Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Болжамы: қолайлы. Диспансерлік бақылау



Pdf көрінісі
бет1116/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1112   1113   1114   1115   1116   1117   1118   1119   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Болжамы:
қолайлы.
Диспансерлік бақылау:
ЖИН-тен кейін алдын ала егулерді уақытша тоқтатады.
Нефротоксикалық препараттарды беруден сақтану керек және спорт сабақтарынан боса-
тады. Емдәм сақтау, кез келген аурулардан соң зәр анализін тапсыру. 2 апта бойы тоқсан
сайын фитотерапия жүргізіп тұрады. Қайталау болмаса 2 жылдан соң есептен шығарады. 
СИН-де науқас педиатр және нефролог есебінде тұрып, қаралады. Ересектер
емханасына аударғанға дейін есептен шығарылмайды. 
13.2.6. БҮЙРЕКТІҢ ТУА ПАЙДА БОЛҒАН ЖӘНЕ ТҰҚЫМ ҚУАЛАЙТЫН
АУРУЛАРЫ
Созылмалы бүйрек патологиясы бар науқастарда 22-35%-да бүйректің тұқым
қуалайтын және туа пайда болған аурулары анықталады

А.В Папаян мәліметтері бойынша балаларда зәр шығару жүйесінің кең тараған
ақаулары: бүйректің екі еселенуі – 1 : 150, бүйректің дистопиясы – 1: 800-1000,
таға тәрізді бүйрек – 1 : 400-500, түбекшенің дивертикуласы , несеп ағардың екі
еселенуі – 1: 150, қуықтың даму ақауы – 1: 40000-50000, жаңа туған нәрестелер
эписпадиясы – 1: 50 000. 
Гидронефроз 
– 
пиелоуретральды сегменттерде зәр ағысының бұзылуынан бүйрек
түбекше және тостағаншасының өршімелі, тұрақты кеңеюінен бүйрек паренхимасын
біртіндеп атрофияға алып келеді.
Туа пайда болған гидронефрозда пиелоуритральды сегменттің тарылуы (стенозы),
несепағардың, қақпақша кілегей қабаттарының гипоплазиясынан, қосымша тамырлардан
несепағардың шаншылуынан болады. Жүре пайда болған гидронефроз тастар, ісіктер, зәр
шығару жүйесінің зақымдануынан болады. 
Бүйрек паренхимасының атрофиясының айқындығына байланысты гидронефроздың
төрт дәрежесі болады:

І дәрежеде жинағыш жүйесі кеңейген, бірақ паренхима сақталған. 

ІІ және ІІІ дәрежеде паренхима көлемі азайған. 

ІV дәрежеде паренхима жойылып, бүйрек қызметін атқармайды. 
Гидронефроз
клиникасы
пальпациялағанда ісік тәрізді құрылым анықталып, іштің
ауырсынуымен, екіншілік пиелонефрит түрінде көрінеді. Ерте жастағы балаларда іштің
ұлғаюы, диспепсиялық құбылыстар, құсу, мазасыздық және пиелонефрит белгілерімен
басталады. Екі жақты гидронефрозда баланың физикалық дамуының қалыс қалуы
байқалады.
Диагнозды
УДЗ, экскреторлы урография және ренография, КТ мәліметтері
бойынша қойылады. 
127 КЕСТЕ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1112   1113   1114   1115   1116   1117   1118   1119   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет