Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1507/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1503   1504   1505   1506   1507   1508   1509   1510   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Жүрек аурулары
Мақсаты: Аурудың айқын клиникалық көрінісінің дамуын, процесстің өршуін, жүрек
жетіспеушілігінің дамуын болдырмау. 
Шаралар жоспары.
Негіздеу
1. Науқасқа және оның туыстарына 
ауруы жөнінде мәлімет беру

Науқастың мәлімет алуы құқығы қамтамасыз 
етіледі

Бала және оның туыстары орындалған барлық 
күтім шараларының мақсатын түсінеді
2. Балаға аз мөлшерден 4-5 реттік 
тамақтандыруды ұйымдастыру

Тамақтың қорытылуы үшін оттегі жұмсалады. 
Жүрек ауруларында оттегі тапшылығы 
байқалады, нәтижесінде бөліп тамақтану 
жүрекке жүктеме түсуін азайтады.
Бала көп мөлшерде тамақтанғанда көкеттің 
жоғары көтерілуі байқалады, ол жүрек қызметін 
қиындатады.
3. Балаға калийге бай тағамды көп 
мөлшерде беруді ұйымдастыру 
(картоп, орамжапырақ, аскөк, өрік, 
мейіз, ананас)

Калий жүрек қызметін жақсартады.

Ревматизм инфекциялы-аллергиялық ауру 
болып табылады
882


Ескерту: Ревматизммен ауыратын бала-
лар күтімін ұымдастыруда тағамынан 
облигатты аллергендерді алып тастайды
.
4. Баланың сұйықтық пен тұз 
шектелген тағам ішуін ұйымдастыру

Тұз организмде сұйықтықты жинақтайды

Сұйықтықтың жинақталуы қан қысымын 
жоғарылатады, ісіктердің, жүрек 
жетіспеушілігінің дамуына әкеледі
5. Аурудың жедел кезеңінде балаға 
төсектік режим ұйымдастырылады
кейін оны біртіндеп кеңейтеді

Асқынулардың, жүрек жетіспеушілігінің 
дамуын алдын-алу
6. Баланы таза ауамен қамтамасыз ету

Жүрек жұмысы бұзылғанда оттегі 
жетіспеушілігінің дамуы байқалады
7. Баланың басын төсекке жоғары 
көтеріп жатқызу

Жүрекке қанның келуі азаяды, нәтижесінде 
жүрекке түсетін жүктеме азаяды
8. Еңбек пен демалыс ұйымдастыр-
ғанда физикалық және эмоциялық
жүктемені шектеу

Жүректің кез-келген ауруында әлсіздік, енжар 
-лық, жұмысқа қабілетінің төмендеуі байқалады

Физикалық жүктеме АҚ жоғарлатады және 
жүрекке түсетін жүктемені көбейтеді, сосын 
қосымша оттегі жұмсалуын қажет етеді
9. Қосалқы инфекциялардың 
қосарлануының алдан алу шараларын
ұйымдастыру

Инфекциялардың қосарлануы аурудың 
өршуіне әкеліп соқтырады және науқастың 
жағдайын қиындатады
10. ТЖ, ЖСЖ және АҚҚ тұрақты 
түрде бақылау керек

Бұл көрсеткіштер аурудың ағымын бақылауға 
мүмкіндік береді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1503   1504   1505   1506   1507   1508   1509   1510   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет