6-тарау. Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру 23-бап. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көздері 1. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көздері:
1) бюджет қаражаты;
2) ерікті сақтандыру қаражаты;
3) ақылы қызметтер көрсетуден алынған қаражат;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер болып
табылады.
2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін
медициналық қызметтерге арналған
тарифтерді қалыптастыру мен шығындарды жоспарлау әдістемесін уәкілетті орган айқындайды.
3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған
шығындарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге
асырылады.
24-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыру нысандары Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау
ұйымдарын қаржыландыру:
1) мемлекеттік медициналық мекемелер үшін – жеке-дара қаржыландыру жоспары
бойынша;
2) мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, денсаулық сақтау ұйымдары үшін –
бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен шарт негізінде жүзеге асырылады.