Бақылау тапсырмалары
І. Тест сұрақтары
Туберкулез.
1. Туберкулез қоздырғышын ата:
Көк іріңді таяқша
Сіреспе таяқшасы
Протей
Ішек таяқшасы
Кох микобактериясы
2. Бала ағзасына туберкулез микобактериясы … арқылы жиі түседі:
Асқорыту жолы.
Тыныс алу жолы
Тері
Жара
Қан
3. БЦЖ ревакцинациясы салынады, егер Манту сынамасы:
Теріс болса
Күдікті болса
Оң болса
Гиперергияиялық болса
Гипоергиялық болса
4. Туберкулез сынамасының виражы бұл:
Оң нәтижеден кейін теріс болуы
Гиперергиялық нәтиже
Алғаш рет оң нәтиже
Алғаш рет теріс нәтиже
Екінші рет оң нәтиже
5. Туберкулездің барлық түрінде байқалатын белгі:
А) Қақырықты жөтел
В) Құрғақ жөтел
С) Улану белгілері
D) Кеуде клеткасының ауыруы
E) Бауыр, көкбауырдың үлкеюі
6. Туберкулездің негізгі емі:
А) Режим
В) Химиотерапия
С) Диета
D) Күтім
E) Витаминотерапия
7. БЦЖ егудің мақсаты:
А) Аурудың алдын алу үшін
В) Диагностика үшін
С) Емдеу үшін
D) Қосымша ем
E) Салудың маңыздылығы жоқ
8. Туберкулез емінде қолданылатын негізгі дәрі:
А) Этамбутол
В) Димедрол
С) Жүрек гликозидтері
D) Нитрофурандар
E) Пирантел
9. Туберкулез ауруы бойынша қолданылатын бұйрық:
А) № 741 19.12.07ж
В) № 466 27.07.07ж
С) № 64 26.12.08ж
D) № 476 23.04.02ж
E) № 270 26.06.95ж
10. Балалардағы туберкулезде жиі зақымданады:
А) Сүйек, буындар
В) Бүйрек
С) Өкпе
D) Сір қабаттары
E) Бауыр
11. Манту сынамасы егіледі:
А) Тері астына
В) Бұлшық етке
С) Тері ішіне
D) Көктамырға
E) Санға
Тест сұрақтарының жауаптары:
1 – Е; 2 – В; 3 – А; 4 – С; 5 – С; 6 – В; 7 – А; 8 – А; 9 – В; 10 – С; 11 – С.
ІІ. Сұрақтардың сәйкес жауаптарын табу.
Туберкулездің түріне байланысты симптомдарын тап:
Туберкулездің түрі
|
Симптомдар
|
Туберкулезді жұқпа
Туберкулезді улану
Жергілікті түрлері
|
жиі жөтелу;
буынның ауруы
ашулану;
улану белгілері;
«көп көріп, аз есту»;
буынның салқын қабынуы
клиникалық белгілері жоқ, бірақ Манту нәтижесі оң
|
Жауабы: 1 – G; 2 – C, D; 3 – A, B, E, F.
ІІІ. Сұрақтарға жауап беру:
Туберкулезге тән клиникалық белгілерді ата.
Туберкулездегі диета ұйымдастыру ерекшеліктері қандай?
Туберкулездің арнайы алдын алу мерзімдері қандай? Немен және қалай жүргізіледі?
ІV. Жағдаяттық есептерді шығару.
Жағдаяттық есеп № 1
Туберкулезбен ауыратын баланың тумалары баланы тамақтандыру жөнінде көмек сұрады. Ауыратын қыз баланың тәбеті өте төмен.
Науқас баланың тумаларының шеше алмаған мәселесі не?
Осы мәселені шешу мақсатында мейірбикелік араласудың (МА) жоспары және оның орындалу кезеңдерін ұйымдастыр.
№ 1 – есептің жауабы:
Туберкулезбен ауыратын науқастың диетасын қалай ұйымдастыруды тумалары білмейді.
Осы мәселені шешу мақсатында мейірбикелік араласудың (МА) жоспары және оның орындалуы.
Достарыңызбен бөлісу: |