Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Тәуелсіз сарапшылар тарту тәртібін



Pdf көрінісі
бет19/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Тәуелсіз сарапшылар тарту тәртібін
 уәкілетті орган белгілейді.
5. Аккредиттеуді уәкілетті орган не уәкілетті орган аккредиттеген ұйым жүргізеді. 
6. Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеуді жүзеге асыратын орган (ұйым)
денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу жөніндегі тиісті комиссияларды құрады және
аккредиттелген субъектілер мен тәуелсіз сарапшылардың деректер банкін
қалыптастырады. 
Аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.
15-бап. Денсаулық сақтау саласындағы аттестаттау
1. Денсаулық сақтау саласындағы аттестаттау – денсаулық сақтауды мемлекеттік
басқарудың жергілікті органдары басшыларының, республикалық денсаулық сақтау
ұйымдары басшыларының және олардың орынбасарларының (медициналық білімі бар),
сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық
сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына ведомстволық бағынысты
мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының (бұдан әрі – аттестатталатын


адамдар) кәсіптік құзыретінің деңгейін айқындаудың кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын
рәсімі.
2. Уәкілетті орган денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органда-
ры, республикалық денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының және олардың орынба-
сарларының (медициналық білімі бар) кәсіптік құзыреттілігін аттестаттауды жүргізеді.
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық
сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары (бұдан әрі – денсаулық сақтауды
мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары) ведомстволық бағынысты мемлекеттік
денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының кәсіптік құзыреттілігін аттестаттауды
жүргізеді.
4. Уәкілетті орган мен денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті
органдары аттестаттаудың объективті және құзыретті түрде жүзеге асырылуы мақсатында
аттестаттау комиссияларын құрады.
5. Аттестаттау кезіндегі бағалаудың негізгі критерийі аттестатталатын адамдардың
өздеріне жүктелген міндеттерді орындау құзыреттілігі болып табылады.
6. Аттестатталатын адамдар әрбір келесі үш жыл өткен сайын, бірақ тиісті лауазымға
орналасқан күннен бастап бір жылдан кейін аттестаттаудан өтеді.
4-тарау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет