Қатқыл үрлеп жөтелу
(көмей, кеңірдек қабынғанда, круппта кездеседі). Құрғақ
азапты жөтел, сөйлегенде, жылағанда күшейеді, бронхит жаңа басталып келе жатқанда
кездеседі. Ылғалды жөтел – қақырық шыққанда, трахеобронхитте, бронхитте кездеседі.
Қақырық
– 5 жасқа дейінгі балалар қақырық түсіруді білмейді, кейін жұтып қояды.
Қақырық тыныс жолдарынан бөлінетін патологиялық зат, ол патологиялық заттардан басқа
аздап ауыз қуысы, жұтқыншақ, мұрын жолдарының, кілегей қабаттарының бөліндісінен,
кей кезде жұтқыншақ, иек, қызылиекте жабысып қалған тамақ қалдықтарынан, және
кейбір ауруларда қан мен іріңнен тұруы мүмкін.
Қақырық мөлшері әртүрлі болады. Өкпе демікпесінде өте аз, созылмалы
пневмонияда өте көп болады.
Құрамына байланысты қақырық, іріңді, кілегейлі, іріңді-кілегейлі, қан аралас
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |