5-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу негіздері 1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеуді:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) уәкілетті орган;
3) өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдар осы Кодексте белгіленген
құзыреті шегінде жүзеге асырады.
2. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу:
1) медициналық, фармацевтикалық қызметті мемлекеттік бақылау және мемлекеттік
санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау;
2) медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау;
3) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу;
4) денсаулық сақтау саласындағы аттестаттау;
5) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техни-
каны, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін
мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу деректемесіне өзгерістер енгізу;
6) денсаулық сақтау саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін
қызметтердің) техникалық регламенттерде, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда
және шарттар талаптарында белгіленген талаптарға сәйкестігін растау;
7) дәрілік заттардың және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары көрсететін
медициналық қызметтердің бағаларына мемлекеттік реттеу жүргізу жолымен жүзеге
асырылады.