6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын
әзірлейді;
2) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық
актілерді шығарады;
3) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру
тәртібін бекітеді;
4) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу тәртібін айқындайды;
5) медициналық және фармацевтикалық қызметтің біліктілік талаптары мен оны
лицензиялау тәртібін бекітеді;
6) орталық және жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау мәселелері
жөніндегі қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
7) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің
тізбесін бекітеді;
8) азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын
қамтамасыз ету
тәртібін айқындайды;
9) төтенше жағдайлар кезіндегі халыққа медициналық көмектің тәртібін, түрлері мен
көлемін айқындайды;
10)