Есік ашып үйіне кіргізгендей», —
деп мөлдіреген ай сəулесі шаттана өзінің сергек сауықшыл мінезін істеп
əндете келді. Жігіттер де бірін бірі түртіп: «Ана Бəтішке жауап айталық, ол
тағы басымыздан асыра шырқап кетеді», — десіп жатты.
— Ал əткеншек дайын болды. Кəні, кім отырады? — деп алтыбақанды
құрған ересек жігіттер айқай салды.
— Алдымен Шоқанжан отырсын, бүгін əдейі ойнаймын деп құрғызған
сол, — деді Жəпекбай. — Кəні, отыр мына жағына, — деп, ол бір басына
Шоқанды отырғызып, екінші жағына Бəтішті отырғызды.
Əн шырқасам шырқаймын əнім аз ба,
Айтылмаған қандай əн мынау жазда.
Кел шырқалық, жігіттер, неге тұрсың,
Желікпей ме көңілің айтқан назға.
деп келіп:
Алтыбақан əткеншек,
Əндетіп жібер тұрма тек.
Əткеншекте əн салмасаң,
Сүмірейіп тұрсың неге кеп, —
деп Бəтіш əткеншек арқанын сермеп тұрған бір жігітке қолын сермей
сөз тастады. Сонан жігіттер өлең бастады. Ауылдың қара өлең мен қайым
айтысы біразға созылды. Шоқан біраздан кейін алты бақаннан түсіп, басқа
жастар отырды.
—
Өркенің өскір, Шоқанжан-ай, көптен бері үлкендерден бата алмай
жүрген ойынымызды бастап бердің-ау, — деп Бəтіш барынша ашық көңілді
мінезімен сауықты ажарлай түсті. Шоқан аса бір ықыласпен қызықтап, таң
ата келіп төсегіне жатты.
Ертеңіне Шоқан əжесіне барып қош айтысты.
Шоқанжаным, жолың болсын. Кеше осында ауыл адамдары айтып
келді, ана тентек атаңның шығынын əкеңе
төлетіп Уақтың бір
нашарларына болысыпсың. Оның жарайды. Шеген ит көзіме көрінбей
отыр, жазасын тарттырармын. Оның қазан бұзар қылығы өзге түгіл саған
да ерсі болды-ау,- деп Айғаным аз ойланып отырып, — əрқашан əділдік
жағында болғайсың, — деді. Шоқан үнсіз тыңдап, əже ықыласына бас иді.
Келер күні Шоқанды қалаға жүргізді.
Бұл жолы Тақырбас Атығайұлы
алып жүрді. Бейсеннен жасы көп кіші, өте бір сергек, əңгімешіл жігіт еді.
Бейсенді Шыңғыс бір жүріске дайындалып қасына ертетін болғандықтан
Шоқанға Тақырбасты өзі қосты. Тақырбаспен
бұрын сырлас болмаған
Шоқан алғашқы күні біраз жай тілдесіп отырды. Бейсенге үйір болып
қалғандықтан ба, Тақырбасқа аса ашыла қоймады.
Ауылдан шыққан күні Тақырбас аттарды аса қыстамай, жайырақ жүріп
суытты. Ертеңіне қонған ауылдан шығып жолға түсе бере, ортадағы ақ
кекіл қарагерге делбе қағып, оң жақтағы қарынсау, қырсау қарагерді
қамшымен қабырғадан шықпытып жіберіп:
— Уақтың май құйрық старшыны
құсап қыртыңдамай желсеңші, —
деді. Тақырбастың мына сөзін естігенде Шоқан жымиып:
— Тақа, сіз əлгі бір аласа бойлы, қалың қара сақалды, семіз кісіні
айтасыз ба ? — деді.
Иə, мына қырсау қарагер тап сол сияқты, ылғи постромкені іркіп, аяғын
баспайды.
— Шоқан дəл оқу басталғанша, Васил ағайдың үйінде болды. Тақырбас
қаладан керек-жарағын алып
тапсырылған жұмыстарын орындап, қайтып
кетті.