ҚАРАУ.
Баламен танысып болған соң қарауға кіріседі. Терінің түсіне (боз, көкшіл),
қай жерде, өзгеріс барына (ауыз, көз айналасы), мұрын қырының үрленуі мен тартылуына,
мұрыннан секреция бөлінуіне, мұрын арқылы кедергісіз дем алуына көңіл аударылады.
Тұмау бар-жоғын анықтайды. Жедел респираторлы вирусты инфекциялы ауруда, кей-
кезде аллергиялық ринитте, мұрыннан серозды немесе кілегей-серозды сұйықтық бөлінуі
мүмкін. Қызылша, грипп және аденовирусты
аурулардың соңғы кезеңінде, гайморитте
мұрыннан кілегейлі немесе кілегейлі-іріңді сұйықтық бөлінеді.
Мұрын дифтериясында
қанды сұйықтық бөлінеді. Геморрагиялық диатезде, лейкозда, гипопластикалық анемияда,
мұрын полипінда, ревматизмде, мұрын ішіндегі тамыр өрімдерінің орналасуының ерекше
жағлайларында мұрын қанайды. Көңіл аударатын жағдай, әсіресе, ерте жастағы балаларда,
туа біткен мерез (сифилис) ауруында мұрынның кілегей қабығы созылмалы түрде
қабынып, нәрестенің дауысы қырылдап шығып, кұрғақ тұмау байқалуы мүмкін. 2-3 айға
дейінгі сәбилердің аузының бұрыштарында, тілінің астында
көпіршікті бөлінділер
байқалады. Бұл кішкене сәбилерде бронхиолит, пневмония белгілері болып келеді. Бұл
белгілердің пайда болуы қабыну экссудатының тыныс жолдарынан ауыз қуысына өтуіне
байланысты деп есептелінеді.
Мектеп жасына дейінгі балалар мен оқушылардың тамақ-мұрын бездері ұлғайғанда
олардың бет-әлпеті өзгереді: бозарып, ісініп тұрады, бала үнемі аузын жартылай ашып
жүреді.
Жиі ауыратын баланың (көкжөтел, созылмалы өкпе қабынулары) бет-әлпеті де
өзгеше болады:
беті бозарып, ісіңкі болады және қабақтары да ісініп тұрады (лимфа
айналасының бұзылуы әсерінен), еріндері көгеріп,
бет тамырлары шығып тұрады, тері
асты мен кездің қанталауы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: