдық жасап көрермін. Мен
болып Дуровқа тағзым етіңіз, мен болып оған жақсылық тілеңіз. Оны
сүйетінімді жəне шын берілгендігімді айтып сендіріңіз.
B.C. Сізге тағзым етеді. Сіздің, өзін Омбыға əкетуге тырысқаныңызды
əңгімеледі. Ол Сізді ұмытпапты жəне Сіз туралы қызыға сөз етеді. Ф. М.
Достоевский.»
Аға досының елжірей жазған хатын қайталай оқып, өзіне-өзі: «Дос
болсаң, осындай адаммен бол. Қандай нəзік сезімнің адамдары. Анау Петр
Петрович Семенов, Сергей Дуров, міне, Россия халқының нағыз асыл
адамдары», — деп өзінің күнделігіне жазып қойды.


Шоқан Сібір өлкесінің қақаған аяз, бұрқыраған боранды күндерінде
пеші кейде жағылып, кейде жағылмай ала қоңыр болып тұратын салқын
архив қоймасында таңертеңнен кешке дейін қолжазбаларды ақтарумен
болды. Осы архивте оның көп іздеген дерегі — Сібір өлкесін Россия
патшалығының алғашқы иемдене бастаған кезі. Сібір өлкесіндегі
халықтардың қонысы, шаруа жайы, олармен Россия патшалығының қарым-
қатынасы жайлы болды. Бұл жағынан Шоқанның тапқаны көбі бұрыннан
өзіне таныс жайлар. Шоқанның бір қуанған табысы — қырғыз елінің
шежіресіне байланысты қолжазбаға кездесті.
Екі жылдай ойды-қырды аралап, ел көнелерімен сөйлесіп, қырғыз
елінің шежіресіне көп үңілген еді. Қырғыз қарияларының айтуына
қарағанда — «ата-бабамыздың туып өскен жері Əндіжан өлкесі екен»
деседі. Ал жиһанкез ғалымдардың, шежірешілердің жазғандарында
қырғыздардың «Енисей», «Том», «Абақан» өзенінің бойында болып,
Алатауға кейінірек көшіп барғанын айтатын. Біріне бірі қайшы
дəлелдемелерді салғастырып, қайсысы сенімді екенін шеше алмайтын.
Көңіліне 
көбірек 
алып 
архив 
туындыларын 
ақтарғандағы 
баса
қарастырғаны осы еді.
Бірде Шоқанның қолына Ұранхай елінің «Алтын ханы» деген қолжазба
кездесті. Осы қолжазбаны қарап, барлық жазылу тарихымен танысты.
Бірақ мұның ішінен де өзінің іздеген жұмбағына шешім таба қоймады. Сол
буддалардың тобынан он сегізінші ғасырдың орта кезінде жазылған бір
қолжазбаға кездесті. Бұл қолжазбада он сегізінші ғасырдың орта кезінде
Өскемен бекінісіне қырғыз-қалмақтың он екі үйлі адамдары келіп,
жергілікті əкімдерге: «Біз бұрын Том мен Енисейдің аралығында тұрушы
едік. Біздің басшымыз Танбын батыр Танджи еді. Онда Ресей қазынасына
аң терісінен алым төлеп тұрушы едік. Сонан он сегізінші ғасырдың бас
кезінде Ғалден Сореннің үш қолбасы батыры бес жүз жауынгер тобымен
келіп шауып, қырғыздарды Жоңғар тауына көшіріп жіберді. Үш мың үй
қырғыз, қалмақ қолының сайланып келген қаһарына қарсы тұра алмай,
қонысынан ауды. Сонан қырғыздар Ғалден Соренге алым төлеп тұрды.
Сонымен қатар біздің тағы бір тобымыз, Соғай даласында тұрады. Олар да
кейіннен Жоңғардағы туыстарын тапты. Біз де өз туысымызға қосылуды
тілейміз» депті. Бұған қарағанда қырғыздардың Енисей бойынан ауып
келуі анық. Оған қосымша жоғарыда аталған жиһанкез талым Риттер де
(Карл Риттер) — «қырғыз, қазақ түбі бір халық, бұлар бір кезде Сібір
өлкелерінде болып, кейіннен Алатау атырабына көшіп келген», — деп


түйіндейді. Шоқан осы сияқты құмарта зерттеген ғылымдық еңбегімен
шұғылданып ешқайда мойын бұра алған жоқ. Өйткені, əдет-ғұрпы, тілі
түбірлес қырғыз-қазақ елінің шежіресін қарастырып, анығын ашуға
құмарланды. Шоқан шағатай тілінде жазылған «Тарих рашиди» кітабын
тауып алып, соны оқыды. Бұл кітапта он алтыншы ғасырдағы түрік
шежірешісінің жазуына қарағанда қырғыздардың Əндіжан мен Ыстықкөл
жағасының аралығында жүрген мəліметі бар... Оған қарағанда қырғыз
қарияларының — «ата-бабамыздың қонысы Əндіжан алқабы» дегенінің
жаны бар тəрізді. Ал он сегізінші ғасырда Енисей бойында қырғыз елі
болғанына қарағанда, бір кезде қырғыз-қазақ бір тұтас тайпалар болып,
Сырдариядан Енисейге дейінгі екі аралықта кешіп мекендеп жүргені
байқалады. Өзінің Ыстықкөлде қырғыз жыршысынан естіп жазып алған
«Манас» жырындағы қырғыз-қазақ батырларының бірге аттанған
жорықтары да осыны бейнелейді. Қонысы басқа, туыстық түбірі басқа ел
бір майданда қатар жүріп қан төге ме. Жəне сондағы қырғыз-қазақ
батырларының жауы құба қалмақ болып келеді. Сөйтіп өзінің тұңғыш
елінен елінен тапқан үлкен дастанының халық шежіресіне қосылған құнды
жаңалық екені айқындала түсті. Анадағы оп екі үйлі қырғыз-қазақ
адамдарының айтуындай Жоңғар қолы келіп килігіп, қырғыз руларын екіге
бөліп тастағанға ұқсайды. Сыр бойындағылар Əндіжан алқабында қалып,
Енисей бойындағылар осында бөлініп қалған болуы керек. Ал
Енисейдегілер Жоңғар тозғындаған кезде Алатаудағы елімен қайтадан
табысқан болар деп түйді. Осындай көп іздене отырып қазақ-қырғыз
даласын жаңадан зерттей бастаған Россия ғалымдарына ой салар, жол
сілтер ізін түсіргендей болды.
Шоқан мен Потанин екеуінің таты бір ерекше қарастырғандары,
Қашғарияға 
тура 
тартар 
сауда 
керуенінің 
жолы 
болды. 
Қоқан
хандықтарының Россия патшалығына қырын қарайтын жайын еске
алғанда, Ыстықкөл арқылы, Алтышəрге тау жолымен өту қолайлы тəрізді.
Екеуі осы жолдың жобасын топшылады. Сонан екі дос қыстың көп
уақытын архив ақтарып, алдағы істелер ғылыми зерттеу жұмыстарының
жобасын ойластырумен өткізді.
V
Қыс ортасы ауа берген кезде Шоқан Петр Петрович Семеновтан хат
алды. Осы хатпен бірге Петербургтағы «Орыс географиялық қоғамының»
толық мүшесі Уəлиханов» деген сенім қағаз бірге келді. Сенім қағазға қоса


«Орыс география қоғамының» 1857 жылғы 27-ақпандағы мəжіліс хатынан
кешірме де бірге келген. Шоқан өз оқығанына өзі сенбегендей досы
Григорий Потанинге берді.
— Шоқан Шыңғысович, құттықтаймын, бауырым, — деп Григорий
Шоқанды бас салып сүйді. — Міне, еңбегің жанды. Ғалым атағы ардақты
бағамен арналған саған. Бұл қуаныш — бəріміздің қуанышымыз, — деп
Григорий Шоқанды қайта-қайта сүйді. Екеуі География қоғамы
басқармасының мəжіліс хатын қайта отырып оқыды. «Батыс-Сібір
өлкесінің қырғыз-қазақ өлкелерін зерттейтін бөлімінің қызметкері, əскери
шенді Шоқан Шыңғысович Уəлихановтың Жетісу өлкесін, Ыстықкөл
атырабын зерттеуде, Құлжа қаласындағы келісімді ғылыми тұрғыдан
жобалауда істеген еңбегі — Россия ғылымының халық зерттеу саласына
қосқан зор үлесі. Осы жөнінде ғылыми баяндама жасап Уəлихановтың
еңбегін жан-жақты дəлелдеп жеткізген Петр Петрович Семенов-
Тянышанскийдің ұсынысы бір ауыздан қабылдансын! Шоқан Шыңғысович
Уəлиханов «Россия Географиялық қоғамының» толық мүшесі етіп
алынсын» делінген. Екі дос Петр Петровичтың жаңадан тіркеп алған
қосалқы фамилиясын қайталап, «Семенов-Тянышанский» деп жарыса
айтысты.
Петр Петрович анада Петербурға жүрерде Шоқанның қолжазбаларын
қояр да қоймай алып кеткендегі сырын Шоқан түсіне де, сұрай да алмаған.
Аға досының оны не үшін керек еткенін мына қаулыны алғанда ғана
түсінді. Қандай адал жанды асыл адам.
Бұлар халық үшін, ғылым үшін туған жандар ғой, деп ойлады Шоқан
ішінен.
Петр Петрович Семенов Омбыдан Петербургқа келген бетінде
Шоқанды География қоғамына мүшелікке ұсынды. Ұсынар алдында
Шоқанның жаңа еңбектерін ғалымдарға беріп таныстырды. Алдымен əрі
жиһанкез, əрі географ ғалым Ковалевскийге берді. Ковалевскийге
Шоқанның еңбектерін бере отырып, «Шоқан біздің география қоғамына
жаңадан қосылған кесек тұлға. Ол бізге жұмбақ болып жатқан Азия елінің
тілін, əдет-ғұрпын, тіршілік салтын негізінен жақсы біледі. Оның үстіне
ғылымдық жағынан қандай тапсырма болсын асыра орындай алатын
ерекше қабілетті жас талым» деді. Ковалевский Шоқанның мына жаңа
еңбектерімен танысып, қолжазбаның бір бұрышына: «Жас, дана ғалым»


деп қуана жазып қойды.
Шоқанның аты География қоғамына əйгілі бола бастағаннан-ақ үкімет
адамдарының құлағына да шалынған болатын. Əсіресе оның Құлжаға
барып бітіріп қайтқан мемлекеттік жұмысы Шоқан есімін бұрынғыдан да
айқындай түскен. Шығыс Түркістан елі туралы көп уақыттан бері қолға
алып, өзі де ол жақтарда болып, осы өлкемен қарым-қатынастың жолын
табуға ынталанған Ковалевский Шоқанға ерекше назар аударды.
Осы жылдың көктемінде Ковалевский — «Шығыс Түркістанға,
Алтышəрге яки Қашғарияға ғылыми экспедиция жіберу қазіргі жағдайда
өте қажет» деп шетелдер министрі Горчаковтың атына ұсыныс хат жазды.
Осы ғылымға негізделген хатында Қашғар шəһəрінің, Шығыс Түркістан
уəлаятының географиялық жағдайын айрықша суреттемеге түсіріп
көрсетті. Əсіресе Шығыс Түркістан өлкесімен, Уəлиханов бастап барып
анықтап қайтқан тау қырғызы, Ыстықкөлмен шекарасының ұштасып
жатқанын баса айтты.
Осы бір ғылыми да саяси мəні зор экспедицияны ұйымдастыруға
География қоғамының ғалымдары ерекше назар аударды. Оның үстіне
Россияның Құлжадағы консулы Захаров: «Ташкент-Қоқан саудагерлері
Құлжаға келуін, сауда араласын тоқтатты. Қашғариямен де олардың
қатынасы мүлде тоқталған» деп хабарлады. Осындай Шығыс Түркістанның
басқа көршілерімен қатынасы бөгеліп тұрған кезде сауда қатынасын
ұйымдастырып, соған жапсарлап ғылыми экспедиция адамдарын жіберу
қажет. Ол экспедицияға сол елдің салт-санасын, тілін білетін аса сенімді,
беделді адам табу керек» десіп іздестірді.
Ковалевскийдің ұсыныс хатын орынды деп тапқан шетелдер
жұмысының министрлігі, өздерінің халықаралық жұмыстарды басқару
бөлімі арқылы мəселе көтеріп, патша ағзамның рұқсатын сұрады.
Александр І-патша «қарсы емеспін» деп қол қойып рұқсат етті. Осы рұқсат
қағазды алысымен шетелдер жұмысының министрлігі жəне əскери министр
Сухазанет 
Омбының 
генерал-губернаторы 
Гасфортқа: 
«Қашғария
экспедициясын ұйымдастыруға кірісіңіз. Оған саудагер түрінде татардан
яки өзіміздің қол астымызға қараған ташкенттіктерден сенімді адамдар
жіберілсін. Сонымен қатар ғылыми жұмыстарды жүргізетін өзіміздің
жігіттерден приказчик түрінде адам қосылсын» деп тапсырды.


Өздерінің ұсыныстары қабылданған География қоғамының ғалымдары
асқан қуанышпен экспедицияның ғылыми жұмысының жобасын жасады.
Сонымен қатар Гасфортқа Семенов-Тяньшанский, Ковалевский бастаған
ғалымдар қол қойып хат жазды. Ол экспедицияны тездетуді қатты өтінді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет