жоғарыдан төмен қарай іштің ортаңғы сызығының бойымен жүргізіледі. Алдын ала
қуықты босатып алу керек. Іш шемені пайда болғанда, іш қуысынын төменгі жағында
тұйық дыбыс естіледі.
Бауыр мөлшерін анықтау үшін Курлов М. Г. әдісі қолданылады. Бұл әдіс 7 жастан
бастап қолданылады және үш мөлшер анықталады
(82 сурет).
Бауырдың жоғарғы
шекарасы, өкпенің төменгі шекарасына сәйкес келеді. Орта бұғана сызығы бойымен,
тыныш перкуссиямен, бауырдын жоғарғы тұйықтылығы анықталады. Ол қалыпты
жағдайда IV қабырғада орналасады. Осы жерге бірінші нүкте қойылады
(82 сурет).
Содан
кейін осы сызық бойымен, кіндік деңгейінен бастап, төменнен жоғары
(83 сурет),
айкын
дыбыстан тұйық дыбысқа қарай, айқын тұйық дыбыс пайда болғанша перкуссия жасайды.
Осы жерде екінші нүкте белгіленеді. 1-2 нүктенің арасы
(82 сурет)
бірінші мөлшер, яғни
бауырдың оң бөлігінің мөлшері. Қалыпты жағдайда 9 см. Үшінші нүкте ортанғы сызық
бойына семсер тәрізді өсіндінің негізіне қойылады. Содан кейін кіндіктен бастап, ортаңғы
сызық бойынша тұйық дыбыс пайда болғанша перкуссия жасайды.
Осы жерге төртінше нүкте қойылады. 3 және 4 нүктелер арасы бауырдың ортаңғы
бөлігінің мөлшерін сипаттайды. Бұл екінші мөлшер қалыпты жағдайда 8 см болады.
Үшінші нүктеден бастап сол қабырға доғасы бойынша тимпаникалық дыбыс пайда
болғанша, перкуссия жасалады. Бұл 3 және 5 нүкте аралағы үшінші мөлшер, бауырдың
сол бөлігінің ұзындығын көрсетеді (7см).
Әдетте, Курлов тәсілі бойынша бауырдың мөлшерін анықтау тек қана ересек
балаларда (5-7 жастан үлкен) мүмкін болғандықтан, орта бұғана сызығы, төс маңындағы
және орта сызығы бойынша жоғарғы және төмен шектерінің ара қашықтығын анықтау
маңызды болып келеді.
Бұнда бауырдың жоғарғы шегі оң жақ өкпесінің төменгі шегіне сәйкес келеді. Ал,
бауырдың төменгі шегі жоғарғы көрсетілген сызықтар бойымен төменнен жоғары қарай
анықталады. Бұл тәсіл бауыр мөлшерінің әртүрлі ауруларында тез өзгеріп тұруын ұқыпты
қадағалауға өз әсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: