1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген
көлемін көрсету жөніндегі
шығындарды өтеуге;
2) денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды іске асыруға;
3) денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жағынан жарақтандыруға;
4)
дәрілік заттарды,
орфандық препараттарды,
қан мен оның компоненттерін,
вакциналарды және басқа да медициналық иммундық-биологиялық
препараттарды,
сондай-ақ медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алуға;
5) инфекциялық аурулардың көріністері мен эпидемияларын жоюға;
6) медицина және фармацевтика кадрларын даярлауға, олардың біліктілігін арттыру
мен қайта даярлауға;
7) медицина ғылымының жетістіктерін дамытуға және енгізуге;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен
тыйым салынбаған өзге де
шығыстарға бағытталады.
2. Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет
қаражаты есебінен өтеу
тәртібін
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
3. Шығындарды өтеу көрсетілген медициналық
көмектің сапасы мен көлеміне
уәкілетті орган жүзеге асыратын бақылау нәтижелері ескеріле отырып жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: