Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет368/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Паренхиматоздық сарғаю.
Бауыр клеткалары зақымдалғанда, яғни вирусты
токсикалық гепатит, бауыр циррозы, сепсис ауруларында пайда болады. Баланың терісі,
кілегей қабықтары сарғайып, лимон тәрізді немесе қызғылт түсті болады. Нәжісі ағарып,
зәрі қара-қоңыр түстенеді. Паренхиматозды сарғаюда, қанда байланыспаған билирубиннің
есебінен, жалпы билирубин көбейеді. Зәрдегі уробилиннің мөлшері көбейіп, нәжістегі
стеркобилин азаяды.
Механикалық сарғаю 
— өт жолдары ісікпен немесе үлкейген лимфа түйіндерімен
басылып қалғанда, өт жолдарының атрезиясында өт жолдарында ұсақ тастар қалғанда, өт
қабы қабынғанда байқалады. Қанда байланысқан билирубин көбейеді. Несепте
байланысқан билирубин пайда болады да, уробилин болмайды, нәжісте стеркобилин
болмайды, не өте аз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет