Тақырыбы: Сабақ-өркенің негізгі бөлігі және қоректік заттарды өткізу мүшесі.
Мақсаты: Оқушыларға сабақтың түрлері, құрылысы және қызметі жайлы мағлұмат беру.
Көрнекілігі: сабақтың суреті, тірек-сызбалар, кеспелер
Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру
Сабақ беру әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
2. Үй жұмысын тексеру
Биологиялық диктант
Суреттеме
|
Жауаптар
|
1.Жапырақ тақтасының ең соңында ---өседі. 2.Өсімдік неғұрлым ылғалы мол жерде өссе соғұрлым ---болады. 3.Шөптектес өсімдіктердің күрделі жапырақтары---түседі. 4.Жапырақ тақтасы деп---, ал сағағы---бөлімін айтады. 5.Жапырақ сағағы--- қызмет атқарады. 6. Күрделі жапырақтар --- деп бөлінеді. 7.Жапырақ ---өседі. 8.Егер жапырақ тақтасы біреу ғана болса---, екі немесе одан да көп болса--- . 9.Сағақтың орнына түтік тәрізді қусырыл-ған жерін---дейді. 10. Ылғал жетіспейтін жерде өскен өсімдіктердің жапырақтары---айналып кетеді.
|
1.Кеңейген, жіңішке
2.Жай, күрделі жапырақ
3.Тірек, өткізгіш, жарыққа бұру
4.Сағағы
5.Қынап
6.Жалпақ, қою жасыл түсті
7.Майда, жіңішке тікенек
8.Ұшынан
9.Үшқұлақ, саусақ салалы, қауырсын тәрізді
10.Тұтас қурап
|
3. Жаңа сабақ
Сабақ - өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек.
Қызметі
Сабаққа бүршік, Қоректік заттар Көбеюге Органикалық
жапырақ,гүл, жеміс сабақ арқылы қатысады заттар қорға
бекінеді қозғалады жиналады
Өсімдік сабақтары
Шөптекті Ағаштекті Сүректі
Сабақтың түрлері
Тік Өрмелегіш Жатаған Қысқарған Шырмалағыш
Тік сабақты өсімдіктерге жүгері, бидай, терек, емен, қайың т.б. жатады.
Жатаған сабақ - өте әлсіз, жұмсақ. Жер бауырлап жатады. Мұртшалары арқылы ұзарып өседі. Асқабақ, қияр, қауын, қарбыз жатады.
Шырмалағыш сабақ – нәзік болғандықтан айналасындағы өсімдіктерге шырмалап өседі. Шырмауық, құлмақ жатады.
Өрмелегіш сабақ – мұртшалары арқылы басқа өсімдікке жабысып, өрмелеп өседі. Асбұршақ, жабайы бұршақ, жүзім т.б. жатады.
Қысқарған сабақ - өсімдіктердің сабағы өте қысқа. Бақбақ, жолжелкен, пияз, ақ қауынды қырыққабат т.б. жатады.
Сабақтың ішкі құрылысы
Қабық
Камбий
Сүрек
Өң
Ішке күн сәулесін өт-кізеді
Өң – түссіз, жас сабақтардың сыртын қаптайды. Үлкен ағаштардағы өң түлеп түсіп, орнын тоз алмастырады. Тоз қалың болса да ішкі жасушалардың тыныс алуына оттегін өткізеді. Тозда тыныс алуға қатысатын пішіні төмпешікке ұқсаған жасушаларды жасымықша дейді. Тоздың ішкі жағында қабыққа беріктік қасиет беретін тін қабаты орналасқан. Кендір, зығыр, мақта өсімдіктерінде қабықтың тін талшықтары жақсы дамыған. Тін талшықтарынан өндірісте түрлі маталар, бұйымдар тоқылады.
Сабақтың бойлап өсуі ең ұшынан басталады. Сабақ пен бұтақтары ұшынан ұзарып өседі. Өсімдіктің ұзарып өсуі – төбе бүршігіне, жан-жағына жайылып, өсуі жанама бүршіктеріне байланысты.
Өсімдіктің ұзарып өсуі
Төбе бүршік Жанама бүршік
Сабақтың жуандап өсуі. Камбий түзуші ұлпаға жатады. Камбийдің бір маусым ішінде бөлінген жас жасушалары қабық пен сүрекке қарай ығысады. Сүрек бөліміне ығысқан жасушалар тобы көбірек болғандықтан сүрек қабаты қалыңдау болады. Бұл құбылыс жыл сайын қайталанатындықтан сабақ жуандай береді.
Ағаштағы бүршіктер мен жапырақтар зақымданбаса, камбий жасушалары да тез бөлінеді. Камбий жасушаларының бөлінуінен сүректе жыл сайын сүрек қабаты пайда болады. Оны жылдық шеңбер деп атайды.
Жылдық шеңбер құбылыстары
Өсімдік жасын Жарықтың Ауа райын Көкжиек Жауын-
анықтайды түсуін анықтайды бағытын шашанды
Сабақ бойымен қоректік заттардың қозғалуы
Тамырдың топырақтан сорған минералды заттары тамырда қалып қоймай сабақ бойымен көтеріліп жер үсті мүшелеріне барады. Су мен минералды тұздар сабақтың сүрек қабатымен қозғалады.
Судың сабақ бойымен көтерілу жылдамдығы
Сағатына 20 см Сағатына 30 см
Судың сабақ бойымен көтерілуі тамыр қысымына байланысты
көктемде
4-5 литр шырын ағызып алуға болады
Шырын
Су Минералды тұз Қант
Біліміңді тексер.
Берілген сөйлемдерді зер салып оқып сабақтың қай қабатына тән екендігін анықтап, тұсындағы санын дәл келетін қабаттың астындағы бағанына жазыңдар.
Сабақты жуандатып өсіреді.
Жылдық шеңбер (сақина) түзіледі.
Органикалық заттар қорға жиналады.
Су мен минералды заттар қозғалады.
Тін талшықтары орналасқан.
Сабақтың барлық бөлімдерін бір-бірімен байланыстырады.
Қабық пен сүректің арасында орналасады.
Сабақ тыныс алатын жасымықша жасушалары орналасады
Кеппе шөптермен жұмыс
Оқушыларға кеппе шөптер беріледі. Сондағы өсімдіктердің сабақтарын анықтайды және онымен қоса тамырын да анықтайды.
Оқулықпен жұмыс
Мәтінннің соңында берілген «Біліміңді тексер» деген тапсырманы орында.
4. Бекіту.
1. Сабақ қандай қызмет атқарады?
2. Сабақтың түрлерін атаңдар?
3. Сабақтың ішкі құрылысындағы қабаттарды сипаттаңдар?
4. Жасымықша қай қабатта орналасқан, қандай қызмет атқарады?
5. Өзек қандай қызмет атқарады?
6. Қабық бөлімдерінің, атқаратын қызметін талдаңдар?
Үйге тапсырма: § 12,13 оқу
Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |