1913-1919 жылдар аралығында ресми түрде Темір уезінде бөлімшелік дәрігер болып
қызмет атқарды. 1920 жылдан бастап Ташкенттегі халық ағарту институтында оқытушы
болып және Орта Азия Университеті медицина факультетінің ауруханасында ординатор
қызметтерін қатар атқарды.
1921 жылы Түркістан республикасы Ғылыми комиссиясының төрағасы, 1922 жылдан
бастап Денсаулық сақтау Халық комиссариатының коллегия мүшесі, 1924 жылдың
қарашасынан бастап Денсаулық сақтау Халық Комиссариатының Емдеу-Санитарлық
бөлімінің меңгерушісі, осы жылдың 18 сәуірінен бастап оба індетіне қарсы күресу
Орталық Комиссиясының төрағасы жұмыстарын атқарды. 1927 жылы доцент, 1929 жылы
профессор құрметті атақтары берілді.
«Қызыл террордың» салдарынан 1930 жылы 14 қыркүйекте Воронеж қаласына жер
аударылды. 1935 жылы 15 қыркүйекте, жазасын өтеп болғасын, осы қалада дәрігерлердің
білімін жетілдіру институтында сабақ беріп, қалалық емхананың лабораториясын
басқарды.
1937 жылдың зұлматы Халелді 1938 жылы 28 шілдеде тұтқындап, 1939 жылы 23
көкекте Алматы қаласында ату жазасына үкім шығарды.
Халел Досмұхамедұлы 20-ғасырдың жиырмасыншы жылдары Қазақстанның
батысын жайлаған оба ауруына қарсы жан аямай күрес жүргізді. Ол Ілбішін, Темір,
Тайсойған аймағының, халқын оба індетінен түгел қырылып қалу қаупінен аман алып
қалуға зор үлес қосты. «Қазақ» газетінің беттерінде түрлі аурулардан сақтанудың
шаралары, әр дерттің өзіне тән белгілері, емделу жолдары мен қолданылатын дәрі-
дәрмектердің түрлері жөнінде егжей-тегжейлі мағлұматтарды берген ондаған мақалалары
жарық көрді.
Қазақстанда ең алғаш балалар мекемесі 1879 жылы Верный қаласында ашылған
жетім және өмір сүруге қаражаты жоқ ата-аналардың балалары үшін ашылған баспана (үй)
болды. Ол 1888 жылы император Марияның мекемелерінің қарамағына берілді. 1890
жылдың 1 ақпан айында онда 7 ер бала, 26 қыз бала тәрбиеленетін еді.
Қазан төңкерісінен кейін Кеңес үкіметі көптеген шешімдер қабылдап,
Достарыңызбен бөлісу: