Мейірбикелік араласудың жоспары
|
Негізделуі
|
1. Науқасты сарғайғаннан бастап 21 күнге оқшаулайды. Вирусты гепатиттің сарғаюсыз дамитын түрінде – аурудың басталған уақытынан 30 күнге оқшаулайды.
|
Жұқпаның таралуына жол берілмейді.
|
2. Науқастың нәжісін заласыздандыру.
|
А және Е вирусты гепатиті – нәжіс - ауыз жолы арқылы жұғады
|
3. Іс – шараларды бір рет қолданылатын құрал – саймандармен жүргізу.
| |
4. Науқасқа сусынды көп ішкізу
| |
5. Балаға №5 үстел тағайындалады. Мал ақуызы, майлы, ащы, тұзды тағамдар, кептірілген еттер, тұздықтар,экстрактивті заттар шектеледі.
|
Диета сақтау бауыр асқынуларының алдын алады.
|
5. Оптимальды қозғалыс режимін сақтау (улану белгілері болса – төсек режимі, ауруханадан шыққанға дейін жартылай төсек режимі, шыққаннан кейін жеңіл қозғалыстағы режим)
| |
6. Баланы жарақаттан сақтандыру
| |
7. «Зиянсыз жыныстық қатынас» туралы саитарлық – ағарту жұмыстарын жүргізу.
|
Жыныстық жолмен жұғатын вирусты гепатиттердің алдын алады.
|