Сабақтың тақырыбы: Сағат қанша, неше



Дата23.08.2017
өлшемі25,24 Kb.
#25311
Сабақтың тақырыбы: Сағат қанша, неше

Мақсаты: Оқушылардың сөздік қорларын толықтыру.

Міндеті:

1.Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрату, сөйлету.

2.Септік жалғауларды дұрыс қолдана білуді қалыптастыру.

3. Уақыт қадірін білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: сағат, суреттер, жаңа сөздер жазылған плакат,

мәтіндер жазылған таратпа қағаздар

Қолданылған әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, диалог, түсіндіру, ойын, үнтаспа тыңдату, жұмбақ шешу 

Барысы


І Ұйымдастыру кезеңі:

амандасу, түгендеу, сабақ жоспары мен мақсатын айту.

Ойын : «Мен сізге ... гүлін сыйлаймын» оқушыларға өздері білетін гүлдердің атауларын айтқызып қағаз гүлдерді сыйға тарту

ІІ Үй тапсырмасын тексеру: сұрақ-жауап, карточкалар.

ІІІ Жаңа сабақ бойынша: тақырыбын жұмбақ арқылы сабақ тақырыбын балаларға тапқызу, мақсатын түсіндіру

Тық-тық ұрып,

Шегесін қадап.

Мезгілді саған,

Айтады санап. (сағат)

1.Сөздік жұмыс: үнтаспадан тыңдату, түсіндіру, фонетикалық жұмыс жүргізу, оқыту, жазу, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрату



Сағат-часы, құм сағат-песочные часы, наручные часы-қол сағат, настенные часы-қабырға сағаты,қалта сағат-карманные часы, который час? – сағат неше? уақыт - время, үнемдеу - экономить 

2.Оқушыларды сөйлету: сұрақ – жауап , суретпен жұмыс, диалог жасату.

3.Мәтінмен жұмыс: оқу, аудару, сұрақ-жауап, мазмұндау.

Сағаттар.

Ұзын көше бойында үлкен көрме болды. Адамдар  көп келді. Бұл -  сағаттар көрмесі. Көрмеде сағаттың түрлері өте көп. Балалар құм сағатпен, қол сағаттың, қалта сағаттың әр түрімен танысты. Ең әдемісі – алтын қалта сағат.

4.Дәптермен жұмыс: сағат, қол сағат сөздерін септету, тәуелдету, айырмашылығына, ұқсастығына көңіл аударту

ІҮ Бекіту: сұрақ-жауап жүргізу

Ү Қорытындылау: Венн диаграммасын жасату

Қол сағат ортақ қалта сағат

Бауы бар тілі бар қалтада болады

Қолға тағады сағат       түйреуіші бар

                          қақпағы бар

ҮІ Үйге тапсырма

Сағат түрлерін жасап келу, септік жалғауларын қайталау, сөздік жаттау

ҮІ Баға

1.Сағат тура бес.



2.Сағат екіден он минут кетті.

3.Сағат тура сегіз.

4.Сағат үштен он бес минут кетті.

5.Сағат сегізге жиырма минут қалды.

6.Сағат тура он бір.

7.Сағат жеті жарым.

8.Сағат сегіз жарым.

9.Сағат бес жарым.

10.Сағат бір жарым.

11.Сағат алтыға он минут қалды.

12.Сағат жетіге жиырма бес минут қалды.

13.Сағат төртке жиырма бес минут қалды.

14.Сағат беске он бес минут қалды.

15.Сағат тура он екі.

16.Сағат он бірге он бес минут қалды.

17. Сағат жеті жарым.



18.Сағат сегізге он минут қалды.
Каталог: uploads -> doc -> 1159
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1159 -> Кемпрекова Ж. Ж. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байболова. Р. К


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет