27-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың принциптері Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру мынадай:
1) басқарудың барлық деңгейлеріндегі әкімшілік процестерді стандарттау мен ресми-
лендіру, денсаулық сақтауды басқарудың бірыңғай саясатын әзірлеу мен іске асыру;
2) денсаулық сақтау және ақпараттандыру саласындағы халықаралық стандарттарды
кеңінен пайдалану;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолжетімділігі шектелген
электрондық ақпараттық ресурстарды қоспағанда, денсаулық сақтау органдары мен
ұйымдарының қызметі туралы ақпаратты қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға
еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету;
4) жариялы таратылуының міндетті сипаты белгіленген электрондық ақпараттық
ресурстарды берудің уақтылығы, оның объективтілігі, толықтығы және дәйектілігі;
5) денсаулық сақтаудың ақпараттық ресурстары деректерінің сақталуы мен
құпиялылығын қамтамасыз ету;
6) әрбір пациент туралы ақпараттық ресурстарды персоналдауды және пациенттің
персоналдық ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;
7) медициналық ақпараттың пациентпен ілесе жүруін қамтамасыз ету принциптеріне
негізделеді.