БІР ЖАС ІШІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ- ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ 2
ДАБЫЛ БЕЛГІЛЕРІ 1. Ересек адамның бет-жүзіне, түсі ашық затқа көз тоқтата алмау;
2. Баяу қозғалыстағы затты көзбен бақылау қимылдарының болмауы;
3. Бала түсі ашық заттарға қол созбайды, тура алдына қойыл- ған ойыншықтарды ұстамайды.
КӨРУ ҚАБІЛЕТІНІҢ ДАМУЫ Бала туа салысымен миы қалыпты дамуы үшін ол сан-алуан көру бейнелерінің көмегімен ынталандырылуы тиіс.
Жаңа туылған нәресте жарықты сезеді, басын жарық көзіне бұруға тырысады. Өмірінің бірінші аптасы аяғына таяғанда сәби көзін анасының бет-жүзіне тоқтатып, қарай алады.