Бензидин сынамасы.
Бала 3 күн бойына ет, томат, өсімдіктерінің көк бөлігін, алма
сияқты құрамында темір және ауыр металлдар бар жемістер және дәрілер қабылдамауы
керек. Нәжісті жұқа етіп шыныға жағып бірнеше тамшы бензидин ертіндісін қосады.
Бензидин ертіндісін (10 мл 50 % сірке қышқылының ертіндісіне 0,1
г
бензидин ерітіледі)
нәжіске қосар алдында оның 2мл 3% сутектің асқынған тотығының ертіндісімен
араластырады. Нәжістің құрамында қан болса қоңыр-жасыл көк түске боялады. Бұл
сынама асқазанның, және ұлтабардың жарасында, геморрагиялық диатезде, энтероколитте
және т.б. ауруларда оң нәтижелі болады.
Өт пигменттеріне (билирубин, стеркобилин) реакция гемолитикалык немесе
обтурациялық сарғаюлардан айыру үшін қойылады. Нәжістің кішкене бөлігін алмастың
(1кг алмас (сулема) 100 мл суда ерітіледі) қаныққан ертіндісімен араластырады. Нәжісте
билирубин көп болса, ыдыстың түбіндегі тұнба жасыл түске, ал стеркобилин ашық қызыл
түске боялады. Демек, сарғаю гемолитикалық болғаны. Обтурациялық сарғаюда нәжіс
түссізденеді де, стеркобилин анықталмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |