әкелу жағдайларын айқындайды;
24) клиникалық базалар тізбесін бекітеді;
25) анатомиялық сый жасау және оны денсаулық сақтау ұйымдарына беру тәртібі мен
шарттарын бекітеді;
26) Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және Әскери-дәрігерлік
сараптама органдары туралы ережені бекітеді;
27) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен
қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьюторды айқындайды;
28) Қазақстан Республикасының
Конституциясында , заңдарында және Қазақстан
Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы лицензиялау, аккредиттеу және аттестаттау 13-бап. Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау Медициналық және фармацевтикалық қызмет Қазақстан Республикасының
лицензиялау туралы
заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялауға жатады.