Созылмалы гастриттер Мақсаты: Аурудың айқын клиникалық көрінісінің, өршу процессінің дамуына
жол бермеу. Науқасқа жайлы жағдай ұйымдастыру.
Мейірбикелік шаралар жоспары
Негіздеу
1. Науқасқа және оның туыстарына
ауруы жөнінде мәлімет беру
Науқастың мәлімет алуы құқығы қамтамасыз
етіледі. Бала және оның туыстары орындалған
барлық күтім шараларының мақсатын түсінеді
2. Аурудың фазасын есептей отырып
балаға аяушылық емдәм ұйымдасты-
ру керек (механикалық, химиялық,
термиялық )
Асқазанның қабынған кілегейінің тітіркенуі
азаяды
Процесстің өршу кезеңінде тағам аса
аяушылықпен ұйымдастырылуы керек
3. Балаға аз мөлшерден 4-5 реттік
тағамды ұйымдастыру
«Бөлшектеп» тамақтандыру асқазан-ішек
жолдарына түсетін жүктемені жеңілдетеді және
асқазанның кілегей қабатын тұз қышқылының
әсерінен қорғауды ұйымдастыру
4. Баланың күн тәртібін сақтауын
қатаң бақылау және ұйымдастыру
Күн тәртібін сақтауда тағам бір уақытта
қабылданады, нәтижесінде ол жақсы сіңіріледі
Күн тәртібі сергектік пен ұйқы кезеңдерін дұ-
рыс алмастыруды қарастырады, ол ауырсыну
синдромы мен процесстің өршуін тудыратын
шектен тыс жүктемені болдырмайды
5. Баланың эмоциялық жағдайын
қадағалау
Нервтік фактор созылмалы гастриттің, оның
асқынуының дамуын туғызатын факторлар
болып табылады
883