Бала шоқан повестер



Pdf көрінісі
бет13/29
Дата07.02.2022
өлшемі1,6 Mb.
#94641
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29
Байланысты:
pdf Бала Шоқан Сапарғали Бегалин

АҒА ДОСТАР АРАСЫНДА
Қыс ортасынан былай Шоқан орыс тіліндегі əдебиет кітаптарын құныға
оқитын болып алды. Бірақ, ондай кітаптар Шоқан қолына көп түсе
бермейді. Əсіресе корпус кітапханасында əдебиет кітаптары жоқтың қасы.
Ал аздаған кітаптар рота балаларының қолынан босамайды. Кітапханада
корпус балаларына көбірек ұсынылатын кітаптар патша генералдарының
өмірінен жазылған шығармалар болатын. Ондай кітаптар Шоқан, Григорий
сияқты ой-шаң балаларды қызықтырмайды. Шоқанның, Григорийдің
қызығып оқыған кітаптары Палластың жəне Рычковтың жаһангез
өмірлерінен жазылған күнделіктері болды. Оның өзін де кезек күтіп əрең
дегенде қолдарына түсірді. Осы кітаптардың əсерінен болар, Шоқан мен
Григорий екеуі Азияны аралап, жер сырын ел жайын білгілері келеді.
Екеуі қиялдап көп əңгімелеседі.
Шоқан мен Григорийдің ізденгіш ойшыл мінездері өздерінің
класстарындағы көп балаларға əсерін тигізіп, кітап оқу, ілім іздену балалар
арасына жақсы өрістеді. Соның арқасында Шоқан бастаған кластың
балалары озық, тəртіпті класқа, үлгілі оқушылар атына ие бола берді.
Шоқанның суретшіл талабы сурет сабағының оқытушысы Померанцев
деген жас офицерге қатты ұнайды. Ол Шоқанды ерекше сүйіп, қызыға
үйретеді. Əдебиет сабағын жүргізетін оқытушы Гонсевский де Шоқанның
алғыр, дүние тануға, əдебиет тануға сезімділігін ерекше ұнатып, үлкен
ілтипат етеді.
Сергей ағайының үйіне демалысқа бір келгенде Шоқан өзіне сурет
сабағын беретін Померанцевқа кездесті. Сергей Сотников Шоқанды
Померанцевқа айрықша таныстырып, оның суретшілік өнерін өз етті.
Сонан Сергей бір əредікте қазақ елінің таланты жайынан сөз қозғап кетті.
— Мен қазақ елінің ауыз əдебиеті жайынан Костылецкийден естігенім
бар. Бұл халық сондай қиялы қанатты халық көрінеді ғой, — деді
Померанцев.


— Мен сізге бір кішкене қазақ баласының өнерін көрсетейін, — деп
Сергей Померанцевқа Шоқаннан алған Мысықтың балшықтан жасаған
түйесінің мүсінін көрсетті.
— Мынаны жасаған қай жастағы адам? — деген Померанцевтің
сұрағына:
— Ол кішкене бала. Өзі бір кедей жалшының баласы екен, — деп
Сотников Мысық жайындағы естігенін айтып берді.
— Мына баланы, шіркін, ана интернатқа əкеліп берер ме еді. Мынау
мүсінші болатын бала ғой, — деген сөз Померанцевтің аузынан шыққанда,
Шоқан:
— Ол қандай интернат? — деп мұғалімінен əдеппен сұрады.
— Ол қазыналық мектеп, онда өз бетімен оқуға қаржысы жоқ
кедейлердің балалары оқиды. Барлық өнерге үйретеді. Бір жағынан жұмыс
істейді, бір жағынан оқу оқиды, қандай өнерге білімі бар, соны үйренеді, —
деп Померанцев толық түсінік айтты.
— Ол мектепке Мысықты ала ма? — деп сұрады Шоқан тағы да
мұғалімінен.
— Оған Шыңғыс Уəлиханович сияқты беделді адам ұсынса алады. Ал
жай балаларды ала бермейді.
— Сіз ол мектептің бастығын білесіз бе? — деген Шоқан сұрағына,
Померанцевтан бұрын Сергей:
— Сол мектепте де бұл кісі сабақ береді, — деді.
— Онда мен жазда елге барғанда Мысықты алып келем, оны сол
мектепке сіз алғызасыз ба? — деп Шоқан аса қуана да, асыға да тілек
айтты.
— Егер Шыңғыс Уəлиханович қатынас жазып өтінсе, алдыруға болады,
— деді Померанцев алдыңғы өзін қайталап, Шоқан қуанып кетті.
Шоқанның бұл қыстағы бір ренжіген жайы Сергей ағайдың Омбы


қаласынан еріксіз түрде жер ауып кеткені болды. Оның не себепті жер
ауғанын Шоқан талдап білген жоқ-ты. Жалғыз-ақ Сергей ағай көптен
көрінбей жүріп бір демалыс күні корпус үйіне келіп, Шоқанды сұрап алып
үйіне апарған. Сол күні Сергей ағайдың үйінде Померанцев та болды.
Сергей Сотников Померанцевқа Шоқанды айрықша тапсырып:
— Мен бұл қаладан кететін болдым. Мына Шоқанды үйіңе апарып,
демалыстарда бойын сергіт, жақсы кітаптар тауып бер. Қалғанын өздерің
ұғыныса жатарсыңдар, — деген.
Сергей ағайдың осы өзі Померанцев пен Шоқан арасына достық ілгегін
қадағандай болды. Содан былай Померанцев Шоқанды демалыстарда үйіне
алып барады. Шоқаннан ауыл жайларын сұрап, сурет салу жайынан
ұғыныстар беретін болды. Əсіресе, өзінің үйіндегі көрнекті суретшілердің
шығармаларын көрсетіп, көптеген түсініктер айтып отырды.
Бір күні Померанцев Сергей Сотников туралы сөз қозғап, одан хат
алғанын айтты. «Ол мұндағы жолдастарын қатты өгейсиді. Саған сəлем
айтыпты. Сергейдің өзі де тентек қой. Ол өшіккен, жек көрген адамына
тура мылтық атып, қол жұмсайды. Мынау уақыт оны көтере ме», — деді.
Сотниковтың қандай қылмыспен Омбыдан айдалғанын білмейтін Шоқан
Померанцевтан Сергей ағайының не себепті жер ауғанын сұрады.
— Сен оны білген жоқ па едің? Онда тыңда. Сотников осындағы бір
полковникпен бір жерде ерегісіп қалады. Шені үлкен ұлық Сотниковке
жаза бергізеді. Сотников ондайды көтере алмайтын өр мінезді адам.
Полковниктен кек алуды ойлап, оны жолда аңдиды. Аңдығанда Сотников
өзіне таныс қыр қазағының атын сұрап мініп, оның барлық сыртқы киімін
киіп, жуан қамшысын алып тосып тұрады. Полковник жолдастарынан
бөлініп пəтер үйіне бұрыла бергенде, аттың бауырынан өткізіп, қамшының
астына алады. Полковник айқайлап қашып, оның даусынан көшедегі
адамдар көріне бастағанда, Сотников құйғытып жөнеледі. Сонан бұл іс
тексеріліп, Сотниковтың істегені мойнына қойылып, сотталған. Ол қазір
жазалы адам ретінде жер ауып кеткен, — деді.
Шоқан мынаны естігенде, Сергей ағайының мінезіне қайран қалды.
Қандай өжеттік деп ойлады.
— Бірақ ол айласыз. Тура қамалға қарсы шабады. Ондайды білдіртпей


істеу керек. Қазір өзі жазаға душар болды, — деді өзін аяқтап Померанцев.
Сол екінші жылдың өзінде-ақ корпус оқытушылары Шоқанның зерек
алғырлығын, алған бетінен қайтпайтын қайсар тапқырлығын қадыр
тұтатын болған-ды. Əсіресе Костылецкий деген оқытушы Шоқанға ерекше
назар аударды. Оның себебі Костылецкий арабша, парсыша, ол кездегі
Азия елдерінің тілінде шығатын əдебиеттерді оқи білетін. Ол қазақ
жерлерінде болып, қазақ ертегі, жырларын да жинаған, дала сырынан
хабардар адам екен. Кей сабақтарында халықтың ауыз əдебиетіне көшіп,
қазақ дастандарының жайын айтып, балаларға түсінік беретін. Ондай сабақ
жүргізгендегі Костылецкийдің көмекші серігі Шоқан болады. Шоқанға
қазақтың ертегі, жырларын айтқызып, басқа балаларға өзі орысшалап,
мазмұндап айтып береді. Бір күнгі сабақта əңгіме «Қозы Көрпеш — Баян
сұлу» жырына арналып, Шоқанның Арыстан ақыннан естіген түрін
айтқызып, Костылецкий өзі де құмарта тыңдады. Бір əредікте:
— Сен Қозы Көрпеш боласың, — деді Шоқанның қасына келіп
Костылецкий.
— Ол батыр ғой, — деді Шоқан.
— Несі бар, сен де батыр боласың. Батырлық білекте, күште емес, ойға
алғанын орындайтын қайыспас қажырда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет